Ақпараттық жүйелердің бағдарламалық құралдары
Сипаттама: Курста ақпараттық жүйелердің бағдарламалық қатамамалрының негізгі түрлері, деректерді өңдеу жүйелері және ақпараттық - іздеу жүйелері, аналитикалық ақпараттық жүйелер, шешім қабылдауды қолдау жүйелері, қосымшаларды жобалаудың негізгі кезеңдері оқытылады. Пәнді оқу ақпараттық жүйелердің деректер базасымен жұмыс істеу және талдау қосымшаларын құру үшін қажетті білім береді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Бағдарламалау технологиясы
- Деректер базасын жобалау және әкімшілік ету
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | |
| Зертханалық жұмыстар | 30 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Курстың мақсаты - кәсіпорынның ақпараттық ресурстарын жинау мен өңдеуді қамтамасыз ететін, ақпараттық жүйелерді әзірлеудің бағдарламалық құралдарымен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын игеру.
Міндет
- - ақпараттық жүйелердің бағдарламалық жасақтамасының жіктелуін (жүйелік, қолданбалы және аспаптық бағдарламалық жасақтама); - ақпараттық жүйелердің бағдарламалық құралдарын жіктеу (деректерді өңдеу жүйелері және ақпараттық - іздеу жүйелері (OLTP - жүйелер), талдамалық ақпараттық жүйелер (OLAP-жүйелер), шешімдерді қабылдауды қолдау жүйелері (Data Mining жүйелері); - ақпараттық жүйелердің бағдарламалық құралдарын өндіру технологиясы және оларды қолдаудың аспаптық құралдары (Rapid Application Development, RAD қосымшаларын жылдам әзірлеу әдістемесі) білу керек;
- Visual Studio аспаптық ортасында. NET платформасында C# тілінде деректер базасын басқарудың әртүрлі жүйелері (ДҚБЖ) үшін ақпараттық-бағдарламалық кешендерді әзірлеудің, күйін келтірудің және құжаттаудың заманауи технологияларын қолдана білу;
- электрондық құжат айналымының стандарты ретінде XML-құжаттарын өңдеу дағдысының болуы;
- - CASE бағдарламалары мен бағдарламалық инженериясын дамытудың заманауи құралдарын дамыту саласында құзыретті болу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Деректер базасын басқару жүйелерінің қызмет ету принциптерін, деректерге қол жеткізудің өндірістік стандарттарын білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Деректерді өндеудің навигациялық және реляциялық әдістерін қолдану. ДБ процессорларын, ODBC стандартын, OLE DB технологиясын және ADO протоколын қолдану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Қосымшалар жетілдіру және дамыту жөніндегі пайымдаулар тұжырымына дайын болу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- ІТ-жобаларды бизнес ынтымақтастық тұлғааралық және топтық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Таратылған қосымшалар мен жүйелерді әзірлеудің, құжаттаудың дағдылары. Қазіргі операциялық орталар мен деректерді басқару орталарында қолданбалы программалау, мобильді программалық өнімдерді әзірлеу.