Жерге орналастыру және кадастрдағы ландшафты жобалаудың жерге орналастырулық аспектілері
Тогузова Маржан Мельсовна
Сипаттама: Пән ландшафтты жобалаудағы ландшафттардың жіктелуін, адам қызметінің ландшафтын өзгерту дәрежесін, жерге орналастырудағы және кадастрдағы ландшафттық жобалаудың объектісі ретінде табиғи және жасанды ландшафттарды, сондай-ақ ландшафттық жобалаудың негізгі объектілерін оқытудан тұрады.
Кредиттер саны: 6
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 90 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Жерге орналастыру және кадастрдағы ландшафтық жобалау облысындағы магистранттардың алған білімі, жаңа нысанды құрастыру немесе қолданыстағы нысандарды реконструкциялаудың мүмкіндігін ұсынуды меңгеру.
Міндет
- Магистранттардың жерге орналастыруды жобалау мәселелерін шешу барысындағы экологиялық ой-санасын дамыту; - шаруашылық ҚОӘБ және басқа да әрекеттерді жүргізудің мақсаты туралы ұсыныс беру, ҚОӘБ әдісін оқыту; - шаруашылық әрекеттердің қоршаған ортаға әсерінің түрлері мен типтерімен таныстыру; - жерге орналастыруды жобалаудың нормативті-құжаттық базаларынмен таныстыру; - ландшафт жағдайының, олардың компоненттерінің қалыптасуы және бағалау жүйесі мен принципі туралы ұғым беру; - жерге орналастыруды жобалау негізін, жерге орналастыру мен кадастрдағы геоэкологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, қабылдау; - жобалық –ізденіс жұмыстарын орындау; жерге орналастыруды жобалау, жерге орналастыру және кадастр саласындағы мәселелер мен іс-жүзіндік тапсырмаларды шешу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Жерге орналастыру және кадастр облысындағы ісжүзіндік мәселелер мен тапсырмаларды шешу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Өзінің өмірлік маңызды философиялық мәселелерін аргументті және ерікті түсіндіре білу қабілеті. Жерге орналастыруды жобалау облысында іс-жүзіндік әрекетінде және зерттеулері тәжірибесін критикалық бағалау, талдау және біріктіре білу қабіледі.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Мәдениетті ойлай білу, жалпылауға қабілеттілігі, талдау, критикалық ойлау, систематизация, болжау, мақсат қоя білу және оған жету жолы, жерге орналастыру аспектісін ландшафтық жобалауды қамту қабілеті.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Жерге орналастыруды жобалау жүйесінде, болжау жүйесінде, жерді тиімді пайдалануды жобалаудағы зерттеу және жобалауды ұйымдастырудағы дағдысын, икемін іс-жүзінде пайдалану қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Құқық принциптерімен негізгі функцияларын сипаттауға дайындығы және қабілеті, Жерге орналастыруды жобалау облысында құқықтық нормативті актыларды дайындау және пайдалану.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Кіріспе
- Қаладағы және табиғи ортадағы ландшафттардың өзгеруі
- Қолайсыз және бұзылған аумақтардың типологиясы
- Қолайсыз және бұзылған жерлерді ландшафтық игеру
- Табиғи және антропогендік қолайсыз аумақтарды ландшафтық игеру
- Қолайсыз және бұзылған аумақтарда ландшафт объектілерін құрудың шетелдік және отандық практикасы
- Тұрғын үй ортасын оңтайландырудың ландшафт аспектілері
- Ландшафтық-экологиялық тәсіл негізінде аумақты жерге орналастырудың ерекшеліктері
Негізгі әдебиет
- Дьяконов К. П., Дончева Л. В.Экологическое проектировагние и экспертиза: Учебник для вузов / К. Н. Дьяконов, Л В. Дончева. — М.: Аспект Пресс, 2005. - 384 с.
- Спектор М.Д. Земельные отношения и землеустройство.- Астана, 2005.
- Максимов В.А. Кадастровое зонирование, оценка и налогообложение земель. – Усть-Каменогорск: ВКГТУ, 2011.
- Аксянова Т.Ю., Козлова А.Н., Романова А.Б., Гановова Г.А. Ландшафтное проектирование. - Красноярск, 2003. -151 с.
- Теория ландшафтной архитектуры и методология проектирования / Сост.: О.В. Азарова // ФГБОУ ВО «Саратовский ГАУ». – Саратов, 2016. – 73с.
- Орлова И.В. Ландшафтно-агроэкологическое планирование территории муниципального района / И.В. Орлова; отв. ред. Б.А. Красноярова; Рос. акад. наук, Сиб. отд-ние, Ин-т водн. и экол. проблем. – Новосибирск: Изд-во СО РАН, 2014. – 254 с.