Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық 6B07207 - Материалдар мен атом өнеркәсібінің материалдар технологиясы
(Қос дипломды ББ - Ұлттық зерттеу ядролық университеті "МИФИ")
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Бітірушіні тау-кен металлургия саласында, атом өнеркәсібі кәсіпорындарында зерттеу және технологиялық қызметке дайындау. Негізгі гуманитарлық, әлеуметтік, математикалық және жаратылыстану ғылыми білімдермен, кәсіби қызмет негізінде жатқан әмбебап және пәндік-мамандандырылған құзыреттермен қамтамасыз ете отырып, қазіргі заманғы материалдар физикасы саласындағы зерттеу әдістері мен оларды пайдалану, технологиялық міндеттерді шешу үшін еңбек нарығында бәсекеге қабілетті ету және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Химиялық, химиялық-технологиялық өндіріс, талап етілетін сападағы металдар мен қорытпаларды, металл бұйымдарды алу үрдістері, сондай-ақ белгілі бір қасиеттерге қол жеткізу үшін металдардың (қорытпалардың) химиялық құрамы мен құрылымы өзгеретін өңдеу үрдістері, кәсіби қызметтің түрлері (материалдық өндіріс саласында, сондай-ақ ғылыми зерттеулер саласында). Бітірушілер кәсіптік қызметті басқа кәсіби қызмет салаларында және (немесе) кәсіби қызмет салаларында олардың білім деңгейі мен алынған құзыреттілігі қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда жүзеге асыра алады.
Кәсіби қызмет объектісі:

- минералдық және техногендік шикізатты қайта өңдеуге, түсті және сирек металдарды, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдарды өндіруге және өңдеуге арналған технологиялық процестер мен құрылғылар;
- түсті металлургия, химия, тау-кен-химия және машина жасау өндірісінің өнеркәсіптік кәсіпорындары;
- өндірістік, жобалық және ғылыми бөлімшелер;
- әртүрлі меншік формасындағы фирмалар;
- қазіргі заманғы құрылымдық және функционалдық бейорганикалық (металл және металл емес), оның ішінде радиациялық-тұрақты және коррозияға төзімді композициялардың және органикалық (полимерлі және көміртекті) материалдардың; композиттер мен гибридті материалдардың; аса қатты материалдардың; интеллектуалды және наноматериалдардың, пленкалар мен жабындардың негізгі типтері;
- материалдарды, пленкаларды және жабындарды, жартылай дайын өнімдерді, дайындамаларды, бөлшектер мен бұйымдарды сынау және диагностикалау, зерттеуге, бақылауға және сынауға арналған жабдықтардың, талдау аппаратурасының сәулеленген материалдарға арналғанымен қоса барлық түрлері, нәтижелерді өңдеу және алынған деректерді талдау, материалдардың әрекетін модельдеу, олардың пайдалану сипаттамаларын бағалау және болжау үшін компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету
Кәсіби қызмет түрлері:

- өндірістік-технологиялық;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
- ғылыми-зерттеу;
- есептік-жобалық.
Кәсіби қызметінің функциялары:

