13 шілде Ұлттық аза тұту күні

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу

Сипаттама: Адамның тіршілік ету ортасымен (өндірістік, тұрмыстық, қалалық, Табиғи) қауіпсіз өзара іс-қимыл тәсілдерін, өндіріс жағдайында шаруашылық жүргізу объектілерінің (ұйымдардың) тұрақты жұмыс істеуін, жағымсыз факторлардан қорғау, зиянды және қауіпті факторлардың алдын алу және зардаптарын жою және қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану мәселелерін зерттейтін жоғары мектеп пәні.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Студенттерді тәжірибелік және теориялық тұрғыда объектілердің қауіпсіз жұмыс істеуі қамтамасыз етілетін техникалық регламенттің құрамын, технологиялық процестерді әзірлеу кезінде көзделетін қауіпсіздік жағдайларын жасаудың негізгі бағыттарын, техникалық реттеуді нормативтік және әдістемелік қамтамасыз ету шараларын қарастыру болып табылады.
Міндет
  • Жобалық құжаттамадағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелерінің шешімдерін қамтамасыз етуді, техникалық регламенттерді мемлекеттік қадағалау мен бақылау жүйесін білу, стандарттарды және басқа нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде техникалық реттеу әдістері мен принциптерін қолдануды білу студенттер үшін басты міндеттердің бірі.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Қазақстан Республикасындағы техникалық реттеу туралы заңнамалар саласындағы білімді алу, жалпы және салалық техникалық регламенттерді, республикалық стандарттар мен ұйымдар стандарттарын әзірлеу амалдарын, кәсіпорындардың мемлекеттік билік органдарымен өзара әрекеттесуін меңгеруі
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Тәжірибелік және теориялық тұрғыда объектілердің қауіпсіз жұмыс істеуі қамтамасыз етілетін техникалық регламенттің құрамын, технологиялық процестерді әзірлеу кезінде көзделетін қауіпсіздік жағдайларын жасаудың негізгі бағыттарын, техникалық реттеуді нормативтік және әдістемелік қамтамасыз ету шараларын қарастыру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жобалық құжаттамадағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелерінің шешімдерін қамтамасыз етуді, техникалық регламенттерді мемлекеттік қадағалау мен бақылау жүйесін білу, стандарттарды және басқа нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде техникалық реттеу әдістері мен принциптерін қолдану
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Техникалық регламенттерді мемлекеттік қадағалау мен бақылау жүйесін білу, стандарттарды және басқа нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде техникалық реттеу әдістері мен принциптерін қолдануды білу студенттер үшін басты міндеттердің бірі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Технологиялық процестерді әзірлеу кезінде көзделетін қауіпсіздік жағдайларын жасаудың негізгі бағыттарын, техникалық реттеуді нормативтік және әдістемелік қамтамасыз ету шараларын қарастыру
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе. Пәннің тақырыбы және міндеттері. Техникалық регламент өнеркәсіптік қауіпсіздікті реттеу негізі ретінде. Техникалық регламенттің құрамы.
  • «Техникалық реттеу туралы» заңның қолданылу облысы. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік реттеу жүйесі. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау.
  • Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Өнімнің, қызметтің қауіпсіздігі және сапасы.
  • Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы. Аккредиттеу жөніндегі орган. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сараптық кеңестер. Саудадағы техникалық тосқауылдар. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар, зертханалар.
  • Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыреті. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құруға қатысу. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясат.
  • Техникалық регламенттердің мазмұны. Техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін өнімнің, процестердің сипаттамаларына қойылатын талаптар. Техникалық регламенттерді әзірлеу кезінде шетел мемлекеттерінің, халықаралық және өңірлік ұйымдардың нормалары мен стандарттарын қолдану. Техникалық регламенттің арнайы талаптары.
  • «Көтергіш-тасымал құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті. Қауіпсіздікке қойылатын талаптар. Көтергіш-тасымал құралдарын жинақтауға, қайта құруға және жөндеуге қойылатын талаптар. Көтергіш-тасымал құралдарының жүк қармау органдарына қойылатын талаптар.
  • Көтергіш-тасымал құралдарының тежегіштеріне, жүріс доңғалақтарына, тіректі тетіктерге, тең салмаққа және балластқа қойылатын талаптар. Қауіпсіздік аспаптары және құрылғылары. Кабель типті көтергіш-тасымал құралдарға қойылатын талаптар. Консервациялау және жою кезінде қойылатын талаптар. Сәйкестікті растау.
  • «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті. Ыдыстарды жасау кезінде қолданылатын материалдарға; арматураны жасауға, қайта салуға, жинақтауға, баптауға және жөндеуге; бақылау-өлшеу аспаптарына, сақтандыру құрылғыларына; бақылау-өлшеу аспаптарына, сақтандыру құрылғыларына қойылатын қауіпсіздік талаптары.
  • Сұйытылған газдарды тасымалдау үшін цистерналар мен бөшкелерге қойылатын талаптар. Баллондарға қойылатын талаптар. Пайдаланудан шығарғандағы және пайдаға асырғандағы қауіпсіздік талаптары. Сәйкестікті растау.
  • «Су жылытатын және бу қазандықтарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті. Су жылытатын қазандықтарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар: жобалау кезінде, пайдалану кезінде.
  • Бу қазандықтарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар: жобалау кезінде, пайдалану кезінде. Пайдаланудан шығарғандағы және пайдаға асыру кезіндегі қауіпсіздік талаптары. Сәйкестікті растау.
  • Технологиялық құбырларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікке қойылатын талаптар. Шартты қысымы 10МПа дейінгі технологиялық құбырлар.
  • 10 МПа жоғары 320 МПа дейінгі жоғары қысымды технологиялық құбырлар.
  • Технологиялық құбырларды жинақтауға қойылатын талаптар. Жинақталған құбырларды сынауға және қабылдауға қойылатын талаптар. Жер асты құбырлары. Жөндеу және жинақтау жұмыстарын орындау.
Зертханалық сабақтардың тақырыптары
  • қарастырылмаған
Негізгі әдебиет
  • 1 Гринин А.С. Безопасность жизнедеятельности: учебное пособие / А.С. Гринин, В.Н. Новиков. – М.:ФАИР – Пресс, 2002. – 288 с. 2 Безопасность жизнедеятельности. Защита населения и территорий при чрезвычайных ситуациях: учеб. пособие / В.В. Денисов, К.А. Денисова, В.В. Гутенев, О.И. Монтовила. – М.: Март, Ростов н/Д: Март, 2003. – 608 с. 3 Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности; курс лекций / Н.Г. Приходько. – Алматы: Юридическая литература, 2006. – 366 с. 4 Безопасность жизнедеятельности / под ред. О.Н. Русака. – СПб.: Лань, М.: Омега-Л, 2004. – 448 с. 5 Белов С.В. и др. Безопасность производственных процессов. Справочник / Под ред. Белова С.В. – М.: Машиностроение, 1985 - 448 с.