Су ресурстарың қалпына келтіру

Анапьянова Самал Багдатовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Су нысандарын ластаушы заттардың түсуін азайту мақсатында су нысандарының және оларға іргелес жайылма және жағалау аумақтарының экологиялық ахуалын бағалау критерийлерін, сондай-ақ су нысандарын өзін-өзі тазарту және олардан су түбі шөгінділерін жою процестерін жандандырудың технологиялық тәсілдерін зерделейді

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Су кодексы және экологиялық құқық

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
курстық жұмыс
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәннің мақсаты – студенттерге табиғи-техногенді ландшафт жағдайындағы су объектілерінің инженерлі-экологиялық сұрақтарды шешуде және су объектілерінің өзін-өзі тазарту үрдістерін белсендету бойынша шараларды жасауда, су объектілерін шөгінділерден тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда кәсіби білім және дағды қалыптастыру
Міндет
  • Пәнді оқытудың міндеті – су жинағышта пайдаланған судың қалыптасуы шартын бағалауға, пайдаланылған суларды қалыптастыратын кешендерді анықтап, жылдық пайдаланылған су шығынын анықтауға және әртүрлі су жинаушы алаңдардан өзендерге шығарылатын биогенді элементтер концентрациясын және көлемін анықтауға және су қорларының сапасына және санына зиянды шаруашылық іс-әрекеттердің зиянды әсерлерін азайту бойынша техникалық және ұйымдастыру шараларын жасауға үйрету. Пәнді беру білім негізін қалыптастырып, суаттардың құлдырауы және ластануымен байланысты мәселелерді шешуде және пайдаланылған су шамасын және су сапасын қалпына келтірудегі инженерлік тәсілдерді жасауда міндетті шешуде икемділікті және дағдыны қалыптастырады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Өзен ағысы, өзен, көл, батпақтың су режимін қалыптастыру заңдылығы туралы меңгеру. Өзен бассейндерінің су теңгерімі, ағысты реттеу әдістері, негізгі гидрологиялық сипаттамасын есептеу әдістерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Су шаруашылығы және гидротехникалық нысандары, кешенді гидро түйіндері, сорғыш бекеттерін жобалау және пайдалану бойынша дағдыларын меңгеру; олардың экономикалық тиімділігі мен экологиялық қауыпсіздігін бағалау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Су шаруашылығы саласындағы заманауи жетістіктерді қолдана отырып, өзендер мен суаттарды қалпына келтіруде тиімді шешім қабылдай алу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру-басқару, су шаруашылығы саласындағы жабалау мен зерттеу қызметтері үшін дайын болу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Саладағы кәсіпорын өнімдеріндегі өзіндік құны мен бағаның құрылуы туралы түсінігін алу, олардың экономикалық маңызы, қағидасы және өндірістің әртүрлі жағдайында оларды анықтау әдістері мен су шаруашылығы қызметін іске асыру
Оқыту әдістері

1. Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді:: Пәнді оқыту дәстүрлі технология бойынша жүргізіледі. Дәріс курсы мультимедиялық түрде ұсынылған. Практикалық сабақтарды өткізу кезінде проблемалық әдіс, жүйелік талдау, пәнаралық байланыс қолданылады.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Тәжірибелік сабақ 1,2 0-100
Тәжірибелік сабақ 3,4
Рубеждік бақылау
2  рейтинг Тәжірибелік сабақ 5,6 0-100
Рубеждік бақылау
Қорытынды бақылау емтихан, курстық жұмыс 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Ластаушылардың таралуының негізгі көздері
  • Табиғи су сапасының көрсеткіштері
  • Су объектілерінде жүретін үдерістер және олардың су сапасына әсері
  • Жер беті суларының ластануын бағалау критерилері
  • Су объектілерін қалпына келтірудегі ұйымдастырылған-технологиялық ерекшеліктер
  • Аз мөлшерде бұзылған ландшафт жағдайында су жинаушы алаңдарды құру
  • Көп мөлшерде бұзылған ландшафт жағдайында (қалалық территориялар) су жинаушы алаңдарды құру
  • Су қорғау аймақтарын ұйымдастыру
  • Жағаны бекіту (нығайту) жұмыстары
  • Өндіріс және тұтынушылар қалдықтарын рұқсатсыз орналастыру нәтижесінде бұзылған жайылма және жағалаудағы алаңдарды рекультивациялау
  • Су объектілеріндегі өзін-өзі тазалау үрдісін белсендету
  • Өзін-өзі тазалау үдерістерін белсендетудің инженерлік тәсілдері: жоғарыда орналасқан тоғандар-биотұндырғыштар, жайылма суқоймалары-биотұндырғыштар, құламалы-аэраторлы арналы бьефтар, арнадағы бөгеулер және жартылай бөгеулер, жайылма және арнадағы биоплато, суағысындағы құм ұстағыштар, суды аэрациялау (аэрирование воды)
  • Су объектілерін шөгінділерден тазалау жұмыстарын ұйымдастыру
  • Суаттарды топырақ сорғыш снарядтармен тазалау
  • Шағын өзендерді тазалау
Негізгі әдебиет
  • 1 В.И. Сметанин, Восстановление и очистка водных объектов. КолосС, М.: 2003 г.
  • 2 Н.И. Игошин, Проблемы восстановления и охраны малых рек и водоемов. Бурун Книга, М: 2009 г.
  • 3 Комплексное использование водных ресурсов: Учебник для вузов по специальности «Водоснабжение и водоотведение»/ С.В. Яковлев, И.Г. Губий, И.И. Павлинова, - М: Высшая школа, 2008;
  • 4 Водный кодекс Республики Казахстан от 9 июля 2003 года (с изменениями и дополнениями), Астана
  • 5 Экологический кодекс Республики Казахстан от 9 января 2007 года, Астана