Электротехниканың теориялық негіздері I
Сипаттама: Бұл пән тұрақты ток тізбектерін, ондағы элементтерді толығымен қарастырады. Тізбекте жүзеге асырылатын негізгі заңдарға толық қанды мағлұматтар беріліп, осыған орай тапсырмалар орындалады, ток пен кернеу арасындағы байланысты көрсететін топографиялық диаграммалар қарастырылады. Айнымалы ток тізбектері, синусоидалық заңдылықтар, ток, кернеу және ЭҚК –ң өзгеру заңдары, параметрлердің әсерлік мәндері ұғымдары оқытылып үйретіледі
Кредиттер саны: 5
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 15 |
Зертханалық жұмыстар | 15 |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Пәнді оқытудың мақсаты – есептеу әдістемесін білетін білікті маманды теориялық және практикалық тұрғыдан дайындау. Осы білімді электротехникадағы электр тізбектеріне негізделген практикалық есептерді шешуге қолдана білу, арнайы пәндерді оқуға негіз қалыптастыру
Міндет
- Тұрақты ток тізбектері, бір фазалы синусоидалы ток, үш фазалы электр тізбектері үшін негізгі теңдеулер мен есептеу әдістері бойынша білім алу. Электр тізбектерін жинаудың практикалық және токтың, кернеудің, қуаттың шамасын эксперименттік анықтау дағдылары.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студент: - сызықты электр тізбектерінде тұрақты токты есептеу әдістерін қолдана отырып инженерлік есептерді шешу туралы; - синусоидалы ток тізбектерінде инженерлік есептерді шешу туралы; - үш фазалы тізбектерде әртүрлі режимдерді есептеу әдістерін қолдана отырып инженерлік есептерді шешу туралы дағдыға ие болуы тиіс.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студент білуі тиіс: -тұрақты ток электр тізбектерінің негізгі заңдарын; - синусоидалы ток электр тізбектерінің негізгі заңдарын; - үшфазалы тізбектерді есептеуге арналған сұлбалар мен формулаларды;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Электрлік шамаларды өлшеу және өлшеу нәтижелерін өңдеу. Негізгі электр қондырғыларының параметрлері мен сипаттамаларын тәжірибелік түрде анықтау;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Алғырлық, ұйымшылдық, қоғаммен жұмыс істей білу қабілеттілігі, зеректілік.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- білу керек:-қолданбалы есептерді шешу үшін ЭТН1 курсын оқу кезінде алынған білімді қолдану;-тұрақты және синусоидалы токтардың тізбектерін есептеу әдістерін қолдану; - үшфазалы тізбектердегі әртүрлі режимдерді зерттеу
Оқыту әдістері
интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: басқарылатын пікірталас немесе әңгіме; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; миға шабуыл; мотивациялық сөйлеу)
берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайларды дамыту сценарийлерін құру
ақпараттық-коммуникациялық (қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар)
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Дәріс конспекті, тақырып 1-7 | 0-100 |
Зертханалық жұмыс 1 | ||
Зертханалық жұмыс 2 | ||
Есептік графикалық жұмыс 1 | ||
Есептік графикалық жұмыс 2 | ||
Аралық тестілеу РК1 | ||
2 рейтинг | Дәріс конспекті, тақырып 8-15 | 0-100 |
Зертханалық жұмыс 3 | ||
Зертханалық жұмыс 4 | ||
Есептік графикалық жұмыс 3 | ||
Есептік графикалық жұмыс 4 | ||
Аралық тестілеу РК2 | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз | |
Практикалық сабақтардағы жұмыс | талап етілетін есептеу әдістері тізбегін сақтай отырып, практикалық жұмысты толық орындады; Жауабын жаңа мысалдармен сүйемелдейді, білімді жаңа жағдайда қолдана біледі. | бір қате немесе екіден аз кемшілік жіберілді, оны студент өз бетінше немесе мұғалімнің азғантай көмегі арқылы түзете алады; жауап білімді жаңа жағдайға қолданбай берілді | жұмысты толық орындамаған, бірақ дұрыс нәтижелер мен қорытындыларды алуға мүмкіндік беретін практикалық жұмыс көлемінің 50% кем емес; Жұмыс барысында қателіктер жіберілді. | жұмысты толық аяқтамады немесе жұмыстың аяқталған бөлігінің көлемі дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Сұрақтарға жауап беру кезінде бағдарлама талаптарына сәйкес негізгі білім мен дағдыларды меңгермегендігін көрсетті. |
