Металлургиялық үрдістердің жылу энергетикасы

Оналбаева Жанар Сагидолдиновна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Студенттерге агломерат пен шекемтастарды өндіруде, домна пешінде, конвертерлерде, электр пештерінде болып жатқан жылу және масса алмасу процестері туралы терең білім беру; агломерациялық, домна, болат балқыту процестеріндегі, шекемтастарды күйдіру үрдістеріндегі жылу көздері туралы, сондай - ақ агломерат, шойын, болат және ферроқорытпаларды өндіру үрдістерінің жылу балансын есептеу әдістерін меңгеру; электр пештері жұмысының энергетикалық балансын меңгеру.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Металлургиялық процестердің теориясы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазбаша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • «Металлургиялық үрдістердің жылу энергетикасы» пәнін оқытудың мақсаты – студенттерге агломерат және жентектер өндірісіндегі, домна пешіндегі, конвертерлерде, электр пештерінде жүретін жылу және массаалмасу үрдістері туралы, агломерациялық, домналық, болатты балқыту үрдістеріндегі, жентектерді күйдіру үрдісіндегі жылу көздері жайлы терең білім беру болып табылады.
Міндет
  • Пәнді оқытудың міндеттері – металлургиялық агрегаттарда өтетін жылу және масса алмасу үрдістерінің жалпы заңдылықтарын оқу; агломерат, шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру процестеріндегі жылулық балансты есептеу әдістерін игеру; электр пештерінің энергетикалық балансын есептеу тәсілдерін оқып үйрену болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Металлургиялық агрегаттарда өтетін жылу және массаалмасу үрдістерінің жалпы заңдылықтарын және ұғымдарын, өндірістегі өтетін негізгі үрдістердің материалдық және жылулық баланстарын құрастырып, білу және түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Агломерациялық, домналық, болат балқыту, элктрлік балқыту және ферроқорытпалардың өндірісіндегі үрдістер мен жабдықтардың теориялық және технологиялық есептеу тәсілдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қара және түсті металлургия, соның ішінде агломерациялық, шойын өндіру, болат балқыту және ферроқорытпалар өндірістеріне байланысты технологиялық және жобалық-конструкторлық құжаттамаларды стандарттар мен нормаларға сай орындау. Негізгі металлургиялық үрдістерді қарастыру барысында заманауи ақпараттық қоғамның дамуына байланысты ақпараттың мәнін және мағынасын түсіну, сонымен қатар осыған байланысты төнетін қауіп-қатерді алдын ала ескере білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Негізгі металлургиялық үрдістерді қарастыру барысында заманауи ақпараттық қоғамның дамуына байланысты ақпараттың мәнін және мағынасын түсіну, сонымен қатар осыған байланысты төнетін қауіп-қатерді алдын ала ескере білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Агломерат, шойын, болат және ферроқорытпалар өндірістерін жобалау барысында энергия үнемдейтін, экологиялық таха металлургиялық технологияларды енгізу немесе қолданыстағы технологияларды жетілдіру.
Оқыту әдістері

Пән бойынша дәріс сабақтарын өткізу белсенді оқыту әдісіне негізделеді, онда оқушылар пассивті тыңдаушылар емес, оқытушының сұрақтарына жауап беретін сабаққа белсенді қатысушылар. Оқытушының сұрақтары материалды меңгеру үдерістерін белсендіруге, сондай-ақ логикалық ойлауды дамытуға бағытталған. Оқытушы қауымдасқан ойлауды ынталандыратын және бұрын игерілген материалмен байланыс орнататын сұрақтар тізімін алдын ала белгілейді.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг ауызша жауаптар 0-100
есептерді шығару
тест
2  рейтинг жекеше тапсырмалар 0-100
есептерді шығару
реферат
тест
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Жылу беру үрдістерінің негізі
  • Агломерациялық үрдістің жылуэнергетикасы
  • Шекемтастарды күйдіру үрдісінің жылуэнергетикасы
  • Домналық пештегі жылу алмасу
  • Кесек материалдар қабатында жылудың берілуі
  • Жылу алмасу үрдістеріне әсер ететін факторлар
  • Масса және жылудың тасымалдану заңдылықтары
  • Оттекті-конвертерлік балқытудың жылулық балансы
  • Конвертерлерде жылудың жоғалымы
  • Конвертерлердің жылулық жұмысына технологиялық параметрлердің әсері
  • Электрлікболат балқыту үрдістерінің эылуэнергетикасы
  • Электрлік пештердің жылулық жұмыстарының ерекшеліктері
  • Электрлік пештердің энергетикалық баланстары
  • Мартендік пештің жылулық жұмысы
  • Ферроқорытпалар алу пештерінің жылулық жұмыстарының ерекшеліктері
Негізгі әдебиет
  • 1 Теплотехника металлургического производства. Т.1. Учебное пособие для вузов/ Кривандин В.А., Арутюнов В.А., Белоусов В.В. и др. – М.:% МИСИС, 2002. – 608 с. 2. Быстрицкий Г.Ф. Основы энергетики: Учебник. – М.: ИНФРА-М, 2005. – 278 с. 3. Пестова Г.С. Теплоэнергетика металлургических процессов. Методические указания по выполнению РГР для специальности 6В070900 – Металлургия/ ВКГТУ им. Д.Серикбаева. – Усть-Каменогорск, 2014. – 16 с. 4. Pushpavanam S. Introduction to Chemical Engineering. -Prentice hall India, 2012. — 154 p.
Қосымша әдебиеттер
  • 1. Теплотехника металлургического производства. Т.1. Теоретические основы: Учебное пособие для вузов/ Кривандин В.А., Арутюнов В.А.. Белоусов В.В. и др. – М.: МИ-СИС, 2002. – 608 с. 2. Теплотехника металлургического производства. Т.2. Конструкция и работа печей: Учебное пособие для вузов/ Кривандин В.А., Белоусов В.В. и др. – М.: МИ-СИС, 2001. – 736 с. 3. Теплоэнергетика и теплотехника: Справочная серия: В 4 кн./ под общей ред. член-корр. РАН А.В. Клименко и проф. В.М. Зорина. – М.: Издательский дом МЭИ, 2007. – Кн.4. Промышленная теплоэнергетика и теплотехника: справочник. – 632 с.