Маркшейдерлік сызу
Окасова Анар Даулетбековна
Сипаттама: Курс көлемінде студент қарындашпен, рейсфедермен, сызғыш қаламмен, қылқаламмен және акварельді бояулармен сызудың негізгі ережелері мен тәсілдерін меңгереді. Шрифтерді, топографиялық шартты белгілерді құру және өндірістік - техникалық объектілердің, пайдалы қазбалардың, тау-кен жыныстарының тау-кен сызбаларында шартты графикалық белгілерді орындау ережелерін меңгеру.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Геодезия
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 90 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Кен орындарын игерудің барлық кезендерінде тау-графикалық құжаттарды рәсімдеу және толтыру кезіндегі болашақ маманына қажетті топографиялық сызбаларды оқу және оларды сызудағы практикалық дағдыға ие болу.
Міндет
- Сызу жабдықтарын, аспаптарын және материалдарын қолдану, топографиялық карталар мен пландардың сызу технологиясын және рәсімдеу әдістері туралы түсінігі болу керек.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттерін, тау массасының жағдайын басқару әдістерін, жобалық құжаттардың мазмұнын, инженерлік жобалау тәсілдерін, жобалауды ұйымдастыру түрлерін, жалпы принциптерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Жобалаудың автоматтандырылған құралдарын қолданып және нормативтерге, техникалық шарттарға және де басқа нормативтік құжаттарға сәйкес жобалық және технологиялық құжаттарды рәсімдеу және жобалық-құрылымдық жұмыстарды орындай білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Жобалау-құрылымдық жұмыстарын орындау, өз бетімен жобалау, геологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Ұжымның мүшесі немесе жетекшісі ретінде тиімді жұмыс істей білу, жұмыс нәтижесіне жауапкершілікті іске асырушы және тау-кен ісі кәсіптік мәселелерді шешу үшін, ақпараттарды алудың, өңдеудің және сақтаудың негізгі әдістерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Зерттеулерді жүргізуге қолданыстағы әдістерді жетілдіру және алдыңғы қатарлы әдістерді ендіру, тау-кен саласындағы ғылыми техникалық үдеріс жетістіктерін пайдаланып техника және технологияларды жетілдіруге мобильді және қабылдау дағдысын арттыру.
Оқыту әдістері
Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Кіріспе
- Қарындашпен сызу
- Сурет салу қаламымен жұмыс
- Акварельді бояумен жұмыс
- Пландардағы картографиялық шрифтер мен жазулар
- Топографиялық пландардың шартты белгілері
- Далалық сызу
- Топографиялық пландарды сызу
- Маркшейдерлік және геологиялық шартты белгілерді сызу
- Маркшейдерлік сызбалардың мазмұны
- «Тазалату жұмыстарының» шартты белгілерін сызу
- 1: 5 000, 1: 2 000, 1: 1 000, 1: 500 масштабтардағы пландардың шартты белгілерін сызу әдістемесі
Негізгі әдебиет
- Бурым Ю.В. Топография. - учебное пособие.-Ставрополь: Издательство СКФУ, 2014.-116 с
- Кузнецов О.Ф. Основы геодезии и топографии местности: учебное пособие - Оренбург: Типография "Экспресс - печать", 2014.-289 с
- Условные знаки для топографических планов масштабов 1:5000, 1: 2000, 1:1000, 1:500. – М.: Недра, 1986 г.
- Ганьшин В.Н., Коськов Б.И., Хренов Л.С. Справочное руководство по крупномасштабным съемкам. – М.: Недра, 1977
- Симонин С.И. Инженерно-топографическое черчение и наглядные изображения. – М.: Недра, 1969
- Лебедев П.Е. Топографическое черчение. – М.: Недра, 1975
- Условные знаки для топографической карты масштаба 1: 10 000. – М.: Недра, 1977