Кристаллография және минералогия

Айтбаева Салтанат Сабидоллаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс келесі негізгі бөлімдерден тұрады: "Кристаллография" пәнінің бірінші бөлімі - кристалл және заттың кристалдық жағдайы туралы ғылым. Екінші бөлім - "Минералогия". Бұл табиғи химиялық қосылыстар-минералдар туралы ғылым, ол минералдардың қасиеттері мен құрамын зерттеумен, минералдардың пайда болуының геологиялық жағдайлары мен физикалық-механикалық жағдайын анықтаумен айналысады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Жалпы және тарихи геология
  • Общая и историческая геология (гос)

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Билет/тест

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Курстың негізгі мақсаты – геологиялық және болжау–минерагениялық зерттеу әдістерінің ғылыми негізгі болып саналатын кристаллография мен минералогияның теориялық және қолданбалық түбегейлі мәселелерін, тау жыныстарының құрамын және жаратылысын зерттеу, пайдалы қазба кен орындарының қалыптасу жағдайларын анықтау, минералдарды пайдалану туралы деректерді студенттерге ұғындыру болып табылады
Міндет
  • Геологтарды, металлургтерді, байытқыштарды дайындаудағы курстың рөлі барлық кендер мен олардың жыныстары минералдардан тұратындығымен анықталады, осылайша кендерді іздеу, барлау және практикалық пайдалану кезінде минералдардың жинақталуы, яғни пайдалы қазбалар кен орындары белгілі бір объектілер болып табылады. Оқытудың негізгі міндеттері: 1) Кристаллография негіздерін игеру бұл саламен байланысты, оның дамуы мамандардан талап етіледі Кристаллография саласындағы терең білім
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • 1) кристаллография мен минералогияның түбегейлі негіздерін білу; 2) кристалдардың симметриясы, олардың түрлері, сингониялар тұралы білім алу; 3) кристалдық көп жақтылардың және олардың қарапайым пішіндерінің симметрия мүшелерін анықтауды үйрену; 4) минералдарды көзбе-көз анықтау әдістерін игеру; 5) минералдық агрегаттарының морфологиялық түрлерін анықтауды үйрену; 6) минералдардың класс бойынша сипаттаманы білу, негізгі жынысқұрушы және кенді минералдарды анықтауды үйрену; 7) минералдарды диагностикалау үшін минералдардың парагенетикалық ассоциацияларын қолдану; 8) минералжаралу процестер туралы білім алу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Пәнді оқу нәтижесінде студенттер кристаллография және минералогия салададағы теориялық білімді болашақта практикада, пайдалы қазба кен орындарды іздеу мен барлау процесінде қолдана алады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Алған білімді геологиялық түсіру, іздеу, барлау және гидрогеологиялық жұмыстарды жүргузу барысында минералдардың, кендердің жартылу жағдайлары, болжау-іздеу маңыздылығы, құндылығы, зерттеуде заманауй әдістерді қолдану туралы негізделген пікірлерді ұсыну және айта алу геологтарға қажет
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • - ақпаратты алу, сақтау мен өндеудің әдістерді және құралдарды қолдану;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Дағдылар. Студент: физикалық қасиеттері бойынша минералдың атауын, оның қай сыныпқа жататынын, оның парагенезі мен практикалық маңыздылығын анықтай білуі керек; минералдардың ерекше, диагностикалық белгілерін сыртқы белгілері бойынша бөліп көрсетуі керек; минералдарды байыту үшін кендер ретінде сипаттауы керек; минералды ресурстарды ұтымды пайдалануды бағалау.
Оқыту әдістері

Пәнді оқу барысында интерактивті оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологиялары қолданылады.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Лабораториялық жұмыстар 0-100
Тест
Практикалық жұмыстар
Практикалық жұмыстар
2  рейтинг Лабораториялық жұмыстар 0-100
Тест
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Минералогия мен кристаллографияның негізгі даму кезеңдері
  • Кристаллография ғылымы
  • Кристаллохимия негіздері
  • Кристалдардың өсуі
  • Минералдардың жіктелуі туралы жалпы мәліметтер
  • Сульфидтер классы
  • "Оксидтер мен гидрооксидтер" класы
  • "Карбонаттар" класы
  • "Сульфаттар", "фосфаттар және молибдаттар"класы
  • "Силикаттар"Класы
  • Табиғи таза элементтер
  • Минералдардың геологиялық процестерде жаратылуы (эндогендік процестер)
  • Минералдардың геологиялық процестерде жаратылуы (экзогендік процестер)
Негізгі әдебиет
  • 1 Черкасова Т.Ю. Основы кристаллографии и минералогии: Томский политехнический университет. – Томск: Изд-во Томского Политехнического университета, 2014. – 207 б https://portal.tpu.ru/SHARED/c/CHERKASOVATU/ucheba/mineralog/Tab1/Posobie.pdf 2 Кристаллография и минералогия. Основные понятия : учеб. пособие / С. В. Бойко. – Красноярск : Сиб. федер. ун-т, 2015. –212 б. https://www.geokniga.org/bookfiles/geokniga-kristallografiya-i-mineralogiya-osnovnye-ponyatiya.pdf
Қосымша әдебиеттер
  • 3 Кристаллография негіздері және минералогия: Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2012. – 189 б. https://biblio.rii.kz/wp-content/uploads/Books/KAZ/mining/04/%D0%BA%D1%80%D0%B8%D1%81%D1%82%D0%BE%D0%BB%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D1%80%D0%B0%D1%84%D0%B8%D1%8F%20%D0%90.%D0%A2.%D0%9A%D0%B0%D1%81%D0%B5%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%B0.pdf 4 Бетехтин А. Г. Минералогия курсы. Оқулық /Ауд. Байбатша. - Алматы: 2012. - 672б http://rmebrk.kz/bilim/association/betehtin-mineralogia.pdfҚасенова А.Т. 5 Кристаллография и минералогия – лекции https://studizba.com/lectures/himija/kristallografija-i-mineralogija/ 6 https://geo.web.ru/druza/k-min_0.htm 7. ScienceDirect - http://www.sciencedirect.com. 8. EBSCO Discovery Service (EDS) - http://search.ebscohost.com