Зертханалық жұмыс бойынша есептердің орындалуын және тексерілуін бақылау | студент тәжірибелер мен өлшемдердің қажетті ретін сақтай отырып жұмысты толық көлемде орындайды; барлық жазбаларды, кестелерді, сызбаларды, графиктерді және есептеулерді дұрыс толтырады. Қорғау барысында сұрақтарға жауап беру кезінде сұрақтың мәнін дұрыс түсінеді, негізгі ұғымдарға нақты анықтама беріп, түсіндіреді. | бір қате немесе екіден көп кемшілік жіберілді, оны студент өз бетінше немесе мұғалімнің азғантай көмегі арқылы түзете алады; қорғау барысында білімдерін жаңа жағдайға қолданбай жауап беріліді. | эксперимент және өлшеу кезінде қателер жіберілді; Қорғау кезінде сұрақтарға жауап беру кезінде сұрақтың мәнін дұрыс түсінеді, бірақ жауапта курс сұрақтарын меңгеруде бағдарламалық материалды одан әрі меңгеруге кедергі келтірмейтін жеке мәселелер туындайды. | жұмыс толық орындалмаған немесе жұмыстың аяқталған бөлігінің көлемі дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді; Қорғау кезінде сұрақтарға жауап беру кезінде бағдарлама талаптарына сәйкес негізгі білім мен дағдыларды игермеген және 3 деген бағаға қажеттіден көп қателер мен кемшіліктер жіберген немесе қойылған сұрақтардың ешқайсысына жауап бере алмайды. |
Бақылау сұрақтары бойынша сұхбат | осы курстың теориялық білімі, терминологиясы және негізгі заңдылықтары игерілген; құбылыстар мен процестердің мәнін логикалық және жүйелі түрде түсіндіреді; мысалдар келтіреді, монологтық сөйлеуде еркін сөйлейді және нақтылау сұрақтарына тез жауап бере алады. | осы курстың теориялық білімі, терминологиясы және негізгі заңдылықтары игерілген; құбылыстар мен процестердің мәнін логикалық және жүйелі түрде түсіндіреді; мысалдар келтіреді, монологтық сөйлеуде еркін сөйлейді, бірақ сонымен бірге ол өз бетінше немесе мұғалімнің шамалы түзетуімен түзететін болмашы қателіктер жібереді. | Теориялық білімі таяз, дәлелді қорытынды жасау және мысалдар келтіру қабілеті жеткіліксіз, монологтық сөйлеуде, терминологияда, баяндау логикасы мен жүйелілігінің жеткіліксіздігін көрсетеді, мұғалімнің түзетуімен ғана түзетілетін қателіктер жібереді. | пәннің тФеориялық негіздерінен хабарсыздығын, құбылыстар мен процестерді талдау дағдыларының қалыптаспағанын көрсетеді, дәлелді қорытындылар жасауды және мысалдар келтіруді білмейді, мұғалімнің түзетуімен де түзете алмайтын қателіктер жібереді. |
Аралық бақылауға арналған тест түріндегі тапсырмалар | 100-90% дұрыс жауаптар | 89-70% дұрыс жауаптар | 69-50% дұрыс жауаптар | 49-0% дұрыс жауаптар |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Тұрақты токтың сызықты электр тізбектері
- Бірфазалы синусоидалы токтың электр тізбектері Бірфазалы синусоидалы токтың негізгі ұғымдары
- Үшфазалы тізбектер
- Синусоидалы емес токтар
- Индуктивті байланысқан тізбектер
Негізгі әдебиет
- 1. М.М. Аршидинов,Л.П.Болдырева.Теоретические основы электротехники І . Методические указания и задания к выполнению расчетно-графических работ No1-3(для специальности 5В071800 –Электроэнергетика). Алматы: АУЭС, 2016, 18с. 2.Л.П.Болдырева, Г.К. Смагулова.Теоретические основы электротехники І. Методические указания и задания по выполнению лабораторных работ студентов специальности 5В071800–Электроэнергетика.Алматы: АУЭС, 2016, 35 с. 3.В.И.Денисенко, С.Ю.Креслина. Теоретические основы электротехники І.Конспект лекции (для студентов всех форм обучения специальности 050718 –Электроэнергетика). Алматы: АИЭС, 2007,62с. 4.В.И.Денисенко, С.Ю.Креслина. Теоретические основы электротехники 1.Конспект лекции (для студентов всех форм обучения специальности 050718 –Электроэнергетика). Алматы: АИЭС, 2006,63с. 5. Бессонов Л.А. Электрические цепи.-М.: Гардарики, 2013. –638 с. 6. Атабеков Г.И. ТОЭ. Линейные электрические цепи.-СПб.: «Лань»,2010 7. Аполлонский, С.М. Теоретические основы электротехники. Электромагнитное поле: Учебное пособие / С.М. Аполлонский. - СПб.: Лань, 2018. - 592 c. 8. Лоторейчук, Е.А. Теоретические основы электротехники.: Учебник / Е.А. Лоторейчук. - М.: ИД ФОРУМ, НИЦ ИНФРА-М, 2016. - 320 c.
Қосымша әдебиеттер
- 7. ТОЭ т.1/под ред. Демирчян К.С. и др.-СПб. 20068. Сборник задач по теоретическим основам электротехники/ Л.Д.Бессонов, И.Г.Демидова, М.Е.Заруди и др.-М.: Высшая школа, 2003.-52с.9. Денисенко В.И., Зуслина Е.Х ТОЭ. Учебное пособие.-Алматы: АИЭС, 2000, 83 с.10.Демирчян К.С., Нейман Л.Р., Коровкин Н.В., Чечурин В.Л. Теоретические основы электротехники. Т.1. -СПб.: Питер, 2003.-463с.11.Прянишников В.А. ТОЭ: Курс лекций: Учебное пособие –3-е изд., перераб. и доп. –СПб., 2000 –368 с.12.Бессонов Л.А. Теоретические основы электротехники.-М.: Гардарики,1999. -638с.13.Зевеке Г.В., Ионкин П.А., Нетушил А.В., Страхов С.В. Основы теории цепей.-М.: Энергоатомиздат, 1989. -528с.14.Электротехника и электроника в экспериментах и упражнениях: Практикум на ElectronicsWorkbench. В 2-х томах/ Под ред. Д.И. Панфилова –М.: ДОДЭКА, 1999.-т.1-Электротехника. –304с.