Управление персоналом

Сипаттама: Ұйымның персоналын басқарудың негізгі тәсілдерін зерделеу және персоналмен жұмыс істеу әдістері мен технологияларын игеру; персоналды басқарудың мәні кәсіпорын деңгейінде жұмыс күшін қалыптастыру, бөлу, қайта бөлу процесіне, кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және онда жұмыс істейтін қызметкерлердің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында қызметкердің еңбек сапасын (жұмыс күшін) пайдалану үшін жағдай жасауға өзара байланысты ұйымдық-экономикалық және әлеуметтік шаралардың көмегімен жүйелі, жоспарлы ұйымдастырылған ықпал ету болып табылады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Персоналды басқару бойынша теориялық білімді қалыптастыру, басқару процесстерін негіздерін дамытуға бағытталған мекеме персоналдарымен тиімді жұмыс істеу бойынша ойлау қабілетін дамыту.
Міндет
  • Персоналды басқарудың ғылыми негізін білу және менеджменттің бұл бөліміндегі негізгі концепциясымен білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Теориялық негіздерді білу, негізгі ұғымдарды және персоналды басқару принциптерін білу, персоналды басқаруды процесстерін зерттеудің негізгі түрлерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Бұл курсты білу персоналды басқару бойынша мамандарға кәсіби қызметтері үшін қажетті және нарықтық шартта кадрмен жұмыс істеу, мекемеде басқару жүйесін және персоналды басқару жүйесіндегі қатысушыларды қалыптастыруда қажет.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Өз бетінше және творчествалық ойлау, көп көлемдегі мәліметтерге бағдарлау
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Коммуникативті мүмкіндіктерге әлеуметтік – психологиялықсараптама жүргізу, тілдесу үрдісін бағдарламалау, тілдесу процестері және коммуникативті жағдайларды әлеуметтік – психологиялық басқару.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Оқу қабілетін дамыту, әр түрлі қайнар көздерінен ақпаратты іздеу және сараптама жүргізе білу, мәселелерді шешу; зерттеушілік қабілетті қалыптастыру.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Персоналды басқаруға кіріспе
  • Персонал қызметі және оның әрекет етуіне қойылатын негізгі талаптар
  • Ұйымда персоналмен жұмыс істеуді жоспарлау
  • Кадрларды жинақтау, іріктеу және қабылдау
  • Кәсіптік бағдар беру және еңбекке бейімделу
  • Персонал еңбегінің нәтижесін бағалау
  • Адами ресурстарды дамыту және персоналды оқыту процесі
  • Кәсіпорында іскерлік мансапты басқару
  • Персоналды ынталандыру механизмдері
  • Қызметкерлер еңбегінің өтемақы жүйесі
  • Персоналды жаңалық енгізуге және өзгерістерге дайындау
  • Персонал маркетингі және жұмыс берушінің бренді
  • Персонал еңбегін ұйымдастыру және қауіпсіздікті басқару
  • Персонал басқарудағы шетел тәжіребесі және халықаралық персоналды басқару
  • Персоналды басқару тиімділігі және кадрлық аудит
Негізгі әдебиет
  • Базаров Г.Ю. Управление персоналом. - М., 2012.
  • Магура М.И. Поиск и отбор персонала. – М., 2011
  • Травин В.В., Дятлов В.А. Основы кадрового менеджмента. М., 2009
  • Рахметов Б.А. Персоналды басқару. -А., 2005
  • Уилтон Н. HR менеджментке кіріспе. - А, 2019
Қосымша әдебиеттер
  • Трудовой кодекс РК от 15 мая 2007 г.