Қара металл кендерін байыту технологиясы

Еркешева Меруерт Сарсенбаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Магнетит, титан-магнетит және тотыққан темір кендерін, қоңыр теміртастарды, марганец және хром кендерін байыту теориясы мен тәжірибесінің негіздерін зерттейді. Қара металл кендерін байытудың дайындау, негізгі және көмекші процестері қарастырылады. Осы кендерді өңдейтін байыту фабрикаларының технологиялық сұлбалары, сондай-ақ осы кәсіпорындарда қолданылатын жабдықтар келтірілген.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Магниттік, электрлік және арнайы байыту әдістері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Студентте қара металлургияның шикізат базасы және байыту әдістерінің комбинацияларын немесе аралас сұлбаларды қолдана отырып, шикізатты кешенді пайдалануды жүзеге асыру жолдары туралы білім қалыптастыру.
Міндет
  • Студенттерге технологиялық режимдер мен сұлбалардыды талдауға үйрету; қара металл металдарының кендерін тиімді және кешенді пайдалану үшін технологиялық процестерді, режимдерді жетілдірудің ең перспективалы бағыттарын таңдау.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • қара металл кендерінің негізгі түрлерінің минералогиялық құрамын білу; қара металл металдар кендерінің шикізат базасын білу; шикізаттың негізгі түрлерін дайындаудың, өңдеудің, байытудың және кешенді пайдаланудың технологиялық сұлбаларын, режимдері мен ерекшеліктерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • кеннің заттық құрамына қарай технологияны таңдауды негіздей білу; технологиялық сұлба операцияларын іске асыру үшін реагенттік режимді, жабдықты және оның типтік мөлшерін таңдауды негіздей білу; кеннің сапасына қарай байытудың технологиялық көрсеткіштерін негіздей білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • қара металл кендерін байытудың отандық және шетелдік тәжірибелеріне аналитикалық шолу дағдыларын меңгеру; жұп металл кендерін байытудың технологиялық режимдеріне талдау жүргізу дағдыларын меңгеру; кен сапасы өзгерген кезде кәсіпорын жұмысының нәтижелерін болжау дағдыларын меңгеру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • қалдықтары аз және экологиялық таза технологияларды қамтамасыз ететін пайдалы қазбаларды байытудың кешенді технологиялық процестері мен сұлбаларын әзірлеу; технологиялық шешімдерге салыстырмалы талдау жүргізу және байыту фабрикалары мен өндірістерінде минералдық шикізаттың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін іс-шараларды әзірлеу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • пайдалы қазбаларды байыту бойынша жұмыстарды өндіру технологиясын таңдау, қажетті құжаттаманы жасау қабілеті
Оқыту әдістері

- оқытудың интерактивті технологиялары; - компьютерлік оқыту технологиялары; - оқу міндеттерін шешу; - оқу процесі кезінде студенттердің өзіндік зерттеу жұмысы.

Негізгі әдебиет
  • 1. Абрамов А. А. Переработка, обогащение и комплексное использование твердых полезных ископаемых/А.А. Абрамов .- М.: Изд-во Моск.гос.горн.ун-та, 2004 т.2- 510с. 2. Технология обогащения полезных ископаемых. Конспект лекций. – Красноярск. СФУ, 2011 – 372с. 3. Алгебраистова Н.К. Технология обогащения руд цветных металлов.-Электронный ресурс: конспект лекций/Н.К.Алгебраистова, А.А.Кондратьева –электрон. Данные (5Мб)- Красноярск: ИПК СФУ, 2009 – 282с.
Қосымша әдебиеттер
  • 4. Богданов О.С. Справочник по обогащению руд. Обогатительные фабрики. Ч.3 – М.: Недра, 1984 – 358с. 5. Еремин Н.И. Неметаллические полезные ископаемые. /Н.И.Еремин. М.: МГУ, 2004 6. Авдохин В.М. Основы обогащения полезных ископаемых. Обогатительные процессы. /В.М. Авдохин. М.: МГУ, 2006 т.1 -352с. 7. Бочаров В.А., Игнаткина В.А. Технология обогащения полезных ископаемых. Т.1.: Минерально сырьевая база полезных ископаемых. Обогащение руд цветных металлов, руд и россыпей редких металлов. – М.: Издательский дом «Руда и Металлы», 2007. -472с.