Компаниялардың қаржылық есептемелері
Сипаттама: «Компанияның қаржылық есептемесі» пәні - кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін дайындау туралы курс. Қаржылық есептемелер басқарушы органдарының жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдердерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Бухгалтерлік есеп
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпаратарды дайындау және тапсыруды үйрету
Міндет
- ҚЕХС және ҚЕҰС сәйкес қаржылық есептемелерді дайындау және ұсыну бойынша теориялық және тәжірибелік білім алу, соның ішінде бухгалтерлік балансты, табыстар мен шығындар туралы есептемені, ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептемені, капитал ішінде қозғалыс туралы есептемені және түсініктеме жазбаны
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Қаржылық есептіліктің түсінігі мен мақсатын білу
- Қаржылық есептіліктің құрылымын және оған қойылатын талаптарды білу
- Шоғырландырылған қаржылық есептілік, оның мақсаты мен құралу әдістемесін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- ҚР –да қаржылық есептілікті құрастырудың тұжырымдамалық негізі мен қағидалары тұралы білім жүйесін қолануды
- Қаржылық есептілікте кейін тану мақсатымен қаржылық сипаттамадағы ақпараттарды бағалау, есептік тіркеу мен жинақтау сұрақтарын шешуді
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Компанияның қаржылық есептілігін жүргізу, құру, талдау және болжаудың нәтижесінде оның жалпы қаржылық жағдайын жақсартуға ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды жасау үшін пайдалана білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Бекітілген нысандар бойынша қаржылық есептемелерді дайындау
- Топта жұмыс істеуге қабілетті, өз ой топшылауын сауатты дәлелдей алады, жаңа шешімдер ұсынады, келісім таба алады, өз ойын коллектив ойымен салмақтайды
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білімдер алу машығын алады және білімін магистратурада жалғастырады. Кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылады
Негізгі әдебиет
- «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептемелер туралы» ҚР Заңы, 2007 жылдың 28 ақпаны, № 234 – III (2014 ж. өзгертулер мен толықтырулармен)
- Ұлттық қаржылық есептіліктің стандарты: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы, 31.01.2013 ж., № 50.
- Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (2013 ж. редакциясы) // www.minfin.kz
- Карибжанов О.М. Основы формирования финансовой отчетности в соответствии с МСФО. - Алматы: Центральный Дом Бухгалтера, 2012. – 122 с.
- Ержанов М.С., Нурумов А.Л. Финансовая отчетность казахстанских предприятий. - Алматы: Экономика, 2007 - 180 с.
- Скала В.И. Особенности оформления финансовой отчетности в аспекте МСБУ (IAS) №1. - Алматы: LEM (Лем), 2010. – 88 с.
- Проскурина В. П. Формы финансовой отчетности МСБУ (IAS) №1, МСБУ (IAS) № 7. - Алматы: LEM (Лем), 2010. – 40 с.