Байыту өнімдерін сынамалау және бақылау
Сипаттама: Пайдалы қазбаларды және оларды байыту өнімдерін сынамалау теориясының мәселелері қамтылған. Бастапқы материалдардың қозғалмайтын және қозғалыстағы массаларынан сынама алу тәсілдері және сынамалау түрлері, сондай-ақ осы сынамаларды өңдеу тәсілдері қарастырылған. Сынама алғыштар мен бөлшектеу машиналарының конструкциялары келтірілген. Байыту өнімдерінің сапасының негізгі көрсеткіштерін бақылау принциптері зерттелуде. Өнім сапасын басқарудың кешенді жүйелері қарастырылған. Байыту фабрикаларында сынамалау және бақылау тәжірибесі көрсетілген.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Минералды шикізатты байыту және өңдеу негіздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Байыту өнімдерін сынамалау принциптері мен әдістерін, сынамаларды өңдеудің теориялық негіздері мен әдістерін, технологиялық процестерді автоматты бақылау құрылғыларын оқып білу
Міндет
- Байытудың технологиялық процестерін сынамалау және бақылау саласындағы теориялық білімді бекіту
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Сынамаларды алу, сынаманы талдауға дайындау әдістемелерін, бақылау деректерін өңдеу әдістемесін білу. Сынамалау деректері бойынша технологиялық және тауарлық балансты құру
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- сынамалау параметрлерін есептеуді, процестің барысын, жабдықтың жұмысын дұрыс бағалауды , процесс параметрлерінің, жабдықтың жұмысының ауытқу себептерін, металлдар балансының үйлеспеушілігінің себептерін анықтай білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- байытудың технологиялық процесін сынамалау мен бақылаудың тиімді сұлбасын таңдау және есептеу қабілеті, сынамаларды алу әдісін және оны жүзеге асыру үшін құрылғыларды таңдау дағдысын меңгеру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- металдардың тауарлық және технологиялық балансын есептеу үшін анықтамалық әдебиетті, және де сынамалау сұлбасын таңдау және құру кезінде тәжірибелік дағдыларды белсенді пайдалану қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- осы курс бойынша барлық есеп тапсырмаларын және емтиханды сәтті тапсыру
Оқыту әдістері
- оқытудың интерактивті технологиялары; - компьютерлік оқыту технологиялары; - оқу міндеттерін шешу; - оқу процесі кезінде студенттердің өзіндік зерттеу жұмысы.
Негізгі әдебиет
- 1. Клейн М.С. Опробование и контроль технологических процессов обогащения: учебное пособие. – Кемерово: КузГТУ, 2012. – 131 с. 2. Клейн М.С., Вахонина Т.Е. Технология обогащения полезных ископаемых: учеб. пособие. - Кемерово: КузГТУ, 2017. - 193 c. - ISBN 978-5-906888-51-8. 3. Адамов Э.В. Основы проектирования обогатительных фабрик: учебное пособие. — Москва: МИСИС, 2012. — 647 с. — ISBN 978-5-87623-458-2. 4. Клейн М.С. Опробование и контроль процессов обогащения: учебное пособие. – Кемерово: КузГТУ, 2017. – 144 с. 5. Бочаров В.А. Технология обогащения полезных ископаемых: учебник: В 2 т. - Москва: Руда и металлы, 2007. - 472с. – ISBN 978-5-98191-024-1
Қосымша әдебиеттер
- 6. Клейн М.С., Вахонина Т.Е. Опробование и контроль процессов обогащения: методические указания к самостоятельной работе для студентов. – Кемерово, 2015. – 48 с. 7. Авдохин В.М. Основы обогащения полезных ископаемых: учебник для вузов: В 2 т. – Москва: МГГУ, Горная книга. - 2008. – 417 c. 8. Козин В.З., Тихонов О.Н. Опробование, контроль и автоматизация обогатительных процессов: Учебник для вузов. - М., Недра, 1990 г. – 343 с. 2. IPR SMART http://www.iprbookshop.ru ScienceDirect - http://www.sciencedirect.com. EBSCO Discovery Service (EDS) - http://search.ebscohost.com