Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық

7M07103 - Жылу энергетикасы

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Жылу-энергетикалық кәсіпорындар мен ғылыми-зерттеу институттары үшін отандық ғылыми-өндірістік мектептерді дамыту, магистранттардың жеке қасиеттерін дамыту, сондай-ақ осы БББ-ы талаптарына сәйкес жалпы мәдени (әмбебап, жалпы ғылыми, әлеуметтік және жеке, аспапты және т.б.) және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру болып табылады.

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Жылуды қолдану, оның ағындарын басқару және энергияның өзге түрлерін жылуға түрлендіру жөніндегі адам қызметінің техникалық құралдарының, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығын қамтиды.
Кәсіби қызмет объектісі:

- жылу және атом электр станциялары, кәсіпорындарды энергиямен қамтамасыз ету жүйелері, шағын энергетика объектілері;
- жоғары температуралы және төмен температуралы жылутехнологиялық қондырғылар, жүйелер мен кешендер;
- әртүрлі мақсаттағы бу және су жылыту қазандықтары; атом электр станцияларының реакторлары мен бу генераторлары; - бу және газ турбиналары;
- энергоблоктар, бу газ және газтурбиналық қондырғылар;
- сығылған және сұйытылған газ өндіру қондырғылары;
- компрессорлық, тоңазытқыш қондырғылар;
- ауаны баптау жүйелерінің қондырғылары; жылу сорғылары;
- химиялық реакторлар, отын элементтері, электрохимиялық энергия қондырғылары;
- сутегі энергетикасының қондырғылары; қосалқы жылу техникалық жабдықтар;
- түрлі мақсаттағы жылу және масса алмасу аппараттары; жылу және электр желілері;
- өнеркәсіптік кәсіпорындардың жылутехнологиялық және электр жабдықтары;
- жылу тасығыштарды және жұмыс денелерін кондиционерлеу қондырғылары;
- технологиялық сұйықтықтар, газдар мен булар, балқымалар, қатты және сусымалы денелер энергетикалық және жылутехнологиялық қондырғылардың жылу тасымалдағыштары мен жұмыс денелері;
- отын және майлар;
- нормативтік-техникалық құжаттама және стандарттау жүйесі;
- жылуэнергетикадағы және жылутехникадағы технологиялық процестерді автоматты басқару және диагностика жүйелері.
Кәсіби қызмет түрлері:

- есептік-жобалау
- жобалау және технологиялық;
- инновациялық;
- өндіріс пен технология;
- ұйымдастырушылық және басқарушылық;
- ғылыми-зерттеу;
- монтаждау және іске қосу;
- қызмет көрсету және пайдалану.
Кәсіби қызметінің функциялары:

- жобалық шешімдерді әзірлеуге арналған тапсырмаларды дайындау, жобаланған объектілердің немесе техникалық схемалардың техникалық деңгейінің көрсеткіштерін анықтау;
- қабылданған техникалық шешімдерге негізделген жобаланған өнімдер мен объектілерді пайдалану және жобалау принциптерін сипаттау;
- жобалар бойынша техникалық есептеулерді жүргізу, жобалық шешімдердің тиімділігін техникалық-экономикалық және функционалдық талдау;
- ғылыми-техникалық дамудың жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу, орындаушыларға жеке тапсырмаларды дайындау;
- зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық ақпараттарды жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу, мәселені шешу әдістері мен құралдарын таңдау;
- эксперименттер мен тесттерді ұйымдастыру әдістері мен оларды әзірлеу, олардың нәтижелерін талдау;
- аяқталған зерттеулер нәтижелері бойынша ғылыми-техникалық есептерді, шолуларды, жарияланымдарды дайындау;
- зерттелетін процестердің физикалық-математикалық үлгілерін, кәсіби салаға байланысты құбылыстар мен объектілерді дамыту;
- орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру, жұмыс тәртібін анықтау;
- өнім сапасын, сенімділігін және құнын, сондай-ақ орындау, денсаулық сақтау және экологиялық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, өнімдерді жасау кезінде оңтайлы шешімдерді іздестіру;
- өндірістік жарақаттанудың, кәсіби аурулардың алдын-алу, экологиялық бұзушылықтардың алдын алу;
- дайын өнiмдер мен объектiлердi өндiру, монтаждау, пайдалануға беру, сынақтан өткiзу және пайдалануға беру кезiнде далалық қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
- электрмен жабдықтау, жылу және жылу техникасы, электр және жылу желілері, газ және мұнай өнімдері желілерінің үзіліссіз жұмысын, тиісті түрде жұмыс істеуін, жөндеуін және жаңасын қамтамасыз ету;
- отын-энергетикалық ресурстардағы өндіріс қажеттіліктерін анықтау, энергия объектілерін дамыту негіздерін дайындау, энергиямен жабдықтау жүйелерін қайта құру және жаңғырту.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Қазіргі заманғы коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, кәсіби салада халықаралық мәдени-танымдық коммуникацияны жүзеге асыру мүмкіндігі Кәсіби қызметті тиімді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативтік қабілеттерге ие болу
2. Жылу энергетикасы саласында зерттеу жүргізу және жобалау қабілеті Ғылыми эксперименттің әдіснамасын, негізгі түсініктерді, эксперимент нәтижелерін өңдеу әдістерін меңгеру
Жылу энергетикалық объектілердің электр жабдықтарының негізгі заңдарын, ұғымдары мен принциптерін, сондай-ақ конструкциясын меңгеру және түсіну
3. Жылу-энергетикалық жүйелердің жұмыс істеуі туралы негізгі білімді меңгеру Жылу процестері саласындағы теориялық білім және олардың жабдықтар жұмысына әсері, жылуэнергетиканың қазіргі мәселелері
Жылуэнергетикалық үрдістерді сипаттаудың кинетикалық теориясы саласындағы өзекті әдістемелік және философиялық мәселелерді меңгеру
Алынған жылутехникалық шешімдерді экологиялық мақсаттылық тұрғысынан талдай білу және бағалау
4. Энергетика саласындағы инновацияны дамыту мүмкіндігі Қазіргі заманғы жылутехнологиялардың әдіснамалық негіздерін, оларда қолданылатын жұмыс денелерінің сипаттамаларын меңгеру.
Қолданылатын қондырғылар мен Жылу энергетикасы жүйелерінің жұмыс принциптерін, техникалық сипаттамаларын, конструктивтік ерекшеліктерін білу
5. Өнеркәсіптік жылу және энергетика саласында энергияны үнемдейтін жабдықтарды енгізу, сондай-ақ оны өндіру, беру және тұтыну кезіндегі энергия тиімділігін кешенді техникалық-экономикалық талдау әдіснамасын меңгеру мүмкіндігі. Жылу энергетикалық кешен кәсіпорнының ағымдағы өндірістік-технологиялық, жоспарлы-экономикалық қызметін басқару
Ғылыми-техникалық дамудың болашағы мен жетістіктерін, ресурс үнемдеуші технологиялар саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені игеру
Модульдік оқу жоспары
Базалық пәндер Кәсіптік пәндер Қосымша оқу түрлері