Тау жұмыстарын жобалау
Сипаттама: Курс методология мен жоспарлау әдістерін, кәсіпорындарда жедел жоспарлауды, болашақ жоспарлаудың мәні мен кезеңдерін және өндірісті жоспарлау мен өнімді сатуды қамтиды. Тау-кен жұмыстарын тиімді жоспарлау кез келген жерасты кенішінің табысты жұмысының маңызды және көп жағдайда айқындаушы факторы болып табылады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Пайдалы қазбалар кенорындарын жер асты игерудің технологиясы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- магистранттардың тау-кен кәсіпорындарында тау-кен жұмыстарының жоспарлау әдістері туралы білім алу
Міндет
- Сату жоспарына сәйкес өнімді шығаруды жоспарлаумен қатар тау-кен жұмыстарын жоспарлаудың әдістері туралы білім беру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- тау-кен кәсіпорындарында тау-кен жұмыстарын жоспарлаудың негізгі әдістерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- өнімді барлық технологиялық тізбекпен құру үшін өндірістік жоспарларды қалыптастыра алу керек; өндіріске кететін шығынды, өзіндік құндылығын және оның рентабельділігін есептей алу керек
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- ғылыми-зерттеу қызметіне дағдылану: өндірістік және зерттеу жұмыстарында пайда болатын мәселелі сұрақтарды уақытында айқындау, оларды шешудің тиімді жолдарын анықтау
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- тау-кен ісін дамытудағы ақпараттың мәні мен маңызын түсіне алу, ақпаратты қайта өңдеу, сақтау, алу құралдары мен әдістері және негізгі әдістемелерін білу, қазіргі заманға сай ақпараттық технологиялар мен техникалық жабдықтарды қолдану арқылы коммуникативті мәселелерді шешу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Өз бетімен оқу және кәсіби қызметтің барлық кезеңінде біліктілікті жоғарлату, ғылыми, техникалық және әлеуметтік құзырлыққа ие болу, халықаралық және мәдениаралық өзарақатынас тәжірбие алу
Оқыту әдістері
1. дәріс ( атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету); 2. - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); 3. оқу тапсырмаларды шешу.
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Обсуждение лекции | 0-100 |
Выполнение практических занятий | ||
Реферат (презентация) | ||
Семестровое задание | ||
2 рейтинг | Обсуждение лекции | 0-100 |
Выполнение практических занятий | ||
Реферат (презентация) | ||
Семестровое задание | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Жоспарлаудың мәні, мақсаттары мен принциптері
- Жоспарлау әдістемесі мен әдістері
- Кәсіпорындарда жедел жоспарлау
- Болашақ жоспарлаудың мәні мен кезеңдері
- Жедел және перспективалық жоспарлаудың отандық тәжірибесінің кемшіліктері
- Тау-кен кәсіпорнының тазарту және дайындық учаскелері бойынша айлық жоспарды әзірлеу тәртібі
- Өнімді өндіру мен өткізуді жоспарлау
- Жылдық жоспарды әзірлеу тәртібі
- Нарықты зерттеу және өткізуді жоспарлау
- Өнімнің шығындары мен өзіндік құнын жоспарлау
- Пайданы және рентабельділікті жоспарлау
- Ғылыми-техникалық жоспарлау
- Тәуекелді жоспарлау
- Тау-кен жұмыстарын жоспарлау және оңтайландыру жүйелері
- Бюджеттік жоспарлау негіздері
Негізгі әдебиет
- 1. Капутин Ю.Е. Информационные технологии планирования горных работ (для горных инженеров) СПб.: Недра.2010. - 424 с 2. Бухалков М.И. Планирование на предприятии, М.: ИНФРА, 2005. - 416 с. 3. Велесевич В.И., Лихтерман С.С., Ревазов М.А. Планирование на горном предприятии: Издательство «Горная книга», 2005. - 405 с. 4. Стратегическое планирование развития предприятия: Учебное пособие для вузов / В. И. Ляско. – М.: Издательство Экзамен, 2005. – 288 с.
Қосымша әдебиеттер
- 5 Горный журнал, 2005 - 2020 6 Горный журнал Казахстана ,2006 - 2020 7 Горное дело. Терминологический словарь. М., Недра, 1990, - 694 с. 8 Горно-геологический справочник по разработке рудных месторождений / под ред. А.М. Бейсебаева, М.Ж. Битимбаева, С.Ж. Дукеева. Алматы, ИМСК РК, 1997, т.1., 575 с.