Код – Мамандық |
7M07207 - Қолданбалы геомеханика
|
Білім беру бағдарламасының мақсаты |
Геомеханика саласында тау жыныстарының, топырақтың және инженерлік құрылымдардың механикалық күйін талдауға, модельдеуге және болжауға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау
|
Түлек моделі |
Түлектің біліктілік сипаттамасы |
Мамандар лауазымдарының тізбесі:
Бағдарламаны игерген түлектердің кәсіби қызмет саласы қатты пайдалы қазбаларды пайдалану барлау, өндіру және өңдеу, әртүрлі мақсаттағы жерасты объектілерін салу және пайдалану кезінде жер қойнауындағы адам қызметін инженерлік қамтамасыз етуді қамтиды.Тау-кен өнеркәсібі, құрылыс, Мұнай-газ саласы, ғылыми зерттеулер |
Кәсіби қызмет объектісі:
Көмір шахталары, кеніштер, карьерлер, әртүрлі функционалдық мақсаттағы жерасты құрылыстары, пайдалы қазбаларды және техногендік (адам жасаған) шикізатты өндірумен және өңдеумен, жерасты кеңістігін құрумен және пайдаланумен, гидротехникалық, көліктік құрылыс кезінде және басқа да мақсаттарда жер бетінде тау-кен жұмыстарын орындаумен байланысты кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу ұйымдары |
Кәсіби қызмет түрлері:
Есептік – жобалық және техникалық-экономикалық;
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
Өндірістік – технологиялық және пайдалану;
Құқықтық, сараптамалық және кеңес беру
|
Кәсіби қызметінің функциялары:
Геомеханика саласында теориялық және қолданбалы зерттеулер жүргізу, тау-кен және құрылыс объектілерінде геомеханикалық мониторинг жүйелерін жобалау, цифрлық технологиялар мен автоматтандырылған мониторинг жүйелерін енгізу, геомеханикалық модельдеу және мониторингпен байланысты жобаларды басқару |
Маманның құзыреттілік картасы |
Қалыпталатын негізгі құзыреттер |
Оқыту нәтижелері |
1. Коммуникация, жоспарлау және басқару процесін ұйымдастыру дағдыларын қолдана отырып, кәсіби мәселелерді сыни талдау, бағалау және шешу. |
Кәсіби қызметтегі адами факторды ескере отырып ұйымдастырушылық басқарушылық міндеттерді шешу
|
Кәсіби мәселелерді шешуде коммуникативті дағдыларды, стратегияларды және тактиканы қолдану |
2. Кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде шет тілдерін еркін пайдалану мүмкіндігі |
Шет тіліндегі кәсіби терминологияны қарым-қатынаста және ғылыми жұмыстарды жазуда қолдану, геомеханика саласындағы ғылыми мәтіндерді талдау және түсіндіру |
3. Тау- кен массивінің кернеулі-деформацияланған жай-күйін бағалау, геомеханикалық процестерді болжау және жер қойнауын қауіпсіз игеру және инженерлік шешімдерді әзірлеу үшін білімін, түсінігін және қабілетін қолдану |
Техникалық құрылғылардың техникалық жай-күйін бағалау мен болжаудың есептеу-аналитикалық есептеулерін орындай білу. |
4. Цифрлық технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану, механикалық процестерді компьютерлік модельдеу әдістерін меңгеру және геомеханикалық процестерді есептеу үшін арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану |
Процестердің параметрлерін және массивтің тұрақтылығын жоғары дәлдікпен бағалауды қамтамасыз ететін геомеханикалық есептеулердің бағдарламалық құралдарын меңгеру |
Геомеханикалық процестер мониторингінің деректерін жинау, өңдеу және түсіндіру үшін аппараттық кешендерді әзірлей, баптай және пайдалана білу |
5. Тау-кен массивінің жай-күйін талдау және болжау үшін геомеханика саласындағы ғылыми зерттеулердің заманауи әдістемелерін қолдану қабілеті, геомеханикалық процестерді бақылау және басқару үшін инженерлік шешімдерді әзірлеу және енгізу қабілеті, өлшеу нәтижелерін талдау және негізделген қорытындылар жасау |
Геомеханика саласындағы ғылыми зерттеулерде қолданылатын заманауи әдістер мен тәсілдерді, соның ішінде эксперименттік және сандық әдістердің негіздерін түсіну |
Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын, массивтің жай-күйін бақылаудың өзекті әдістерін қолдану қабілетін білу
|
|
Модульдік оқу жоспары |
Базалық пәндер |
Кәсіптік пәндер |
Қосымша оқу түрлері |
|
|
|
|
|
|