Магнитные и электрические методы ОПИ

Сипаттама: Материалдардың магниттік және электрлік бөлгіштігі туралы негізгі мәліметтерді қамтиды. Магнит және электр қасиеттері бойынша минералды бөлу үрдістерінің физикалық мәні, сондай-ақ магнитті және электр сепараторлардың құрылысы мен жұмыс істеу принципі қарастырылды. Байыту фабрикаларының технологиялық схемаларында магнитті және электрлік байыту әдістерін қолдану мысалдары келтірілген.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пайдалы қазбаларды байыту үшін магниттік және электрлік сепарация процестерінің теориялық заңдылықтарымен таныстыру
Міндет
  • Өнеркәсіпте магниттік және электрлік әдістерді қолданумен минералды шикізатты өңдеу бойынша материалдар беру және теориялық білімді бекіту
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Магниттік және электрлік байыту процесінің ерекшеліктерін, негізгі жабдықтың құрылмасы мен жұмыс істеу қағидасын, кендердің түрлі типтерінің технологиялық сұлбаларын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Кеннің заттық құрамына, химиялық және басқа қасиеттеріне байланысты кенді байыту әдісін таңдай білу, жабдықтың технологиялық есебін орындау, арнайы техникалық және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істей білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Алынған білім негізінде минералды шикізатты өңдеу және байыту бойынша тиімді және экологиялық қауіпсіз жұмыстар өндірісінің негізгі технологиялық параметрлерін таңдау және есептеу қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Теориялық білімді тәжірибелік қызметте сауатты пайдалану қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Барлық тапсырмаларды және емтиханды сәтті тапсыру
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1 тақырып. Магниттік әдістер. Өнеркәсіпте магниттіr байыту әдістерінің рөлі. Магниттік байыту объектілерінің сипаттамасы
  • 2 тақырып. Магниттік байытудың физикалық негіздері. Магниттік өрісі және оның параметрлері. Кендер мен минералдардың магниттік қасиеттері
  • 3 тақырып. Сепараторлардың магниттік өрістері. Магниттік сепарациясының тәсілдері. Сепаратор өрістерінің жалпы сипаттамасы. Ашық магниттік жүйелер
  • 4 тақырып. Жабық жүйелердің магниттік өрістерінің сипаттамасы. Магниттік сепараторларда кен мен қойыртпақтың қозғалыс динамикасы
  • 5 тақырып. Магниттік сепараторлар және қосалқы жабдықтар. Магниттік сепараторлардың жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Әлсіз өрісі бар магниттік сепараторлар
  • 6 тақырып. Күшті өрісі бар электромагниттік сепараторлар. Құрғақ байытуға арналған сепараторлар. Сулы байытуға арналған сепараторлар
  • 7 тақырып. Қосалқы жабдық. Магниттік сепарацияға кендерді дайындау
  • 8 тақырып. Магниттік байыту процесіне әсер ететін факторлар
  • 9 тақырып. Магниттік байытудың тәжірибесі
  • 10 тақырып. Байытудың электрлік әдістері. Электрлік әдістердің мәні. Байытудың электрлік әдістерін қолдану саласы
  • 11 тақырып. Электрлік байытудың физикалық негіздері. Жалпы мәліметтер. Минералды бөлшектерді зарядтау тәсілдері
  • 12 тақырып. Электрлік сепарациясының түрлері. Электрлік сепарация процесінің динамикасы
  • 13 тақырып. Сепараторлардың жіктелуі. Кенді электрлік сепарацияға дайындау
  • 14 тақырып. Электрлік сепарация процесіне әсер ететін факторлар. Электрлік сепараторларына қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік қағидалары
  • 15 тақырып. Электрлік байытудың тәжірибесі
Зертханалық сабақтардың тақырыптары
  • Сепаратордың жұмыс аймағында магниттік өрісінің сипаттамасын зерттеу. Магниттік сепаратордың құрылмалық ерекшеліктерін, әрекет ету принципін зерттеу
  • Минералдардың магниттік қасиеттерін зерттеу және олардың байыту көрсеткіштеріне әсері
  • Күшті магнитті кендерге арналған сепараторлардың жұмысын зерттеу
  • Әлсіз магнитті кендерге арналған сепараторлардың жұмысын зерттеу
  • Минералдардың электрлік қасиеттерін зерттеу және олардың байыту көрсеткіштеріне әсері
  • Электрстатикалық сепараторлардың жұмысын зерттеу
  • Тәждік және тәжді-электрстатикалық сепараторлардың жұмысын зерттеу
Негізгі әдебиет
  • 1. Карамзин В.В., Карамзин В.И. Магнитные и электрические методы обогащения. - М., Недра, 1988. 2. Справочник по обогащению руд. В 3-х томах. Т. 2. Основные и вспомогательные процессы, ч. 1 Основные процессы. - М., Недра, 1974 3. Олофинский Н.Ф. Электрические методы обогащения. Изд. 3-е, перераб. и доп. - М., Недра,1970.
Қосымша әдебиеттер
  • 4. Кравец Б.Н. Специальные и комбинированные методы обогащения. -М., Недра, 1986. 5. Карамзин В.В., Карамзин В.И. Магнитные методы обогащения. - М., Недра, 1984. 6. Крутий В.В., Скродский В.Е. Электромагнитные сепараторы для обогащения слабомагнитных руд. - М., Недра, 1968. 7. Абрамов А.А. Переработка, обогащение и комплексное использование твердых полезных ископаемых. - М.: МГГУ, 2004.