Физикалық химиялық талдау әдістері
Сипаттама: Қоршаған орта объектілерін талдау әдісін, схемасын оңтайлы таңдау үшін қажетті заттарды анықтау мен анықтаудың химиялық және физика-химиялық әдістерінің негізінде жатқан әртүрлі химиялық және физика-химиялық жүйелердегі құбылыстар мен процестердің табиғаты мен мәнін түсіну қабілетін қалыптастыру.
Кредиттер саны: 6
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 15 |
Зертханалық жұмыстар | 15 |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 90 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Ауызша емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Магистранттарды қоршаған табиғи және өндірістік ортаны талдаудың қазіргі әдістері жэне құралдары бойынша теориялық және сарамандық дайындау. Магистранттарда талдаудың қазіргі әдістері мен олардың аспаптық қамтамасыз етілуінің құралдарын таңдауда білім, дағды және біліктілік жүйесін қалыптастыру.
Міндет
- Пәннің міндеті магистранттардың талдаудың қазіргі әдістері мен кұралдары туралы білім алуы, технологиялық үрдістер кезінде пайда болатын және қоршаған табиғи орта мен адам денсаулығына кері әсер ететін зияндылықтарды бақылауды, зиянды компоненттерді сапалық және сандық түрде бағалауды меңгеруі.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Дайындаудың алғашқы кәсіби білім деңгейінде алынған арнайы, пәнаралық және пәннен тыс білімдерін тереңдету, осы алған білімдерін әдістемелік және аналитикалық зерттеу құралдары арқылы толықтыру
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ең жаңа жаңалықтарда, техникалық жүйелер мен құрылғыларды құрастыру үшін пайдалану перспективаларында бағдар алуды, алынған нәтижелерді өңдеуді, қолда бар әдебиет деректерін есепке алып, оларды талдауды және түсінуді және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласында сараптық бағалау әдістерін меңгеруді жасай білуі керек.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Озық ғылыми әдістер мен техникалық құралдардың мүмкіндіктері туралы және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және оларды қоршаған ортаны қорғау проблемаларын шұғыл шешу үшін қажетті деңгейде пайдалану бойынша түсінігі болуы керек. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалау-конструкциялық, ғылыми-зерттеу, өнертабыстық және инновациялық қызмет туралы және табығмтты пайдалануды халықаралық деңгейде басқарудың негізгі принциптері туралы түсінігі болуы керек
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Заманауи ғылымның дамуында ақпараттың мәні мен мағынасын түсінуді, ақпараттарды алу, сақтау, өңдеудің негізгі әдіс тәсілдерін меңгеру; заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық құралдардың коммуникативті міндеттерін шешу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Өзінің кәсіптік қызметінің әлеуметтік аспектілерін есепке алу және дұрыс бағалай білуі және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми-зерттеулер мен есептеулер жүргізу әдістерін пайдалану, жүргізілетін зерттеулер мен әзірлемелер тиімділігінің техника-экономикалық және экология-экономикалық көрсеткіштерін аықтау дағдыларын иелену керек. Педагогикалық қызметке: мамандық бейіні бойынша оқу-әдістемелік әзірлемелерді, жарияланымдар мен әзірлемелерді дайындауға; оқушылар арасында тәрбиелік жұмыстарды өткізуге дайын болу
Оқыту әдістері
Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Тәжірибелік жұмыстар | 0-100 |
магистранттардың өздік жұмысы | ||
Аралық бақылау 1 | ||
2 рейтинг | Тәжірибелік жұмыстар | 0-100 |
магистранттардың өздік жұмысы | ||
Аралық бақылау 2 | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Талдау әдістерінің негізгі түсініктері мен қағидалары
- Талдаудың спектрлі әдістері
- Инфрақызыл спектроскопия
- Талдаудың масс-спектрометрия әдісі
- Талдаудың электрхимиялық эдістерінің жіктелуі
- Электронды парамагнитті резонанс спектроскопиясы
- Талдаудың электрохимиялық әдістері
- Талдаудың хроматографиялық әдістері
Негізгі әдебиет
- 1.Александрова, Э.А. Аналитическая химия в 2 кн. Кн. 2. Физико-химические методы анализа: Учебник и практикум / Э.А. Александрова, Н.Г. Гайдукова. - Люберцы: Юрайт, 2016. - 355 c. 2.Валова, (Копылова) В.Д. Аналитическая химия и физико-химические методы анализа: Практикум / (Копылова) В.Д. Валова. - М.: Дашков и К, 2013. - 200 c. 3.Иванова, М.А. Аналитическая химия и физико-химические методы анализа: Учебное пособие / М.А. Иванова. - М.: ИЦ РИОР, 2013. - 289 c. 4.Ищенко, А.А. Аналитическая химия и физико-химические методы анализа: В 2 т.Т. 1: Учебник / А.А. Ищенко. - М.: Академия, 2017. - 352 c.
Қосымша әдебиеттер
- 1.Колесников Б .Я., Мансуров З.А. Физические методы исследования в химии. Алматы, 2000 - 161 с. 2. Беляева Т.В., Волынец Н.Ф. Аналитическая химия. Расчеты в количественном анализе: учеб. Пособие.-СПБ.: СЗПИ, 2000,84 с. 3.Золотов Ю.А. Основы аналитической химии в 2 кн. - М.: Высшая школа, 2004. -503 с. 4.Петрухин О.М. Аналитическая химия. Химические методы анализа М.: Химия, изд.2. 2006. – 400с. 5. Колесников Б .Я., Мансуров З.А. Физические методы исследования в химии. Алматы, 2000 - 161 с.