Құрылыс физикасы
Сипаттама: Пән ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға байланысты физикалық құбылыстар мен процестерді қарастырады және қоршау құрылымдарының заманауи құрылымдық шешімдерін зерттеуге бағытталған. Ғимараттарда (құрылыстарда) қажетті температуралық-ылғалдылық, акустикалық және жарық техникалық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылыс климатологиясы, жылу техникасы, акустика, жарық техникасы туралы маңызды түсінік береді.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Физика
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 90 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Пәннің мақсаты студенттердің құрылыс физикасы саласында білім алуы және оларды ғимараттардың қоршау конструкцияларын жобалау кезінде қолдану болып табылады.
Міндет
- Пәннің міндеттері құрылыс жылу техникасы және ғимараттарды жылудан қорғау, ғимарат конструкцияларын ылғалдан қорғау, қоршаулардың нормативтік ауа өткізгіштігін қамтамасыз ету, нормативтік табиғи жарықтандыру және инсоляция, сондай-ақ шуылдан қорғау саласында білім мен дағдыларды алу болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Студенттер ғимараттардың көлемдік-жоспарлау шешімдерін және қоршау конструкцияларының конструктивтік шешімдерін, конструктивтік және құрылыс жүйелерінің негіздерін анықтайтын орта физикасының заңдарын білуі тиіс
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- - елдімекен құрылыс нысандарын сол жердің климаты бойынша талдап, схемаларын салу; - зерттелген материал негізінде климаты бойынша қортынды жасау;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Студенттер заманауи жобалау нормаларын қолдана отырып, құрылыс физикасы саласындағы есептерді өз бетінше жүргізе білуі керек, нәтижелерді талдай алуы керек
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Әңгіме - диалог жүргізу, сөйлеу этикеті ережелерін қолдану
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Келесі пәндердегі міндеттерді қою және шешу қабілеті
Оқыту әдістері
- интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: білім (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық; - ізденіс-зерттеу (оқу үрдісіндегі студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- ҚҰРЫЛЫС КЛИМАТОЛОГИЯСЫ
- Ерекше климаттық жағдайларда құрылыс салу тәсілдері және ғимараттардың көлемдік-жоспарлау шешімдері
- ҚҰРЫЛЫС ЖЫЛУ ТЕХНИКАСЫ
- Бір қабатты және көп қабатты қоршаулардағы жылу беру
- Біртекті емес қоршау конструкцияларын термофизикалық есептеу ерекшеліктері
- Ауа өткізгіштігіне арналған қоршау конструкцияларын есептеу
- Қоршау конструкцияларының ылғалдылық жағдайы
- ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖАРЫҚТЕХНИКА
- Инженерлік есептеу әдісі ТЖУ (табиғи жарық коэффициенті)
- Жердің жарық климаты туралы түсінік
- Табиғи жарықтандыру жүйелерін жобалау
- СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКУСТИКАСЫ
- Ғимараттарда ауа және соққы шуының таралуы
- Акустика
- Жабық үй-жайлардың геометриялық акустика негіздері
Негізгі әдебиет
- 1. Бендер М.П. Бендер О.А. Основы архитектурно-строительной физики. (Краткий теоретический курс) г. Усть-каменогорск 2012 г 2. С.В.Стецкий, К.О.Ларионова Строительная физика ( Краткий курс лекций) Москва 2014 3. Бендер М.П. Бендер О.А. Примеры расчетов: ( теплотехническоткого,светотехничнического ) г. Усть-каменогорск 2012 г 4. К.А.Андрионов, И.В.Матвеева, А.М.Макаров Строительная физика Методические указания к лабораторным работам 5. Қазақша- орысша, орысша- қазақша терминлогиялық сөздік т.1 Физика және астраномия. А.: «Рауан баспасы» , 2000
Қосымша әдебиеттер
- 1. Гусев Н.М. Основы строительной физики. М.: Стройиздат , 1975 2. Ковригин С.Д. Архитектурно- строительная акустика М.: Высшая школа, 1990 3. Осипов Г.Д. Защита зданий от шума. М.: Стройиздат 1972. 4. Заборов В.И., Лалаев Э.М., Никольский В.Н. Звукоизоляция в жилых и общественных зданиях. Стройиздат, 1979 5. Прутков В.Г. Шишкин И.А., Осипов Г.Л. Шумозащита в градостроительстве. М.: Строиздат, 1996 6. Юдин Е.Н. Борьба с шумом. М.: Стройиздат, 1964 7. Гусев Н.М. Основы строительной физики. М.: Стройиздат , 1975