Қалыпталатын негізгі құзыреттер |
Оқыту нәтижелері |
1. Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде түрлі жағдайларды бағалау қабілеті. |
Философиялық және тарихи мазмұндағы ақпаратты қабылдау және талдау дағдыларын, пікірталас пен дау-дамайды жүргізу әдістерін меңгеру. Ойды дұрыс жеткізе білу, әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дәлелді түрде қорғай білу |
2. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті. |
Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативті қабілеттерге ие болу. АКТ көмегімен ақпаратты іздеу және өңдеу. |
3. Әлеуметтік ортада тұлғаны қалыптастыру және анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру қабілеті. |
Экономикалық-құқықтық ортада біртұтас тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін білімді көрсету; инклюзивтілікті және барлық қатысушылардың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ете отырып, негізделген шешімдер қабылдау. |
4. Қоршаған орта мониторингінің мемлекеттік жүйесінің, Экологиялық кодекстің, статистикалық (сандық) деректермен жұмыс істеудің негізгі қағидаттарының ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуінің жалпы талаптары мен қағидаларын, қоршаған ортаның жай-күйі мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар мен басқа да регламенттеуші құжаттарды, қоршаған ортаның жай-күйін бақылауды ұйымдастыру қағидаттары мен әдістерін пайдалану қабілеті. |
Ғылым мен техника саласындағы түрлі міндеттерді шешу үшін инженерлік ойлаудың негізгі әдістері мен тәсілдерін қолдану. Нақты жағдайларда инженерлік шешімдерді әзірлеу, бағалау және оңтайландыру үшін алған білімдерін тиімді пайдалана білу |
Қоршаған ортаның құрауыштарын зерттеу үшін аналитикалық химиялық әдістерді қолдану, табиғи жүйелердегі бейорганикалық үрдістердің химиясы туралы білімді қолдана отырып, экожүйелерді қорғау және тұрақты даму саласында негізделген шешімдер қабылдау үшін кешенді талдау нәтижелерін түсіндіру. |
5. Белгіленген нормаларға сәйкес қоршаған орта объектілерінің ластану дәрежесін анықтау арқылы қоршаған орта сапасының жай-күйін талдау және бағалау қабілеті. |
Жаңартпашылық қызмет үрдістерін талдай білу, өнертабыстарды қорғау үшін патенттеу әдістерін қолдана білу, сондай-ақ тиімді жұмыс істеу үшін қауіпсіз жағдайлар жасай отырып, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу. |
Экожүйелер мен тірі ағзаларға ластаушы заттар мен радиацияның әсерін бағалау және азайту әдістерін пайдалану, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіптердің алдын алу шараларын әзірлеу. |
6. Деректердің сенімділігін қамтамасыз ету үшін эксперименттерді жоспарлау және жүргізу қабілетін көрсету; статистикалық әдістерді пайдалана отырып нәтижелерді өңдеу және талдау; ғылыми нәтижелерді енгізу; теориялық зерттеулерді тиімді жүргізу және экологиялық қауіпсіздік саласындағы нәтижелерді табысты енгізу. |
Экологиялық проблемаларды түсіну, экологиялық мәдениетті дамыту, тұрақты даму міндеттерін шешуге белсенді қатысу және экологиялық шешімдердің экономикалық тиімділігін бағалау үшін қажетті білім мен дағдыларды кеңейту. |
Қоршаған орта мониторингі және құрауыштарының сынамаларына талдау жүргізу кезінде аумақтық бөлімшелердің кешенді зертханаларының жұмысын үйлестіру дағдыларын меңгеру. |
7. Физикалық, химиялық және биологиялық параметрлерді қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау үшін пайдаланылатын деректердің негізгі түрлерін зерттей отырып, экологиялық өзгерістерді болжау және әртүрлі факторлардың қоршаған ортаға әсерін бағалау үшін модельдерді пайдалану қабілеті. |
Басқарудың инновациялық әдістері мен шараларын пайдалана отырып, табиғи және техногендік ортаға экологиялық мониторингті жүзеге асыру. Экологиялық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету және барлық мүдделі тараптарды қоршаған ортаның күйін бақылау және бағалау процестеріне тиімді тарту үшін инклюзивті тәсілді қолдану. |
Қоршаған ортаны талдаудың, бақылаудың және нормалаудың заманауи технологиялары мен құралдарын пайдалана отырып, тұрақтылық пен әлеуметтік-экономикалық тиімділік қағидаттарын ескере отырып, экология және табиғи ресурстарды басқару саласында инновациялық шешімдерді жасау үшін ғылыми зерттеу әдістерін қолдану. |
8. Физика-химиялық және математикалық әдістерді пайдалана отырып, ғылыми эксперименттерді немесе сынақтарды жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу және алынған нәтижелерді өңдеу қабілеті. |
Экологиялық мәселелерді талдау және шешу үшін қалдықтарды басқару және геоақпараттық технологияларды пайдалану саласындағы білім мен дағдыларды көрсету. |
Қауіпсіздік тұрғысынан өндірістік және экологиялық ахуалды талдауды жүзеге асыру, қоршаған ортаның химиялық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрақты даму стратегияларын әзірлеу және қоршаған ортаға әсерді бағалау үшін ғылыми зерттеу әдістерін қолдана отырып, уақтылы және сапалы зертханалық бақылауды жүргізу. |