Техническое регулирование

Сипаттама: Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау, сынақ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі қызметті және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалауды қоса алғанда, телекоммуникация құралдары мен өлшеу техникасына қойылатын міндетті талаптарды айқындауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Техникалық реттеу саласындағы құқықтық, теориялық және тәжірибелік білімдерді иегерген мамандарды даярлау пәннің мақсаты болып табылады.
Міндет
  • стандарттарды қолдану, өлшем аспаптарының метрологиялық мінездемелерін, сертификация жасау тәртібін, өлшеу нәтижелерін өңдеу, техникалық тапсырмалар құрастыру және өлшеу құралдыарының техническалық шарттарын өңдеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Техникалық реттеу саласында арнайы білімдер
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Стандартизациялау және аккредитациялау саласында негізгі сонымен қатар арнайы білімдерді қолдану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Оқу және өзін-өзі басқару, білімін және әдістерін қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Әлеуметтік, экрнрмикалық, мамандырылған оөлдерді ауыстыра білуге икемділік.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Қоғамда және мамандық сферасында өз ойын толық жеткізе білу
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1 тақырып. Техникалық реттеу. Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің мақсаттары, міндеттері және принциптері.
  • 2 тақырып. Стандарттау. Стандарттау деңгейлері. Стандарттау объектілері, саласы, мақсаттары
  • 3 тақырып. Стандарттау саласындағы жұмыс түрлері. Стандарттау функциялары.
  • 4 тақырып. Стандарттау бойынша техникалық комитеттердің қызметі.
  • 5 тақырып. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар: ҚР мемлекеттік стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері; ҚР Стандарттау жөніндегі ұйымдар стандарттары мен ұсынымдары; халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қолдану; нормативтік құжаттардың санаттары мен түрлері.
  • 6 тақырып. Стандарттау әдістері. Стандарттау объектілерін реттеу (жүйелеу, типтеу, селекция, симплификация, оңтайландыру). Параметрлік стандарттау. Біріктіру, агрегаттау. Кешенді және озыңқы стандарттау.
  • 7 тақырып. Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ақпараттық қамтамасыз ету. Өнімді каталогтау.
  • 8 тақырып. Өнімнің және процестердің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау. Сәйкестікті міндетті және ерікті растау. Сәйкестікті растау саласындағы өнімді дайындаушылардың (орындаушылардың), сатушылардың құқықтары мен міндеттері.
  • 9 тақырып . Сәйкестік сертификаты. Сәйкестік белгісі. Сәйкестік туралы Декларация. Шет мемлекеттердің сәйкестігін растау нәтижелерін тану.
  • 10 тақырып. Аккредиттеу. Аккредиттеу рәсімі, саласы және объектілері.
  • 11 тақырып. Метрология негіздері. Заңнамалық, іргелі және практикалық метрология. ҚР өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі.
  • 12 тақырып. Шама бірліктері, шама бірліктерінің эталондары, өлшеу нәтижелерінің дәлдігі мен дұрыстығын білдіру тәсілдері.
Негізгі әдебиет
  • Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие. - Алматы: Казахстанская ассоциация маркетинга, 2012. 2. Фридман А.Э. Основы метрологии. Современный курс. –СПб.: НПО «Профессионал», 2008. 3. Алексеев В.В. Метрология, стандартизация и сертификация. –М.: Издательский центр «Академия», 2010.
Қосымша әдебиеттер
  • 4 Закон Республики Казахстан «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 г.(с изменениями). 5 Закон Республики Казахстан «О стандартизации» от 15 октября 2018 г.