Өндірістік кәсіпорындардағы еңбек физиологиясы мен психологиясы және эргономика

Бондарева Тамара Григорьевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Еңбек физиологиясы және психологиясы пәні – бұл еңбек етудің әсерінен адам организмінің функционалдық жағдайының өзгеруін зерттеуге және адамның жұмысқа қабілеттілігінің ұзақ уақыт жоғары деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік беретін, еңбек ету үрдісін ғылыми түрде ұйымдастырудың психофизиологиялық тұрғыдан негіздеуге арналған физиология мен психология ғылымының арнайы бөлімі. Эргономика - «адам-техника-қоршаған орта» жүйесінде туындайтын проблемаларды зерттейтін және оларды оператор еңбек жұмысын оптимизациялау мақсаты барысында оған қолайлы қауіпсіз жағдайлар жасау, яғни осы арқылы өнімділікті көтеру, денсаулықты сақтау және еңбек өнімділігін сақтау шараларын атқаратын ғылым Адам туралы тиымдар жүйесінде эргономикамен инженерлі психологияны оқыту, студенттерді эргономика және инженерлі психологияның аспектілер мен таныстыру «адам – машина – орта», «адам – бұйым» жүйелеріндегі оның орнының мүмкіндігін және мінездемесін оқыту.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Радиациялық қауіпсіздік негіздері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Еңбек физиологиясы және психологиясы пәнін оқыту барысында еңбек етудің әсерінен адам организмінің қызметтік күйінің өзгеруін және адамның жұмыскершілігінің ұзақ уақыт жоғары деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік беретін жолдарды оқытып үйрету, еңбек ету үрдісін ғылыми түрде ұйымдастырудың психофизиологиялық тұрғыдан негіздеуге арналған физиология мен психологияның арнайы бөлімімен студентерді таныстыру. - еңбек физиологиясы және психологиясы пәнінің оқыту мақсаты осы ілім саласының қазіргі кездегі дамуын және күйін түсіндіру болып табылады. Болашақ маманды неғұрлым адам мүмкіндігіне сай келетін және оның денсаулығын сақтайтын және көп уақыт жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нәтижелі, сенімді және қауіпсіз еңбек процесстерін жасауды үйрету пәнді оқытудың мақсаты болып табылады.
Міндет
  • Адам организмінің күйін, оның физикалық және ой әрекетін сипаттайтын жалпы физиологиялық заңдылықтар бойынша білім беру; - өндірістік қызметтің нақты түрлерін бағалауға арналған қазіргі кезгі әдістерді практикада пайдалану және қолданып білу; - еңбекті тиімді ұйымдастыруға , еңбек қызметінің қажеттілігіне байланысты қоғамдық таңдауды ескере отырып, қоғамдық өндірістің қажеттілігін, сондай-ақ адамның жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып еңбек қызметін ғылыми негізделген түрде таңдауға арналған психофизиологиялық сипаттамаларды практикаға енгізу. Адам туралы тиымдар жүйесінде эргономикамен инженерлі психологияны оқыту, студенттерді эргономика және инженерлі психологияның аспектілер мен таныстыру «адам – машина – орта», «адам – буйым» жүйелеріндегі оның орныңың мүмкіндігін және мінездемесін оқыту. Өндіріс барысындағы эргономиканың қурстық жұмысы - жұмыс орнын жобалау, өндірістік құрал, басқару органы, ақпарат көрсетудің визуалды мүмкіндіктері мен видеотерминалды жұмыс орындарының эргономикалық шешімдердің өңделуін қарастырады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Адам ағзасының жалпы физиологиялық заңдылықтарын, оның іс әрекетінің мүмкіндіктерін, физикалық және ақыл ойлық қабілетін білу, адам организмінің күйін, оның физикалық және ой әрекетін сипаттайтын жалпы физиологиялық заңдылықтарын беру; - өндірістік қызметтің нақты түрлерін бағалауға арналған қазіргі кезгі әдістерді практикада пайдалану және қолданып білу; - еңбекті тиімді ұйымдастыруға , еңбек қызметінің қажеттілігіне байланысты қоғамдық таңдауды ескере отырып, қоғамдық өндірістің қажеттілігін, сондай-ақ адамның жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып еңбек қызметін ғылыми негізделген түрде таңдауға арналған психофизиологиялық сипаттамаларды практикаға енгізуді меңгеру
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Пәнді оқып меңгергеннен алған білімді дипломдық жоба орындағанда және мамандықтық қызметін орындағанда өндірісте қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жұмыс орнын басқару жүйесін, эргономикалық талаптарға сай келетін еңбек жағдайын жобалау. Құрылғылардың сапасына эргономикалық баға беру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Мамандықтық іс әрекет аясында коммуникативті құралдарда жұмыс істеудің дағдыларын меңгеру, сауатты түрде өз кәсіби міндеттерін атқару
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Өзінің зияткерлік дамуын, мәдени деңгейін көтеру, кәсіби деңгейін дамыту әдістер мен құралдарын қолдана біледі, физикалық өзін өзі дамыту; еңбекті тиімді рационалды ұйымдастыру жағдайлары мен жүйесін біледі, еңбекке қабілеттілікті жоғары деңгейде сақтау факторларын білу
Негізгі әдебиет
  • 1 Жарықбаев Қ. Б. Еңбек психологиясы негіздері : оқулық- Алматы : Эверо, 2005. - 462 б. 2 Боброва-Голикова, О.М. Мальцева Эргономика и безопасность труда. М.: Машиностроение, 2000. - 112с. 3 Дишпорлева М.А и др. Психология труда и инженерная психология.Уч.пособие,ЛГУ,1979 4 Основы инженерной психологии. Уч.пособие /Б.А Душков, Б.Ф Ломов,В.Ф.Рубакин и др.-М.; Высш.шк.,1986 5 Полежаев Е.Ф., Макушин В.Г Основы физиологии и психологии труда-М.;1974