Көліктегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Сипаттама: Пәнді оқу көлікте қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориялық негіздері туралы білім алу үшін қажет, көлік кәсіпорындары деңгейінде Көліктік қызмет көрсету жүйесінде тасымалдау процесін ұйымдастыру кезінде қозғалыс қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешенін жоспарлау және іске асыру дағдыларын алу.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Физика
- Математика. Мектеп курсы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 15 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Пән бойынша тапсыратын қорытынды бақылау емтихан болып табылады |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Студенттердің «Көлік саласында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету» пәнін оқу көліктік қауіпсіздік негіздері туралы білім алуға, жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асырудың дағдыларын алуға қажет. Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалану қызметін ұйымдастырушы жүктерді (жолаушыларды) тасымалдау барысында жол қозғалыс қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету бойынша жалпы тасымалдау жүйесінде (және көліктік кәсіпорындарда) жақсы білімі болуы тиіс.
Міндет
- Берілген пәнді оқыту студенттерді даярлауда кәсіби қызметтің келесі типтік тапсырмаларын шешуге ықпал етеді: - көліктік қызметті сатуды коммерцияландыру жағдайында көлік саласында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді кешенді қарауды қалыптастыру; - көлік саласы жұмысшылары тәжірибелік қызметінде басшылықққа алуға міндетті, қозғалыс қауіпсіздік қызметінің әс –ірекетін анықтайтын негізгі қағидаларды және негізгі нормативті құжаттарды меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Пәнді оқудың нәтижесінде студент білуі тиіс: - көлік инфроқұрылымының әр түрлі санаттарына көліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды; - көлік саласында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты негізгі нысандарды, құбылыстарды және үрдістерді; - Қазақстанда жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басқарудың мемлекеттік жүйесін; - основные направления деятельности по обеспечению безопасности и организации движения на транспорте; - көлік саласында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шет елдік және отандық тәжірибе және оның дамуының келешегі; - қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заң және нормативтік база негіздерін; - автокөлік ұйымдарында қозғалыс қауіпсіздік қызметінің негізгі қызметтерін және тапсырмаларын; - ЖКО тіркеу және талдаудың мемлекеттік жүйесінің негізгі қағидаларды.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Қолдана алу: - көлік саласында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талдау әдістерін және инженерлік, басқару шешімдерін қабылдау; - көлік инфроқұрылымы нысандарында қолданылатын көліктік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әдістері, инженерлі техникалық құралдары және жүйелерін; - көлік инфроқұрылымы нысандарының көліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жоспарларын құрастырудың және жүзеге асырудың тәртібі.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Көліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралады жоспарлау және жүзеге асырудың негізгі әдістерін, тәсілдерін және құралдарын қолданудың қабілеті; Берілген қауіпсіздік деңгейінде көліктік үрдістерді басқарудың тиімді жағдайларын таңдау қабілеті; Көлік саласында әрекетті қозғалыс қауіпсіздігіне және еңбек жағдайына байланысты заңдық актілерді және техникалық нормативтерді қолданудың іскерлігі.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Көліктік ұйымдарда қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің жұмысын ұйымдастыру; Ұжымды басқарудың әлеуметтік-психологиялық негізлерін қолдану; көлік саласында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінде құзіретті болу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Көлік инфраструктурасы нысандарына және көлік құралдарының қорғалуына әсер ететін қауіптерді және әрекеттерді анықтаудың дағдысы; Көлік саласында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс шараларды жоспарлау және орындалуын қамтамасыз ету қабілеті.
Оқыту әдістері
Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді: - Сабақтар білім алушыларды білімді іздеуге және басқаруға тартуға, Міндеттерді өз бетінше шешу тәжірибесін алуға ықпал ететін белсенді және шығармашылық нысандарда өткізіледі, оның ішінде: - оқу-зерттеу қызметінің технологиялары; - коммуникативтік технологиялар (пікірталас, оқу пікірталастары); - ақпараттық-коммуникациялық (оның ішінде қашықтықтан білім беру) технологиялары.
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Көлік ағынының қарқындылығы мен құрамын зерттеу. | 0-100 |
Жаяу жүргіншілер ағынының қарқындылығын зерттеу. | ||
2 рейтинг | Автокөлік кәсіпорындарында қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің жұмысын жоспарлау | 0-100 |
Көлік кәсіпорындарындағы қозғалыс қауіпсіздігі кабинетінің жұмысын жарақтандыру және ұйымдастыру | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Кіріспе
- Көліктегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздері (ТЖ, Р, М, В)
- Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қадағалау жүйесі
- Автомобиль көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің негізгі бағыттары
- Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағдарламалары
- Көліктегі жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық реттеу
- Көлікте сертификаттау және лицензиялау
- ЖКО-ны есепке алу мен талдаудың мемлекеттік жүйесі
- Көлік процесін қауіпсіз ұйымдастырудың негіздері
- Көлік кәсіпорындарында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру
- АКК-да қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің жұмысын ұйымдастыру
- Автокөлік ұйымында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әдістемелік және техникалық құралдары
- Көлік кәсіпорны жүргізушілерінің сенімділігін қамтамасыз ету
- Жол қозғалысы қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету
- Көліктегі сақтандыру
Негізгі әдебиет
- 1 Бадагуев Б.Т. Безопасность дорожного движения: Приказы, инструкции, журналы, положения / Б.Т. Бадагуев… — М.: Альфа-Пресс, 2017. — 264 c. 2 Блинкин М.Я Безопасность дорожного движения: история вопроса, международный опыт, базовые институции / М.Я Блинкин. — М.: ИД ВШЭ, 2018. — 240 c. 3 Горев А.Э. Организация автомобильных перевозок и безопасность движения: Учебное пособие для студ. высш. проф. образования / А.Э. Горев, Е.М. Олещенко. — М.: ИЦ Академия, 2018. — 256 c. 4 Государственное управление безопасностью дорожного движения: Учебное пособие/ Ю.А. Рябоконь. – Омск: СибАДИ, 2013. – 280 с. 5 Несоленов Г.Ф. Система авиационной безопасности: Учебник для вузов/ Г.Ф. Несоленов, Б.А. Титов. – Самара: Изд-во Самар. гос. аэрокосм. ун-та, 2011. – 256 с. 5 Майборода, О.В. Основы управления автомобилем и безопасность движения. Учебник водителя транспортных средств категорий С, D, Е / О.В. Майборода. — М.: Академия, 2019. — 288 c.
Қосымша әдебиеттер
- 1 Клинковштейн Г.И. Организация дорожного движения: Учеб. для вузов/ Г.И. Клинковштейн, М.Б. Афанасьев. – М.: Транспорт, 2001. – 247 с. 2 Организация дорожного движения в городах: Методическое пособие/ под общ. ред. Ю.Д. Шелкова. – М.: НИЦ ГАИ МВД РФ, 1995. – 143 с.