Көлік саласындағы ғылыми зерттеулер
Сипаттама: Көлік саласындағы теориялық және эксперименталды зерттеулерді қарастырады, автокөлік техникасының өмірлік циклінің әртүрлі сатыларында ғылыми зерттеулер әдіснамасының ұғымдық аппаратын меңгереді. Автокөлік техникасын жобалау, өндіру және пайдалану кезінде зерттеу әдістерін; статистикалық және ақпараттық материалдарды талдау және синтездеу; АКТ математикалық және физикалық модельдерін құру; ғылыми зерттеулер әдіснамасы және эксперимент теориясы; АКТ зерттеу кезінде математикалық теңдеулердің арнайы есептерін шешу әдістерін зерттейді.
Кредиттер саны: 4
Пререквизиты:
- Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 15 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 15 |
СӨЖ | 60 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | ауызша емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Пәнді оқытудың мақсаты көлік және автокөлік техникасы саласында зерттеу жүргізу үшін ғылыми және кәсіби білімдері мен дағдыларын қалыптастыру.
Міндет
- Пәнді оқытудың міндеттері: - магистранттарға ғылыми ойлауды қалыптастыру; - көлік және автокөлік техникасының тиімділігін арттырудың қолданбалы міндеттерін шешу үшін негіз болатын нысандардың қасиеттерін зерттеудің әдіснамасының негізгі ережелері туралы түсінік қалыптастыру; - зерттеу нысаны туралы ақпаратты алу тәсілі ретінде сараптамалық зерттеудің ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздерін зерделеу; - автокөлік техникасының тиімділігін арттыру, техниканың аралық салалары арасында оны жасау, шығару және пайдалану технологиясын жетілдіру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- ғылыми зерттеу әдіснамасын, экспериментті жүргізу және жоспарлау әдістерін, талдау әдістерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Көлік техникасының тиімділігін арттыру үшін ғылыми зерттеу әдістерін қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- көліктің дамуының ттиімді бағыттары туралы пікір қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- ғылыми зерттеулер жүргізу барысында ақпараттық технологияларды қолдану
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- ғылыми зерттеудің негізгі ұғымдарын, ережелерін, әдістерін, тәсілдерін, сараптамалық зерттеуді өткізу әдістемесі мен оны ұйымдастыру түрлерін білуі тиіс; ғылыми және инженерлік-қолданбалы есептеулерді негізінде орындай алулары тиіс;талдау қорытындыларын синтездеу негізінде қорытынды шағару; көлік техникасының қасиеттері мен күйін басқару бойынша ғылыми ережелерді тұжырымдау дағдылары болуы тиіс.
Оқыту әдістері
классикалық оқыту әдісі 2. Аудиовизуалды техникалық құралдардың көмегімен оқыту; 3. "Кеңесші" жүйесі 4. Оқулықтың көмегімен оқыту, 5. Компьютерлік оқыту
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | 1 тапсырма | 0-100 |
2 тапсырма | ||
тестілеу | ||
2 рейтинг | 3 тапсырма | 0-100 |
4 тапсырма | ||
тестілеу | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- "Көлік саласындағы ғылыми зерттеулер" курсының пәні мен мазмұны
- Физикалық модельдеу туралы түсінік
- Механизмдер мен машиналарды физикалық модельдеу
- Математикалық модельдеу туралы түсінік
- Талдау объектіні зерттеудің негізгі әдісі ретінде
- Күрделі объектілерді зерттеу
- Жүйелерді құрылымдық талдау әдісі
- Жүйелерді функционалды талдау әдісі
- Синтез зерттеу объектісінің негізгі қасиеттерін білдірудің негізгі әдісі ретінде
- Математикалық модельдің мақсатты функциясы туралы түсінік
- Зерттеу объектісі ретінде өнімнің өмірлік циклінің кезеңдері туралы түсінік
- Эксперименттік зерттеулер туралы түсінік, олардың мақсаты және қысқаша сипаттамасы
- Экспериментті жоспарлау
- Теориялық зерттеу туралы түсінік, бастапқы (нөлдік) гипотеза, бастапқы ережелер, принциптер және теориялық постулаттар
- Сараптама зерттеудің нақты әдісі ретінде
Негізгі әдебиет
- Basovskiy, Leonid & Basovskaya, Elena. (2022). Fundamentals of scientific research. DOI 10.12737/1192099. Sladkova, O.B.. (2021). Basis of scientific research. DOI 10.26897/978-5-9675-1842-3-2021-61. Пономарев А.Б. Методология научных исследований: учеб. пособие / А.Б. Пономарев, Э.А. Пикулева. – Пермь: Изд-во Перм. нац. исслед. политехн. ун-та, 2014. – 186 с. ISBN 978-5-398-01216-3 Муздыбаев М.С. Методология и методы научных исследований. Учебное пособие для магистрантов специальности «Транспорт, транспортная техника и технологии». Усть-Каменогорск, ВКГТУ, 2011. 300 с.
Қосымша әдебиеттер
- Методы и средства научных исследований: учеб. пособие / Ю. Н. Колмогоров [и др.]. — Екатеринбург : Изд-во Урал. ун-та, 2017. — 152 с. ISBN 978-5-7996-2256-5 Башарин С. А. Методы и средства научных исследований : учеб. пособие / С. А. Башарин. – СПб. : СПбГИКиТ, 2018. – 90 с. ISBN 978-5-94760-270-8