Түсті металл кендерін байыту технологиясы
Сипаттама: Түсті металдардың кендері мен минералдарының негізгі түрлерінің сипаттамасы зерттелуде. Кендердің сапасын басқару, кенді дайындау процестерінің, флотациялық реагенттердің әсер ету механизмінің негіздері берілген. Реагенттік режимдер, технологиялық сұлбалар және түрлі түсті металл кендерін байыту көрсеткіштері қарастырылған. Өндірісті ұйымдастыру принциптері және түсті металл кендерін байыту техникасы мен технологиясының даму перспективалары баяндалған.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Байытудың флотациялық әдістері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 90 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Бұл курстың мақсаты пайдалы қазбаларды байытудың заманауи технологиялық процестерін, тиімді байыту және химиялық-металлургиялық әдістерді (қиын байытылатын кендер үшін) үйлестіретін құрамдастырылған технологияларды игеру болады
Міндет
- Теориялық білімді бекіту және кендердің негізгі түрлерін байытудың әртүрлі технологиялық сұлбаларын қолданумен минералды шикізатты өңдеу бойынша материалдарды білу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Түсті, сирек, асыл, қара металдардың минералдары мен кендерінің, фосфатты, силикатты, графитті және басқа да кен түрлері мен минералды шикізаттың негізгі минералогиялық және технологиялық ерекшеліктерін; металл емес пайдалы қазбаларды және түсті металдар кендерін байытудың технологиялық сұлбаларын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Әртүрлі пайдалы қазбалар үшін байытудың технологиялық сұлбасын, байыту тәсілдерін негіздеуді және таңдауды білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Түсті металдар кендерін және металл емес пайдалы қазбаларды байытудың технологиялық сұлбасын негіздеу және ұсыну дағдысын меңгеру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Жаттанды материалды қысқаша айтып беру қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- пайдалы қазбаларды байыту бойынша жұмыстарды өндіру технологиясын таңдау, қажетті құжаттаманы жасау қабілеті
Оқыту әдістері
- оқытудың интерактивті технологиялары; - компьютерлік оқыту технологиялары; - оқу міндеттерін шешу; - оқу процесі кезінде студенттердің өзіндік зерттеу жұмысы.
Негізгі әдебиет
- 1. Абрамов А. А. Переработка, обогащение и комплексное использование твердых полезных ископаемых/А.А. Абрамов .- М.: Изд-во Моск.гос.горн.ун-та, 2004 т.2- 510с. 2. Технология обогащения полезных ископаемых. Конспект лекций. – Красноярск. СФУ, 2011 – 372с. 3. Алгебраистова Н.К. Технология обогащения руд цветных металлов.-Электронный ресурс: конспект лекций/Н.К.Алгебраистова, А.А.Кондратьева –электрон. Данные (5Мб)- Красноярск: ИПК СФУ, 2009 – 282с.
Қосымша әдебиеттер
- 4. Богданов О.С. Справочник по обогащению руд. Обогатительные фабрики. Ч.3 – М.: Недра, 1984 – 358с. 5. Еремин Н.И. Неметаллические полезные ископаемые. /Н.И.Еремин. М.: МГУ, 2004 6. Авдохин В.М. Основы обогащения полезных ископаемых. Обогатительные процессы. /В.М. Авдохин. М.: МГУ, 2006 т.1 -352с. 7. Бочаров В.А., Игнаткина В.А. Технология обогащения полезных ископаемых. Т.1.: Минерально сырьевая база полезных ископаемых. Обогащение руд цветных металлов, руд и россыпей редких металлов. – М.: Издательский дом «Руда и Металлы», 2007. -472с.