Полиметалды және колчеданды кенорындарын игерудің геотехнологиялық әдістерінің физика-химиялық негіздері

Ананин Александр Иванович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пайдалы қазбалар кен орындарын игерудің геотехнологиялық әдісінің ерекшелігі ашу, дайындау, қазу жүйесі кезіндегі қолданылатын технология негізінен бұрғылау ұңғымаларын пайдалануға негізделеді (сирек жағдайда құрамдастырылған әдістер мен сұлбалар қолданылады). Көп жағдайларда үдерістен байыту алынып тасталады, игеру процесінде бірден дайын өнім алынады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Тау жұмыстарын жобалау

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Магистранттарды пайдалы қазбаларды өндіру кезіндегі физика – химиялық процестердің теориясымен, әдістемесімен және жүзеге асырылуымен нарықтық экономика талаптарымен ұштастыра отырып, полиметалл және колчедан кен орындарын игерудің геотехнологиялық тәсілдерімен таныстыру
Міндет
  • Осы пәнді оқу нәтижесінде магистранттар білуі тиіс: - Жоба жұмысының мағынасы, ғылыми-техникалық бағытқа негізделген саланың дамуы, табиғи ресурстарды дұрыс қолданумен және қоршаған ортаны қорғауға байланысты барлық сұрақтардың қажетті кешенді шешімі жайлы көрсетулері болуы; - сандық және сапалық сипаттамалары бойынша тәсілдердің нұсқаларының қалыптасуының теориялары мен тәсілдерін және техника-экономикалық үлгілерді құрастыруды, жобаның ұтымды шешімдерін бағалау тәсілдерін білу; -инженерлік шешімдерді талдау және синтездеудің әртүрлі нұсқаларын, ұтымды нұсқаны таңдау, ЭВМ-ді қолдану арқылы оптималды параметрлерді анықтауды, тау жұмыстарының жобасын құру және оқи алуы керек; -инженерлік шешімдердің нұсқаларын құрастырудың бағалы параметрлерді қолданудың, технико-экономикалық үлгілерді құрастырудың және ЭВМ-ді қолдану арқылы сандық және сапалық параметрлердің оптималды анықтамаларының тәжірибелерінің болуы.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • алғашқы кәсіби білім сатысында алған арнайы пәндік және пәннен тыс алынған білімді тереңдету және осы білімді әдістемелік және аналитикалық зерттеу аппараттарының даму есебінен толықтыру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Білімді, өндірістік мәселелерді түсініп және оны шешу қабілетіне жұмсау; жобаның инновациялық потенциалын, инновациялық тәуекелдерді бағалау; Техникалық құжаттандырудың әдістемелік және нормативтік курстарын даярлау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ғылыми зерттеу жұмыстарынан тәжірибе жинау, ғылыми, өндірістік зерттеу жұмыстары кезінде пайда болатын мәселелік сұрақтарды дер кезінде анықтау,оларды рационалды шешу жолдарын анықтау және шешу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ақпаратты өндеу, сақтау, замануи геологияның дамуындағы ақпараттың маныздылығын, оны алу әдістерін түсіну қабілеттілігін көрсету; Ақпараттық технология мен заманауи технологиялық құралдардың коммуникативті мәселелерін шешу қолдану.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • өзін өзі оқыту және жұмыс аралығында үздіксіз жасау. Квалификацияны жоғарлат, ғылыми техникалық және әлеуметтік біліктіліке, халықаралық және мәдениетаралық өзара қарылы қатынастарынан тәжірибеге ие болу.
Оқыту әдістері

1. дәріс ( атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету); 2. - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); 3. оқу тапсырмаларды шешу.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Обсуждение лекции 0-100
Выполнение практических занятий
Реферат (презентация)
Семестровое задание
2  рейтинг Обсуждение лекции 0-100
Выполнение практических занятий
Реферат (презентация)
Семестровое задание
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1 тақырып
  • 2 тақырып
  • Геотехнологиялық процестер химиясы изобарлық – изотермиялық әлеуеттің өзгеруі (Гиббс энергиясының ережесі)
  • Еру және кристалдану процесі
  • Сілтілеу процесі
  • Термомеханикалық процестер
  • Массивтегі жылу процестері
  • Өнімдерді қайта өңдеу әдістері-Тұндыру, қоюландыру, коагуляция және флокуляция, флотация, цементтеу, гальвано-шығару, сорбция, десорбция
  • Биосорбциялық флотация, сұйық экстракция
  • Геотехнологияның технологиялық процестері-барлау, ашу, дайындау, жұмыс реагенттерін өндіру, тазалау алу, жеткізу, көтеру, тау-кен қысымын басқару, Көлік, қайта өңдеу, рекультивациялау
  • Кәсіпорындар жабдықтары, өндіру жабдықтары
  • Чан және үймелеп шаймалау
  • Жер асты массивішілік шаймалау
  • Жер асты және үймелеп шаймалауды, геотермалды энергияны қолдану салалары
  • Электрофизикалық процестер
Негізгі әдебиет
  • 1 Аренс В.Ж. и др. Новое в технике и технологии бесшахтных методов добычи полезных ископаемых. Итоги науки и техники Серия «Разработка месторождений твердых полезных ископаемых. Т. 37. Специальные способы разработки. М.: ВИНИТИ, 2001. - 98 с. 2 П.В Егоров и др. Геотехнологические способы разработки полезных ископаемых/Учебное пособие Кемерово : КузГТУ, 2011 3 Журнал «Физико-технические проблемы разработки полезных ископаемых» – 2012 – 2015 гг.
Қосымша әдебиеттер
  • 1 Аренс В.Ж. Разработка месторождений самородной серы методом подземной выплавки. М.: Недра, 2003. - 264 с. 2 Аренс В.Ж. Скважинная добыча полезных ископаемых (геотехнология). М: Недра, 2002. - 279 с. 3 Аренс В.Ж., Исмагилов Б.В. , Шпак Д.Н. Скважинная гидродобыча твердых полезных ископаемых. М.: Недра, 2002. - 229 с 4 Бахуров В.Г., Вечеркии С.Т., Луценко И.К. Подземное выщелачивание урановых руд. М: Атомиздат, 2000 - 151с. 5 Горное дело. Терминологический словарь. М.: Недра, 2000.-694 с.