Персоналды басқару
Сипаттама: Ұйымның персоналын басқарудың негізгі тәсілдерін зерделеу және персоналмен жұмыс істеу әдістері мен технологияларын игеру; персоналды басқарудың мәні кәсіпорын деңгейінде жұмыс күшін қалыптастыру, бөлу, қайта бөлу процесіне, кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және онда жұмыс істейтін қызметкерлердің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында қызметкердің еңбек сапасын (жұмыс күшін) пайдалану үшін жағдай жасауға өзара байланысты ұйымдық-экономикалық және әлеуметтік шаралардың көмегімен жүйелі, жоспарлы ұйымдастырылған ықпал ету болып табылады.
Кредиттер саны: 3
Пререквизиты:
- Менеджмент негіздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 15 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 15 |
СӨЖ | 45 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Персоналды басқару бойынша теориялық білімді қалыптастыру, басқару процесстерін негіздерін дамытуға бағытталған мекеме персоналдарымен тиімді жұмыс істеу бойынша ойлау қабілетін дамыту.
Міндет
- Персоналды басқарудың ғылыми негізін білу және менеджменттің бұл бөліміндегі негізгі концепциясымен білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Теориялық негіздерді білу, негізгі ұғымдарды және персоналды басқару принциптерін білу, персоналды басқаруды процесстерін зерттеудің негізгі түрлерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Бұл курсты білу персоналды басқару бойынша мамандарға кәсіби қызметтері үшін қажетті және нарықтық шартта кадрмен жұмыс істеу, мекемеде басқару жүйесін және персоналды басқару жүйесіндегі қатысушыларды қалыптастыруда қажет.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Өз бетінше және творчествалық ойлау, көп көлемдегі мәліметтерге бағдарлау
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Коммуникативті мүмкіндіктерге әлеуметтік – психологиялықсараптама жүргізу, тілдесу үрдісін бағдарламалау, тілдесу процестері және коммуникативті жағдайларды әлеуметтік – психологиялық басқару.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Оқу қабілетін дамыту, әр түрлі қайнар көздерінен ақпаратты іздеу және сараптама жүргізе білу, мәселелерді шешу; зерттеушілік қабілетті қалыптастыру.
Оқыту әдістері
Дәрістер: компьютерлік модельдеу, түрлі компаниялар, мемлекет және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесу; видеолар
Тәжірибелік сабақтар және өзіндік жұмыс: нақты жағдайлар мен кейстарды талдау, тренингтер, ойындар
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Персоналды басқаруға кіріспе
- Персонал қызметі және оның әрекет етуіне қойылатын негізгі талаптар
- Ұйымда персоналмен жұмыс істеуді жоспарлау
- Кадрларды жинақтау, іріктеу және қабылдау
- Кәсіптік бағдар беру және еңбекке бейімделу
- Персонал еңбегінің нәтижесін бағалау
- Адами ресурстарды дамыту және персоналды оқыту процесі
- Кәсіпорында іскерлік мансапты басқару
- Персоналды ынталандыру механизмдері
- Қызметкерлер еңбегінің өтемақы жүйесі
- Персоналды жаңалық енгізуге және өзгерістерге дайындау
- Персонал маркетингі және жұмыс берушінің бренді
- Персонал еңбегін ұйымдастыру және қауіпсіздікті басқару
- Персонал басқарудағы шетел тәжіребесі және халықаралық персоналды басқару
- Персоналды басқару тиімділігі және кадрлық аудит
Негізгі әдебиет
- Базаров Г.Ю. Управление персоналом. - М., 2012.
- Магура М.И. Поиск и отбор персонала. – М., 2011
- Травин В.В., Дятлов В.А. Основы кадрового менеджмента. М., 2009
- Рахметов Б.А. Персоналды басқару. -А., 2005
- Уилтон Н. HR менеджментке кіріспе. - А, 2019
Қосымша әдебиеттер
- Трудовой кодекс РК от 15 мая 2007 г.