Банковские операции и услуги

Сипаттама: Коммерциялық банктердің Операциялар мен қызметтерін әр түрлігін, олардың қолданылу аясын және ерекшелігін, банк ісін ұйымдастыруда рөлін қарастырады. Банктік қызметі бағасына әсер ететін факторлар мен есептеудің негізгі әдістеріне, банктік қызметтің төлемділігін анықтауға ерекше көңіл бөлінеді.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • 1. Коммерциялық банк қызметінің негіздерінде теориялық білім алу.
Міндет
  • 1.Негізгі банк операцияларының мен қызметтерді ұйымдастыру және орындау туралы теориялық білім мен негізгі кешенді түсіністіктерді қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • 1. Әр түрлі банктік операцияларды мен қызметтердің сипатын, ұйымдастыру принциптері мен тәртіптерін, банк үшін операциялар тиімділігін анықтауды, тәуекел дәрежесін білу.
  • 2. Банк операцияларын жүргізу механизмін, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін біл.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • 1. Банк қызметін реттейтін нормативтік құжаттармен жұмыс істей білу;
  • 2. Банк операцияларының негізгі түрлерін құжаттық рәсімдей білу және жүргізе білу (депозиттік, несиелік, бағалы қағаздар және шетел валютасымен операцияларды, коммерциялық банктердің есеп айырысу және кассалық қызмет көрсету, ымыра жасау және басқа да операциялары) .
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • 1. Банк операцияларының және қызметтердің экономикалық тиімділігін негіздей білу;
  • 2. Басқарушылық шешімдер қабылдау үшін, клиенттің несиеге қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік, қаржылық интерпритация және талдау және басқа да ақпараттарды, банк операцияларын жүзеге асыру процесінде шығармашылық тәсілдердің дағдыларын меңгере білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • 1. Депозит, несиелеу және басқа да операциялар бойынша клиенттерге кеңес бере білуі;
  • 2. Операцияларды жүргізу кезінде банк жүйесін автоматтандыруды қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін өзін-өзі оқытуға дағдылануға және қаржылық басқару дағдыларын тәжірибе жүзінде меңгеру.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Коммерциялық банктердің құрылу, жұмыс істеу негіздері және олардың қызмет ету шарттары. ҚР-да банктердің жұмыс істеуінің заңнамалық негізі. Банк ашуға рұқсат беру тәртібі. Банкті мемлекеттік тіркеу.
  • Пруденциялық реттеу. Банктердің оларды міндетті түрде сақтауы үшін уәкілетті орган белгілейтін пруденциялық нормалардың құрамына мыналар кіреді: Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері; ЖК жеткіліктілік коэффициенті; бір қарыз алушыға тәуекелдің max мөлшері; өтімділік коэффициенті; ашық валюталық позицияның лимиттері.
  • ҚР банк қызметін реттеу және қадағалау. Пруденциалдық нормативтер және банктер сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттер, банктердің қызметін инспекциялау (тексеру); банктің қаржылық жағдайын сауықтыру жөнінде ұсынымдар беру; банктерге шектеулі ықпал ету шараларын қолдану; банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар салу.
  • Банктің меншікті капиталы: функцияның құрылымы және капиталдандыру жолдары. Екінші деңгейдегі банктердің меншікті капиталы және олардың функциялары. Банктің акционерлік капиталы, оларды қалыптастыру тәртібі. Банктердің депозиттік операциялары. Қарыз қаражатын тарту бойынша банктердің операциялары. Банкаралық несие нарығы.
  • Депозиттік портфель және депозиттік саясат. Депозит ұғымы және оның түрлері. Депозиттік саясат
  • Депозиттік емес қорландыру көздерін банктік операциялар. Банкаралық кредиттер, ҚР Ұлттық Банкінің кредиттері
  • ЕДБ міндеттемелер портфелін басқару. Макро және микродеңгейде пассивтерді басқару.
  • Кредит беру жүйесінің элементтері және кредиттік процесс. Кредит беру субъектісі, объектісі. Кредиттердің түрлері мен формалары.
  • Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдаудың банктік технологиялары. Банктік несие беру кезінде құжаттардың өту және тәртібі. Банктік несие беру тәртібі. Қысқа мерзімді кредитті өтеу тәртібі және несие үшін төлем. Несиелердің пайдаланылуын және өтелуін бақылау.
  • Банктік несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандары. Кепіл,кепілдік, кепілгерлік, цессия және кредиттерді сақтандыру.
  • Банктік маркетинг: принциптер, әдістер және стратегиялар. Банктік маркетингтің қажеттілігі мен мәні.
  • Банктік пайыз және пайыздық есептеулер. Қарапайым пайыздар, күрделі пайыздар. Есептелген пайыздардың сомасы. Кредит бойынша төлем мерзімдерін белгілеу әдістері
  • Кредитный портфель и управление проблемными кредитами. Правила классификации активов и порядок начисления провизий (резервов) по ним в банках второго уровня РК.
  • Коммерциялық банктердің қаржылық қызметтері. Лизинг, факторинг, траст.
  • Коммерциялық банк қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау. Коммерциялық банк кірістерінің жіктелуі. Коммерциялық банк шығындарының жіктелуі. Екінші деңгейдегі банк қызметінің қаржылық нәтижесін анықтау.
Зертханалық сабақтардың тақырыптары
Негізгі әдебиет
  • 1. Банковское дело: учебник / под ред. У. М. Искакова. - Алматы: Экономика баспасы, 2011. - 551 с.
  • 2. Банки и банковское дело. Под ред. Балабанова И.Т..- Санкт-Петербург: Питер, 2011.- 304 с.
  • 3. Банковское дело/Под ред. Г.С.Сейткасимова.- Алматы: 2008.-576 с.
  • 4. Хамитов Н.Н. Банковский менеджмент: Учебное пособие.-Алматы: Экономика, 2007.-232 с.
  • 5. Банковское дело : учеб. для бакалавров / под ред. Е. Ф. Жукова, Ю. А. Соколова. – М. : Юрайт, 2012. – 590 с.
  • 6. Банковское дело (Настольная книга банкира): Учеб. Пособие/Под научной ред. А.А. Абишева, С.А. Святова. - Алматы: Экономика, 2007 -382 с.
Қосымша әдебиеттер
  • 1.Закон Республики Казахстан «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан» от 31 августа 1995 года № 2444 (с изменениями и дополнениями по состоянию на 24.04.2019 г.)
  • 2.Официальный сайт Национального Банка РК www.nationalbank.kz