Конкурс атауы: 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс.

Жоба жетекшісіні: Кумаргажанова Сауле Кумаргажановна, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор.

Идентификаторлар:

Жобаның зерттеу тобы

Т. А. Ә. Жоба бойынша лауазымы ResearcherID, ORCID, Scopus Author ID идентификаторы (болғандағы)
1 Смаилова Сауле Сансызбаевна Аға ғылыми қызметкер

Scopus Author ID: 55645191800
ORCID https://orcid.org/0000-0002-8411-3584

2 Конурбаева Жадыра Тусупкановна Аға ғылыми қызметкер Scopus Author ID: 56896041200,
https://orcid.org/0000-0002-6457-392X
3 Тлебалдинова Айжан Солтангалиевна Ғылыми қызметкер

Scopus Author ID: 56825933500
https://orcid.org/0000-0003-1271-0352

4 Уркумбаева Алия Муратовна Ғылыми қызметкер  
5 Сейтахметова Жанат Маратовна Ғылыми қызметкер

Scopus Author ID: 57220814997
https://orcid.org/0000-0002-2312-989X

6 Федькин Евгений Михайлович Ғылыми қызметкер Scopus Author ID = 57383273200
7 Сыдыкова Айжан Мукатаевна Кіші ғылыми қызметкер  
Жас ғалымдар (40 жасқа дейін + оқытушылар (студенттер, магистранттар))

ТАӘ

Жоба бойынша лауазымы

ResearcherID, ORCID, Scopus Author ID идентификаторы (болғандағы)

Ескерту (ПОҚ, студент, магистрант, докторант)

1 Сулейменова Лаура Рахметоллановна Аға ғылыми қызметкер

https://orcid.org/0000-0002-0290-6290, Scopus Author ID: 57160209000

Оқытушылық-профессорлық құрам

2 Рақышева Мадина Аділханқызы Кіші ғылыми қызметкер

 

Оқытушылық-профессорлық құрам

 

Жобаның аңдатпасы:

Қазіргі білім беру цифрландыру бағытында қарқынды дамып келеді. Ақпараттық технологиялардың дамуы оқу үдерісінің маңызды құрамдас бөлігіне айналады. Жинақталған деректердің үлкен массивтері ғылыми-білім беру қызметіне, әлеуметтік белсенділікке, мансаптық өсуге, жинақталған құзыреттерге жан-жақты талдау жасауға мүмкіндік береді.

Бұл жоба Цифрлық орта жағдайында дербестендірілген оқытуды ұйымдастыру үшін онтологиялық тәсіл негізінде білім алушының цифрлық сәйкестілік моделін қалыптастырудың ғылыми негізделген тәсілдерін әзірлеуді көздейді.
Жобаның мақсатына жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

  • "Цифрлық сәйкестілік" ұғымының теориялық және практикалық аспектілерін зерттеу және талдау;
  • "Цифрлық профильді" құру кезінде білім алушының цифрлық бірегейлігінің (академиялық, зерттеушілік, қызметтің әлеуметтік салалары) негізгі сипаттамаларын айқындау үшін эмпирикалық зерттеу жүргізу;
  • жеке траекторияны қалыптастыру үшін оқытылатын курстардың қалыптасқан құзыреттері мен нәтижелеріне негізделген цифрлық ортада оқытудың онтологиялық моделін құру;
  • цифрлық орта үшін оқыту материалдарын қалыптастыру әдістемесін әзірлеу;
  • кәсіптік орта (стэкхолдерлер, еңбек нарығы) талаптарын ескере отырып, оқыту нәтижелері мен қалыптастырылған құзыреттерді бағалаудың зияткерлік моделін құру;
  • цифрлық сәйкестілік моделіне негізделген білім алушының әмбебап профилін әзірлеу;
  • "Цифрлық профиль" жүйесінің прототипін әзірлеу.

Жобаның нәтижесі ҚР жоғары оқу орындарында студенттік орталықтандырылған және үздіксіз білім беру шеңберінде білім алушының цифрлық сәйкестігін басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздері түрінде ұсынылатын болады.

Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы білім алушының кәсіби ортасы мен цифрлық бейінінің талаптарын ескере отырып, оқытудың жеке траекториясын қалыптастырудың онтологиялық моделін, оқыту нәтижелерін бағалау моделін және қалыптасқан құзыреттерді әзірлеу болып табылады. Цифрлық бейінді құру цифрлық университет экожүйесінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірін іске асыруға мүмкіндік береді.

Негізгі күтілетін әлеуметтік-экономикалық нәтиже цифрлық экономика жағдайында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау тиімділігін арттыру болып табылады.

Мақсаты:

Заманауи ақпараттық технологиялар негізінде кәсіби орта мен еңбек нарығының талаптарын есепке ала отыра, дербестендіруге негізделген білім алушының цифрлық сәйкестігін құру арқылы мамандарды даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік беретін цифрлық ортадағы білім беру үдерісін басқарудың әдіснамалық негіздерін әзірлеу

Жобаның күтілетін нәтижелері және алынған нәтижелері:

Жыл Зерттеу бойынша алынған нәтижелері.
Жарияланымдар (оларға сілтемелері бар) мен патенттер; әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат

2023 жыл

Жоғары оқу орындарында цифрлық сәйкестікті қалыптастыру үшін шет мемлекеттердің тәжірибесі жүйеленді. Заманауи білім беру және ақпараттық технологиялар бойынша «білім алушының цифрлық сәйкестігі» тұжырымдамасының негізгі теориялық аспектілері зерттелініп, талдау жасалды.

Білім алушылардың цифрлық сәйкестілігінің негізгі сипаттамаларын анықтау бойынша сараптамалық сауалнама әзірленді. Сауалнама нәтижелерін талдау негізінде Цифрлық профильді қалыптастыру үшін білім алушының сипаттамаларының негізгі жиынтығы белгілі болды.

Жоғары оқу орындары түлектерінің құзіреттілігіне нарық талаптарының толықтай ескерілуін қамтамасыз ету үшін «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша оқу процесінің онтологиясы әзірленді.

Оқытудың дербес бағытын құру үшін цифрлық ортада білім берудің онтологиялық моделін құру кезінде қолданыстағы білім беру бағдарламаларында жазылған құзыреттер және кәсіптік стандарттарда көрсетілген еңбек нарығының талаптары да ескеріледі.

Жарияланымдар:

  • Кумаргажанова С.К., Смаилова С.С., Ракышева М.А. Исследование и анализ теоретических аспектов понятия цифровой идентичности обучающегося // III Международная научная конференция по междисциплинарным исследованиям: сборник статей. Екатеринбург: ООО «Институт цифровой экономики и права», 2023. С.119-123 https://www.elibrary.ru/item.asp?id=54605989&pff=1.
  • L.R. Suleimenova, S.K. Kumargazhanova, A.S. Tlebaldinova, Zh.T. Konurbayeva, S.S. Smailova, A.M. Urkumbayeva. Application of ontological modeling in the problems of knowledge management in a modern university // Bulletin D. Serikbayev of EKTU - №4 – 2023. P.335-342 DOI 10.51885/1561-4212_2023_4_335.
  • L. Suleimenova, S. Kumargazhanova, S. Smailova, M. Yussubaliyeva. An ontological model for the formation of a personal learning trajectory based on a competency-based approach // Proceedings of The Global Conference on Education. Vol. 1 No. 1 (2023). https://proudpen.com/proceedings/index.php/gcedu

Инфографика