Металлтану және термиялық өңдеу
Сипаттама: Металдардың құрылысы және қара және түсті металдарды термиялық өңдеудің технологиясы туралы білімдерді игереді. Пәнді өткеннен кейін оқушы алған білімдерін маталтану саласында практикалық жұмыста сауатты қолдана біледі. пластикалық деформацияның механизмдері мен деформацияланған металдың құрылымы мен қасиеттеріне қыздырудың әсерін біледі.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Физика
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Зерделеудің мақсаты болашақ мамандарға металдар мен қорытпалардың құрылысы мен құрылымының түзілу теориясы бойынша және қара және түсті металдарды термиялық өңдеу технологиясы бойынша білімдер беру.
Міндет
- Практикалық және өздік жұмыстарды орындаған кезде оқушы металдар мен қорытпалардың құрылысы және термиялық өңдеу саласында өзінің теориялық білімдерін жетілдіріп бекітеді.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- - кристалдану кезінде металдар мен қорытпалардың құрылымының түзілу заңдылықтарын; - пластикалық деформация механизмдерін және металдардың механикалық қасиеттерін; - деформацияланған металдың құрылысы мен қасиеттеріне қыздырудың әсерін; - темір және оның қорытпаларын және болатты термиялық өңдеудің теориясы мен технологиясын; - конструкциялық және саймандық болаттардың маркаларын, құрамын және қасиеттерін; - конструкциялық түсті металдарды және қорытпаларды, олардың қасиеттерін.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- - металдар мен қорытпалардың күй диаграммаларын оқи білу; - металдар мен қорытпалардың құрылымын айыра білу және фазаларды анықтау; - металдарға термиялық өңдеуді жүргізуді және механикалық қасиеттерін анықтай білу; - металдар мен қорытпалардың маркалары бойынша конструкциялық материалдарды таңдай білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- - оқыту кезінде оқушыда термиялық өңдеу заңдылықтары жөнінде тұрғылықты пайымдауы қалыптасады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- - командада жұмыс істеуге қажетті коммуникативтік қабылеттілікті жетілдіру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- - металтану саласында алған білімдерін жетілдіру және сауатты қолдану
Оқыту әдістері
- проблемалық және жобалық-бағдарланған оқыту технологиялары; - оқыту-зерттеу қайраткерлік технологиялары; - оқулық с\өзталастыру, дискуссиялар; - қашықтықта білім беру технологиялары қарастырылады..
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Металдардың атомдық-кристалдық құрылымының сұлбаларын салу | 0-100 |
Жеке тапсырма 1 | ||
Жеке тапсырма 2 | ||
Коллоквиум | ||
Тест | ||
2 рейтинг | Металдар мен қорытпалардағы фазаларды анықтау | 0-100 |
Жеке тапсырма 1 | ||
Жеке тапсырма 2 | ||
Коллоквиум | ||
Тест | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- 1 Металдардың кристалдық құрылысы, металдардың кристалдану кезінде құрылымының түзілуі
- 2 Металдық қорытпалардағы фазалар
- 3 Қорытпалардың кристалдану кезінде құрылымының түзілуі
- 4 Пластикалық деформация және механикалық қасиеттер
- 5 Деформацияланған металдың құрылымы мен қасиеттеріне қыздырудың әсері
- 6 Темір және оның қорытпалары
- 7 Шойындар
- 8 Темір қорытпаларындағы фазалық өзгерушіліктер (болатты термиялық өңдеудің теориясы)
- 9 Болатты термиялық өңдеудің технологиясы
- 10 Болатты химиялық-термиялық өңдеу
- 11 Конструкциялық болаттар мен қорыталар
- 12 Саймандық болаттар мен қорытпалар
- 13 Түсті металдар мен қорытпалар
Негізгі әдебиет
- 1 Лахтин Ю.М. Металловедение и термическая обработка металлов. М., Металлургия, 1988. 2 Лахтин Ю.М. Основы металловедения. М., Металлургия, 1988. 3 Гуляев А.П. Металловедение. М., Металлургия, 1977. 4 Новиков И.И. Теория термической обработки металлов. М., Металлургия, 1978. 5 Новиков И.И. Дефекты кристаллического строения металлов. М., Металлургия, 1983. 6 Захаров А.М. Диаграммы состоянии двойных и тройных систем. М., Металлургия, 1978. 7 Колачев Б.А., Елагин В.И.,Ливанов В.А. Металловедение и термическая обработка цветных металлов и сплавов. - М: МИСИС, 2005.
Қосымша әдебиеттер
- 1 Цветные металлы и сплавы. Справочник. - Нижегородский печатник, 2001 2 Зубченко А.С., Колосков М.М., Каширский Ю.В. и др. Марочник сталей и сплавов. - Машиностроение, 2003 3 Новиков И.И., Строганов Г.Б., Новиков А.И. Металловедение, термообработка и рентгенография. - МИСИС, 1994 4 Г.А. Воробьева, Е.Е. Складнова, А.Ф. Леонов, В.К. Ерофеев. Инструментальные материалы. - Политехника, 2005 5 Е.В. Берлин, Н.Н. Коваль, Л.А. Сейдман. Плазменная химико-термическая обработка поверхности стальных деталей. - Техносфера, 2012 6 М.А. Смирнов, В.М. Счастливцев, Л.Г. Журавлев. Основы термической обработки стали. - УрО РАН, 1999 7 Минкевич А.Н. Химико-термическая обработка металлов и сплавов. М., Машиностроение, 1965. 8 Смағұлов Д.Ұ. Металлография. Алматы, ҚазҰТУ, 2001.