Управление природными ресурсами

Сипаттама: Пән басқару жүйесінің негізгі теориялық ережелерін, табиғи ресурстарды Мемлекеттік басқарудың әкімшілік-құқықтық механизмін зерделеуге, табиғи ресурстарды реттеу және басқару дағдыларын меңгеруге, сонымен қатар табиғи ресурстарды тиімді басқару бойынша тәжірибе мен заңнаманы қолдануға бағытталған.

Кредиттер саны: 6

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Қоғам мен табиғаттың өзара іс-қимылының экономикалық-құқықтық негіздерін, табиғатты тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін, сондай-ақ экономикалық жүйелердің дамуы мен қызмет етудегі экологиялық фактордың маңызы мен рөлін зерттеу.
Міндет
  • Қоғам мен табиғаттың өзара іс-қимылының экономикалық және құқықтық аспектілерін зерттеу;
  • Қоғамның орнықты экологиялық-экономикалық даму тұжырымдамасын және мемлекет пен Үкімет қызметінің экологиялық саясат саласындағы негізгі бағыттарын қарау;
  • Табиғатты пайдалануды басқаруды картографиялық қамтамасыз етуді зерделеу;
  • Қоршаған орта жағдайының өзгеруіне және экономиканың экологиялануына байланысты экономикалық проблемалар туралы жүйелі түсінік алу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • табиғат пайдалануды басқару мәселелерін жаһандық, өңірлік және жергілікті деңгейлерде шешуге арналған тұжырымдамалар, стратегиялар, орнықты даму және практикалық көзқарас проблемаларды білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Табиғи ресурстарды басқару саласындағы кәсіби проблемаларды шешу үшін қолда бар білімді пайдалану қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ақпаратты талдау, негізделген пікір айту және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласында негізделген қорытынды жасау қабілеті.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымдағы ұйымдастыру-басқару функцияларын орындау қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Экологиялық-экономикалық жүйелердің тұрақты дамуының оңтайлы шарттарын анықтау; табиғат қорғау міндеттерін шешуге байланысты тақырыптар бойынша логикалық пікірталас жүргізу дағдысы
Негізгі әдебиет
  • Гладун Е.Ф. Управление земельными ресурсами. – М.: Юрайт, 2013
  • Баденко В. Л., Богданов В. Л., Гарманов В. В., Осипов Г. К. Управление землепользованием. – СПГУ, 2014
  • Карпова Н.В. Управление земельными ресурсами. – М.: ТНТ, 2015
  • Вахитов Д.Р., Ибрагимов Л.Г. Управление земельными ресурсами на основе земельно-кадастровых систем. – М.: Руснайс, 2017