Кожахметов Ернат Абилхайырович |
|
Диссертацияның тақырыбы |
Термоциклдік сорбция кезінде Ti-Al-Nb жүйесі негізінде сорбциялық-белсенді материалдың құрылымдық-фазалық күйінің өзгеруі |
Отандық ғылыми кеңесші |
Скаков Мажын Канапинович, ф.-м.ғ.д., профессор, профессор, КазНАЕН академигі, ҚР ҰЯО РМК бас ғылыми қызметкері, Курчатов. Scopus Author ID: 6506859122, индекс Хирша 7. |
Шетелдегі ғылыми кеңесші |
Wieleba, Wojciech Kazimierz, т.ғ.д., профессор, Вроцлав ғылыми-техникалық университеті, Вроцлав, Польша. Scopus Author ID: 6506015512, индекс Хирша 5. |
Негізгі ғылыми нәтижелері |
1. Ti-Al-Nb жүйесіне негізделген материалдың бастапқы компоненттерінің құрамын есептеу жүргізілді; бастапқы ұнтақтардың гранулометриялық параметрлері анықталды; қатты фазалы механохимиялық синтез әдістері жасалды. Алынған мәліметтер негізінде Ti-Al-Nb жүйесі негізінде ұнтақ қоспасының механохимиялық синтезі жүргізілді, бұл бимодальды (B2 + O) құрылымды тығыздалған материалдарды алуға мүмкіндік береді. 2. Рентгендік фазалық анализдің және электронды микроскопиялық зерттеулердің көмегімен Ti-Al-Nb жүйесіне негізделген қорытпаның құрылымдық-фазалық күйінің эволюциясының ерекшеліктері, механоактивтеу және параллельді ұшқындату параметрлеріне байланысты, орнатылды. Алынған мәліметтер негізінде жоғары эксплуатациялық қасиеттер комплексі, соның ішінде жақсартылған сорбциялық қасиеттері бар Ti-Al-Nb жүйесінде негізінделген бимодальды ықшамдалған материалдарды синтездеудің оңтайлы шарттары анықталды. 3. Ti-Al-Nb жүйесіне негізделген гетер-фазалық материалдардың сорбциялық қабілеті мен құрылымдық-фазалық күйіне термоциклді сутектендіру / сутексіздендіру процестерінің әсерінің нәтижелері алынды. 4. Алынған мәліметтер негізінде Ti-Al-Nb жүйесіне негізіделген сутекті жинақтайтын материал алу технологиясын қолдану бойынша практикалық ұсыныстар берілді. |
Тікелей нәтиже |
Ti-Al-Nb жүйесі негізіндегі материалдарды механохимиялық синтездеудің әдісі бойынша пайдалы модельге Патент алынды «Сутегін жинақтауға арналған қайта зарядталатын интерметалдық қосылыстарды алу тәсілі» Кожахметов Е.А., Батырбеков Э.Г., Скаков М.К., Курбанбеков Ш.Р., Мухамеджанова Р.М., Мухамедова Н.М. № 5809, 29.01.2021. |
Ғылыми еңбектері |
1. Kozhakhmetov Ye., Skakov M., Wieleba W., Kurbanbekov Sh., Mukhamedova N. Evolution of intermetallic compounds in Ti-Al-Nb system by the action of mechanoactivation and spark plasma sintering. AIMS Materials Science Vol. 2, 2020. - Р. 182-191. DOI: 10.3934/matersci.2020.2.182. (ISI Web of Science пен Scopus индекстеледі, квартиль Q3, процентиль в Scopus 45 %). 2. Kozhakhmetov Ye., Skakov M., Mukhamedova N., Kurbanbekov Sh., Ramankulov Sh., Wieleba W. Changes in the microstructural state of Ti-Al-Nb-based alloys depending on the temperature cycle during spark plasma sintering. Materials Testing Vol. 63, № 2, 2021. – P. 119-123. DOI: 10.1515/mt-2020-0017. (ISI Web of Science пен Scopus индекстеледі, квартиль Q3, процентиль в Scopus 36 %). 3. Kozhakhmetov Ye.А., Skakov М.K., Kurbanbekov Sh.R., Mukhamedov N.M., Mukhamedov N.Ye. Powder Composition Structurization of the Ti-25Al-25Nb (at. %) System upon Mechanical Activation and Subsequent Spark Plasma Sintering. Eurasian Chemico-Technological Journal V. 23, 2021 – P.37‒44. DOI: 10.18321/ectj1032. (ISI Web of Science пен Scopus индекстеледі, квартиль Q3, процентиль в Scopus 24 %). ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған. 4. Кожахметов Е.А., Скаков М.К., Курбанбеков Ш.Р., Мухамедова Н.М. Водородаккумулирующие перезаряжаемые интерметаллические соединения на основе системы Ti-Al-Nb. ҚазҰТУ Хабаршысы Том 134, № 4, 2019, - Б. 455-459. ISSN1680-9211. https://vestnik.satbayev.university/index.php/journal/issue/view/47/46. ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған. 5. Мухамедова Н.М., Кожахметов Е.А., Скаков М.К., Мухамеджанова Р.М, Курбанбеков Ш.Р. Влияние механоактивации на образование орторомбической фазы в системе Ti-Al-Nb. ҚазҰТУ Хабаршысы Том 135, №5, 2019. - Б. 115-120. ISSN1680-9211. https://vestnik.satbayev.university/index.php/journal/issue/view/48/47. ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған. |
Хирш Индексі |
Scopus ID: 57221911547. ORCID ID: https://orcid.org/0000-0002-6778-1898. |
Қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жобалары |
1. «Ti-Al-Nb жүйесі негізіндегі сутекті сақтауға және тасымалдауға арналған перспективалық материалдарды зерттеу» тақырыбында «2021-2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту» ғылыми-техникалық бағдарламасы. Тапсырма (шифр: 02.04) - Тақырып жетекшісі. 2. «Термиялық өңдеудің әртүрлі температуралық-уақыттық параметрлерінің орторомбиялық титан алюминидіне негізделген қорытпалар қасиеттер комплексінің қалыптасуына әсерін зерттеу» тақырыбында «2021-2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту» ғылыми-техникалық бағдарламасы. Тапсырма (шифр: 02.02) - Тақырып жетекшісі. |
Шет тілдерін меңгеру деңгейі |