Пайдалы қазбалар кен орындарын қазу барысындағы жаңа технологиялық шешімдер

Кумыкова Татьяна Михайловна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курста тау-кен жұмыстарының жаңа әдістері, механикаландыру және ұйымдастыру, пайдалы қазбалар кен орындарын игерудегі жаңа технологиялық шешімдер сияқты негізгі бөлімдерден тұрады. Тау-кен кәсіпорындарын жүйелі жобалау жоғары интеллектуалды күрделілік саласы болып табылады, өйткені ол келешектегі өнімді таңдау негізінде шешімдерді, жобалық шешімдерді ұтымды таңдау әдістерін қолдануды, пайдалы қазбаларды өндірудің жаңа технологияларын және жоғары өнімді жабдықтарды қолдануды талап етеді.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Пайдалы қазбалар кенорындарын жер асты игерудің технологиясы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пайдалы қазбалар кенорындарын игеру кезінде қазіргі заманға сай жаңартпашылық технологиялық шешімдерді зерттеу және оларды өндіріске енгізу
Міндет
  • - Негізгі міндеті пайдалы қазбалар кенорындарын игеру кезінде жаңартпашылық технологиялық шешімдерді шеше алу керек.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • - Тау кен жұмыстарын механикаландыру, ұйымдастыру және технологиясының жаңа әдістерімен танысу, пайдалы қазбалар кенорындарын игеру кезінде жаңа технологиялық шешімдерді білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • - Табиғи ғылыми пәндердің негізгі заңдарын, модельдеу және математикалық талдау әдістерін, тау-кен ісінде технологиялық процестерді және объектілерді модельдеу мақсатында кешенді инженерлік қызметті теориялық және эксперименттік зерттеудің негіздерін қолдана алу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • - Ғылыми-зерттеу қызметіне дағдылану; өндірістік және зерттеу жұмыстарында пайда болатын мәселелі сұрақтарды уақытында айқындау, оларды шешудің тиімді жолдарын табу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • - Коллектив басшысы немесе мүшесі ретінде тиімді жұмыс атқару, жұмыс нәтижесіне жауапкершілікпен қарайтынын көрсете алу және тау-кен ісінің кәсіби міндеттерін шешу үшін ақпаратты алу, қайта өңдеу және сақтау бойынша негізгі әдістерді білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • - зерттеуді жүргізудің қазіргі әдістерін жетілдіріп, жаңа әдістерді енгізу, тау-кен ісі аймағында ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін қолданумен техника мен технологияны жетілдіруге қатысты ұтқырлықты көрсете алу.
Оқыту әдістері

- Дәріс оқыту дәстүрлі және белсенді түрлерін қолдану арқылы өтеді: пікірталас, тренинг немесе әңгімелесу; слайдтарды көрсету. Оқытушының сұрақтары материалды меңгеру процесін белсендіруге, сондай ақ логикалық ойлауды дамытуға бағытталған. Оқытушы ассоциациялық ойлауды және бұрын меңгерілген материалмен байланысты тудыратын сұрақтар тізімін алдын ала анықтайды Практикалық сабақтар оқытушыға студенттермен жеке қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді және оқытудың интерактивті әдістеріне қолайлы.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Дәрісті талқылау 0-100
Практикалық жұмысты орындау
Реферат (презентация)
Жеке семестрлік тапсырманы орындау
2  рейтинг Дәрісті талқылау 0-100
Практикалық жұмысты орындау
Реферат (презентация)
Жеке семестрлік тапсырманы орындау
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1 Тау жыныстары массасы мен толтыру орнықтылық көрсеткіштерін анықтау әдістемесі
  • 2 Толтырма массивінің тұрақтылығын бағалау
  • 3 Төбесі толтырыммен бер3лген тілме және тазарту қазбаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету
  • 4
  • 5 Екінші реттік кенді ұсақтау
  • 6 Бекіту қосқыштары
  • 7 Өрлеме бекітпелері
  • 8 Массивтің бағалау рейтингісі бойынша шахталық қазбаларды бекітпе түрі мен параметрлерін таңдау
  • 9 Күрделі тау-кен қазбаларын бекіту
  • 10 Анкерлік бекітпелерді есептеу және негіздеу
  • 11 Тау-кен даярлау қазбаларын бекіту
  • 12 Инъекция арқылы оза жүргізілетін бекітпелеерді есептеу және негіздеу
  • 13 Төбесі тау массивімен берілген тілме және тазарту қазбаларын бекіту
  • 14 Төбесі толтырым массивімен бейрілген тілме және тазарту қазбаларының бекітпелері
  • 15 Бекіту куәлігі
Негізгі әдебиет
  • 1 Каплунов Д.Р., Калмыков В.Н., Рыльникова М.В. Комбинированная геотехнология-М.: Руда и металлы, 2003-560 с. 2 Опарин В.Н., Русин Е.П., Тапсиев А.П. и др. Мировой опыт автоматизации горных работ на подземных рудниках: Изд-во СО РАН, Новосибирск, 2007.99 с. 3 Трубецкой К.Н. Развитие горных наук и проблемы подготовки инженерных кадров в области освоения недр// Маркшейдерия и недропользование, №6, 2009 4 Каплунов Д.Р., Блюм Е.А., Болотов Б.Б. и др. Развитие подземной добычи при комплексном освоении месторождений.М.: Наука, 2002.-256 с.
Қосымша әдебиеттер
  • 5 Царикаев В.К. управление технологическими потоками и экологической безопасностью горных предприятий.-Владикавказ: Терек, 2001.-271 с.