Высшая геодезия

Сипаттама: Жер бетіндегі тірек нүктелер жүйесін құру әдістерін, олардың қабылданған координаттар жүйесінде қажетті және жеткілікті дәлдікпен анықталған ғылыми және практикалық міндеттерді шешу үшін өзара орналасуын зерттеу; астрономиялық, геодезиялық, гравиметриялық және спутниктік өлшеулердің нәтижелерін математикалық өңдеудің теориялық негізделген әдістерімен Жердің пішінін, өлшемдерін және оның сыртқы гравитациялық өрісін зерттеу.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттерді сәйкесті профилі бойынша дайындауда әртүрлі тапсырмаларды шешу үшін, жоғары геодезияның негізгі классикалық бөлімі бойынша теориялық және практикалық білімдерді игеру.
Міндет
  • - Жер өлшемі мен пішінін анықтаумен байланысты геодезиялық жұмыстарды орындау; - триангуляция және полигонометрия тұрғызу бойынша бағдарлама құрастыру; - триангуляция және полигонометрия пунктерінде бақылау жүргізу, 4 классты нивелирлеуді орындау; - геодезиялық торларда оңайластырылған теңестіру жүргізу; - геодезиялық өлшеулер нәтижесінің дәлдігін бағалауды жүргізу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • жоғары геодезияның негізгі ғылыми есептерін шешудің теориясы мен әдістері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Әртүрлі нысандарды мониторинг жүргізу мақсатында геодезиялық бақылау өндірісінде жоғары геодезиядан алған білімдерін пайдалану қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жобалық –құрылымдық жұмыстарды орындау, өз бетінше жобалау, ұйымдастыру және тау-кен геологиялық зерттеулерді жүргізу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымның мүшесі немесе жетекшісі ретінде тиімді жұмыс істей білу, жұмыс нәтижесіне жауапкершілікті іске асырушы және тау-кен ісі кәсіптік мәселелерді шешу үшін, ақпараттарды алудың, өңдеудің және сақтаудың негізгі әдістерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Зерттеу жүргізудің қолданыстағы әдістерін жетілдіріп, алдыңғы қатарлы әдістерді ендіру және тау-кен саласында ғылыми техникалық үрдістердің жетістіктерін пайдаланып, техника, технологияларды жетілдіруге қабылдау.
Негізгі әдебиет
  • 1. Елагин А.В. Теория фигуры Земли. – Новосибирск: СГГА, 2012. – 174 с.
  • 2. Афонин К.Ф.Высшая геодезия. Системы координат и преобразования между ними. – Новосибирск: СГГА, 2011. – 66 с.
  • 3. Основные положения о государственной геодезической сети. - М.: ЦНИИГАиК, 2004
  • 4. Инструкция по нивелированию I, II, III и IV классов. - М.: ЦНИИГАиК, 2003.
  • 5. Яковлев Н.В. Практикум по высшей геодезии (вычислительные работы). - М.: Альянс, 2007. - 368 с.