- материалдар, металдар мен қорытпаларды, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдарды алудың және өңдеудің технологиялық үрдістері жүзеге асыру;
- технологиялық үдерісті және жабдықтың жұмысын бақылауды жүзеге асыру;
- технологиялық процестің регламентін және алынатын өнімнің сапасын сақтауды қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны өндірістің техногендік әсерінен қорғау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
- өндірістегі технологиялық процестердің сапа менеджменті бойынша техникалық құжаттаманы дайындау;
- экономикалық шешімдер негізінде ғылыми-техникалық және ұйымдастырушылық шешімдерді таңдау және негіздеу үшін бастапқы деректерді дайындау;
- техникалық-экономикалық негіздемеге ақпарат жинау және жаңа жобаларды әзірлеуге және жұмыс істеп тұрған цехтарды, өнеркәсіптік агрегаттар мен жабдықтарды қайта құруға қатысу;
- жобалауды автоматтандырудың стандартты құралдарын қолдану арқылы техникалық тапсырмаға сәйкес технологиялық процестің жеке сатыларын есептеу және жобалау.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде түрлі жағдайларды бағалау қабілеті Философиялық және тарихи мазмұндағы ақпаратты қабылдау және талдау дағдысын, дискуссияны және полемиканы жүргізу тәсілдерін меңгеру
Әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дәлелдей білу
2. Кешенді, энергия үнемдейтін және экологиялық таза металлургиялық технологияларды әзірлеу үшін заманауи әдістерді қолдану қабілеті Материалдарды стандарттау және сертификаттау, сонымен қатар оларды алу үрдістері кезінде қажетті, сынау және өндірістік жабдықтарға өлшеу және бақылаудың техникалық құралдарын пайдалану
Жаңа технологияларды енгізу, материалдар мен жабдықтарды ұтымды пайдалану мақсатында жобаға техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу
3. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативтік қабілеттерге ие болу
АКТ көмегімен ақпаратты іздеу және өңдеуді жүзеге асыру
4. Әлеуметтік ортада тұлғаны қалыптастыру және анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру қабілеті Экономикалық-құқықтық ортада біртұтас тұлғаны қалыптастыруға және индивидтің жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін білімді көрсету
Тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін сақтау, дамыту және тиімді жұмыс істеуі мақсатында әлеуметтік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін қолдану
5. Кешенді инженерлік қызметте математикалық, жаратылыстану-ғылыми, экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы білімді қолдану қабілеті Әртүрлі физикалық және химиялық ұғымдарды, Заңдарды түсіндіру, эксперименттер жүргізу, нәтижелерді жинақтау
Моделдеу және математикалық талдау әдістерін, жаратылыстану-ғылыми және жалпы инженерлік білімді қолдана отырып тапсырмаларды орындау
6. заманауи ақпараттық технологиялар мен қолданбалы аппараттық-бағдарламалық құралдарды қолдана отырып кәсіби қызмет саласындағы міндеттерді шешу қабілеттілігі Өлшеу және бақылау жүргізу, тәжірибелік деректерді өңдеу және ұсыну дағдыларын меңгерген
Ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдерін және құралдарын меңгеру
7. кәсіби қызметте негізделген техникалық шешімдерді қабылдау, тиімді және қауіпсіз техникалық құралдар мен технологияларды таңдау қабілеттілігі Қолданыстағы нормативтерге сәйкес, кәсіби қызметпен байланысты техникалық құжаттаманы талдай білу, құрастыру және қолдана алу
Технологиялық үрдістер мен материалдардың қасиеттерін болжау және оңтайландыру кезінде, материалдар мен үрдістерді стандарттау және сертификаттау кезінде модельдеу әдістерін қолдану
8. Зерттеу және есептеу кезінде заттардың (материалдардың) қасиеттерін зерттеу, талдау, диагностикалау және үлгілеу әдістері туралы білімді, материалдарды алу, өңдеу және модификациялау кезіндегі олардың физикалық және химиялық үрдістері туралы білімді қолдана білу қабілеттілігі Материалдардың қасиеттеріне микро - және наноқұрылымдардың әсері туралы, олардың қоршаған ортамен, өрістермен, бөлшектермен және сәулеленумен өзара әрекеттесуі туралы замануи түсініктерді іс-тәжірибеде қолдану
Физикалық, химиялық және технологиялық үрдістерді модельдеудің тиісті әдістерін білу, таңдау және қолдану
9. Жаңа құрылымдық және функционалдық материалдарды, берілген қасиеттері мен құрылымдық сипаттамалары бар жартылай дайын өнімдер мен бұйымдарды әзірлеуге қатысу үшін қатты дененің теоретикалық физикасының, конденсацияланған күй физикасы және физикалық материалтану заңдылықтарын қолдана білу қабілеттілігі Материалдар, металдар мен олардан жасалған бұйымдарды өндіру саласында өңдеу және нәтижелерді талдай отырып, берілген әдістемелер бойынша қажетті эксперименттер жүргізу
Атом өнеркәсібінің функционалдық және құрылымдық материалдарының физикалық және технологиялық қасиеттері бойынша деректер базасын жасай алу, толтыру және қолдай білу
10. Материалдың қасиеттері мен құрылымы, технологиялық үрдістің (технологиялық операцияның) типі және барысы туралы мәліметтер кешені базасында кәсіби шешімдер қабылдауға дайындық Материалтану зерттеулерін жүргізу үшін заманауи аналитикалық жабдықтарды таңдай алу
Заманауи материалдардың негізгі түрлерін, пайдаланудың берілген шарттары үшін талаптар кешенін ескере отырып оларды таңдау принциптерін білу
Модульдік оқу жоспары
Жалпы білімдік пәндер Базалық пәндер Кәсіптік пәндер