Рахметуллина Сауле Жадыгеровна
Рахметуллина С. Ж. техникалық ғылымдар кандидаты, «2014 жылдың үздік оқытушысы» атағының иегері.
Ол 1991 жылы «Механика және қолданбалы математика» мамандығы бойынша Новосібір Мемлекеттік университетінің қолданбалы математика факультетін бітірді.
2004 жылдан бастап ШҚМТУ аспирантурасында оқыды, бітірген соң «Ақпараттық жүйелер» кафедрасында аға оқытушы, доцент болып жұмыс істеді, кафедра меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
2012 жылы математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды, Ситуациялық-талдамалық орталығын, Стратегиялық даму және мониторинг департаментін басқарды.
Ғылыми мүдделерінің саласы - күрделі үдерістерді модельдеу, мониторингтің ақпараттық жүйелерін әзірлеу, ол 6 мемлекеттік бюджеттік және 3 шаруашылық келісім ҒЗЖ-на қатысты, соның ішінде, екі жоба РҒА СБ есептеуіш математика және математикалық геофизика Институтымен бірге орындалды.
Ол жоғары білім беру сапасын көтеруге бағытталған халықаралық жобаларға белсенді қатысады, «Quality of Engineering Education in Central Asia ТЕМПУС жобасының координаторы, «РIСТЕТ: EQF – based professional ICT training for Russia and Kazakhstan жобасы жұмыс тобының мүшесі болды, Назарбаев университетінде«Professional Development Program for Higher Education leaders of Kazakhstan» біліктілікті көтеру курсын өтті.
2017 жылы оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректордың міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.
2017 ж. 30 қарашадан бастап ҚР БжҒМ бұйрығы бойынша оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі Проректоры болып тағайындалды.
Қабылдау бөлмесінің: 8 (7232) 57-89-12
Қабылдау бөлмесінің: [email protected]