Ғылыми зерттеу негіздері

Сипаттама: Пән Қазақстан Республикасындағы ғылымды ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу жұмысының әдістеме мәселесін, өзекті ғылыми бағытттар мен тақырыптарды, зерттеу әдістері, тәжірибені ұйымдастыру және жоспарлауды қарастырады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқытудың мақсаты болашақ магистрлерді құрылыс саласындағы ғылыми зерттеуді тиімді ұйымдастырумен таныстыру болып табылады.
Міндет
  • Ғылыми зерттеужүргізу әдістемесі, тәжірибені ұйымдастыру және жоспарлаумен таныстыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Құрылыс саласындағы ғылыми зерттеулердің өзекті бағыттарын таңдау
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Диссертацияның тақырыбын және өзектілігін негіздеу арқылы зерттеу мақсаттарын құрастыру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Мақсатқа жету үшін шешуге қажет обьекті мен ғылыми сұрақтарды белгілеу арқылы ғылыми зерттеудің сатыларын жоспарлау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Зерттеу әдісін таңдау
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Ғылыми ұжым жұмысын ұйымдастыру
Негізгі әдебиет
  • 1 ГОСТ 15.101-98. Порядок выполнения научно-исследовательских работ. Межгосударственный стандарт. – М. . ВНИИстандарт. 1998. 10 с. 2 ГОСО РК 5.03.11-2006. Система образования Республики Казахстан. Научно-исследовательская работа в высших учебных заведения. – Астана. 2006 г. 10 с. 3 Петров, О.М., Валентинов В.В. Пути совершенствования планирования и управления наукой в вузах // Тенденции развития высшей и средней специальной школы. – М., 1988. – С. 122-135.