«Digital Pro» мультимедиялық студиясы – Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ «Eventus Media Pro» әлеуметтік қатынастар орталығына қарасты құрылымдық бөлімше.
Негізгі мүддесі: университеттің негізгі мақсат-мүддесіне сүйене отырып, Мультимедиялық студия оқу орнының ішкі іс-шараларын жарықтандыру арқылы заманауи контент жасап, оларға мультимедиялық сүйемелдеу көрсетуге, өзіндік медиа-өнімдер жасауға, сапалы әрі кәсіби фото, видео, аудио материалдар ұсынуға, университет басшылығының тапсырмасымен қатар, білім нарығындағы тапсырыс берушілерге де коммерциялық негізде аталмыш қызмет түрлерін көрсетуге жұмыс жасайды. Сонымен қатар, заман ағымымен қадамдас болу, кей тұстарда өзіндік бастамалар арқылы салалық озық нәтиже көрсетуге ұмтылу, мультимедиялық процесстерге студенттерді тарту арқылы оларға қосымша құзыреттілік пен дағдылар алу мүмкіндігін беру де мүддеде қарастырылған.
Қызмет бағыттары:
- Ішкі контент;
- Имидждік өнімдер;
- Білім беру миссиясы;
- Media-production (коммерциялық бағыт).
Негізгі міндеттері мен қызмет түрлері: кәсіби фототүсірілім және өңдеу, сапалы бейнетүсірілім, кәсіби бейнемонтаж, арнайы жабдықталған дыбыс студиясында кәсіби дыбыс жазу (ән, аспаптар, дауыс, т.б.) және оны өңдеу, хромакей қолдану арқылы студиялық түсірілімдер жасау, дыбыс жазу студиясын жалға беру, түсірілім павильонын жалға беру, қашықтықтан оқытуға арналған онлайн-лекциялар түсіру және монтаждау, болашақ SMM мамандардың іс-тәжірибеден өтуін қамтамасыз ету.
Мамандар: халықаралық сертификаты бар кәсіби фотограф, білікті бейнемонтождаушы, арнайы дипломды дыбыс дрежиссері, БАҚ саласында тәжірибе жинаған кәсіби бейнеоператор, мамандандырылған кәсіби журналист.
Серіктестер: «Шығыс-ақпарат» медиахолдингі, ШҚО SMM-орталығы, «ALTAI» телеарнасы, ШҚМТУ «Social Media marketing» ББ, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті.
Соңғы өзгерістер күні:27.05.2021