Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық 7M04101 - Инновацияның экономикасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Микро және макроэкономика саласында ғылыми әзірлемелермен айналысатын кәсіпорындардың зерттеу орталықтары мен құрылымдық бөлімшелері үшін, сондай-ақ ресурстарды ұтымды пайдалануға, шаруашылық қызметтің экономикалық тиімділігін арттыруға байланысты міндеттерді шешу үшін жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау.

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Барлық меншік нысанындағы мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдар, нарықтық инфрақұрылым буындарындағы экономиканы мемлекеттік реттеуді басқару органдары, ғылыми-зерттеу мекемелері.
Кәсіби қызмет объектісі:

Ұйымдар мен кәсіпорындардың экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және талдау қызметтері, олардың қызмет түріне, меншік нысанына, қатысушылар санатына (ҚР резиденттері мен резидент еместері), ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, республикалық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар; ғылыми-зерттеу институттары, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік білім беру мекемелері.
Кәсіби қызмет түрлері:

- ұйымдастыру-техникалық;
- өндірістік-басқарушылық;
- жобалық;
- ғылыми-зерттеу;
- білім беру (педагогикалық).
Кәсіби қызметінің функциялары:

Экономика, талдау, индикативтік және стратегиялық жоспарлау, болжау, ұлттық, өңірлік экономика және кәсіпорындар деңгейлерінде қаржы-экономикалық шешімдер қабылдау және т. б., инвестициялық және инновациялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесі, әлеуметтік - экономикалық бағдарламалардың тиімділігін бағалау.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Ойлау мәдениетін меңгерген, ақпаратты жинақтау, талдау, қабылдау, мақсат қою және оған қол жеткізу жолдарын таңдауға қабілетті. Шет тілін кәсіби деңгейде еркін меңгеру және негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді талдау, сондай-ақ шешімдер қабылдау және олардың тиімділігін бағалау.
Жаңа жағдайларда зерттеу есептерін шешу үшін әртүрлі пәндер шеңберінде алынған білімді біріктіру.
2. Әлеуметтік-маңызды мәселелер мен процестерді талдай алады. Статистикалық мәліметтерді пайдалана отырып кәсіпорынның өндірістік, шаруашылық, қаржылық қызметін инновациялық, экономикалық талдау дағдыларын қолдана білу.
Макроэкономикалық процестердің механизмін, макроэкономика заңдарын білу, сондай-ақ кәсіби қызмет саласындағы даму әлеуетін болжау саласындағы зерттеулердің нәтижелерін ұсыну.
3. Теңгерімді басқару шешімдерін дайындау мақсатында компаниялардың функционалдық стратегиялары арасындағы өзара байланысты талдауға қабілетті. Микроэкономикалық деңгейде кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін дамыту бойынша жаңа идеялар мен бағдарламаларды әзірлеу үшін экономикалық практика мен теорияның негіздерін зерделеу мен игеруге қабілетті болу.
Маркетингтік, қаржылық және өндірістік талдау нәтижелері негізінде ұйымның даму перспективаларын анықтау.
4. Басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде сандық және сапалық талдау әдістерін қолдана алады және экономикалық, қаржылық және ұйымдастыру-басқару модельдерін құра алады. Экономиканы дамытудың стратегиялық және перспективалық жоспарларының жүйесін және ұйымдық құрылымын білу.
Жаңа проблемалар мен жағдайларды шешуде креативті ойлау және шығармашылықпен қарау.
5. Нарықтық және ерекше тәуекелдерге талдау жүргізуге, оның нәтижелерін басқарушылық шешімдер қабылдау үшін пайдалануға қабілетті. Бизнес дамуының экономикалық тиімділігін басқару және экономикалық талдауларды зерттеу кезінде басқару және пайдалану.
6. Ұйымның операциялық қызметіне талдау жүргізуге және оның нәтижелерін басқарушылық шешімдерді дайындау үшін пайдалануға қабілетті. Инновациялық жобалардың бизнес-жоспарларын құрастыра білу кәсіпорынды басқару стратегиясының экономикалық негіздемесін және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды есептеуді жүргізу.