Өнеркәсіп орныдарды электрмен қамтамасыз ету

Нургалиева Асель Тлеубековна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән өнеркәсіптік кәсіпорындардың электрмен жабдықтау жүйелерін құру мен жұмыс істеудің теориялық негіздерін ашады. Негізгі назар жүктемелерді есептеу әдістеріне, электрмен жабдықтау сұлбаларына, жабдықты таңдау мен пайдалануға аударылады. Студенттер нормативтік талаптар мен техникалық-экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, сенімді және энергияны үнемдейтін электрмен жабдықтау жүйелерін құру бойынша практикалық дағдыларды игереді.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Жылу техникасының теориялық негіздері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттердің өнеркәсіптік кәсіпорындардың электрмен жабдықтау жүйелерін түсіндіре алу, олардың құрылу қағидаларын қолдана білу, электрмен жабдықтау сұлбаларын талдай білу, жүйенің тиімділігін бағалай алу, және оларды оңтайландырып, жетілдіру бойынша шешімдер ұсына алу қабілеттерін қалыптастыру.
Міндет
  • Алынған білімнің көлемін практикалық қолдану, нормативтік, техникалық және анықтамалық материалдарды ескере отырып, өздерінің шығармашылықтарын практикалық жобалау мақсаттарында қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Өнеркәсіптік кәсіпорындардың электрмен жабдықтау жүйесінің құрылымын сипаттау; Сұлба элементтерінің (трансформаторлар, шиналар, ажыратқыштар және т.б.) қызметін түсіндіру; Электр энергетикасы саласындағы негізгі нормативтік құжаттарды түсіндіру; Жүктеме түрлері мен электрмен жабдықтау сұлбаларын жіктеу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Электрлік жүктемелер мен желідегі шығындарды есептеу; Жабдық пен желілерді таңдау әдістерін қолдану; Электрмен жабдықтау жүйелерін жобалауда AutoCAD сынды бағдарламаларды пайдалану; Пайдалану шарттарын ескере отырып, оңтайлы сұлбаны таңдау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Түрлі электрмен жабдықтау сұлбаларының техникалық және экономикалық көрсеткіштерін талдау; Энергиямен жабдықтау сенімділігі мен тұрақтылығын бағалау; Әртүрлі техникалық шешімдерді салыстыра отырып, дәлелді қорытындылар жасау; Ең тиімді және энергияны үнемдейтін шешімдерді таңдау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Техникалық ақпаратты ауызша және жазбаша түрде тұжырымдау және ұсыну; Инженерлік командада жұмыс істеу; Жобалық шешімдерді талқылау және қорғауға қатысу; Басқа техникалық сала мамандарымен ынтымақтасу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Электрмен жабдықтау саласында кәсіби дамуын жоспарлау; Энергетикадағы жаңа бағыттар мен нормативтік өзгерістерді бақылау; Жаңа бағдарламалық және техникалық құралдарға бейімделу; Жобалау мен есептеудің жаңа әдістерін өз бетінше меңгеру және қолдану.
Оқыту әдістері

интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: басқарылатын пікірталас немесе әңгіме; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; миға шабуыл; мотивациялық сөйлеу)

берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайларды дамыту сценарийлерін құру

ақпараттық-коммуникациялық (қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар)

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Практикалық жұмыс №1 "Кәсіпорындардың электр жүктемелерінің графиктері" 0-100
Практикалық жұмыс №2 ""Жүктемелердің реттелген диаграммалары" әдісін қолдана отырып, қоректендіру тораптары және жалпы цех бойынша есептік жүктемелерді анықтау"
Практикалық жұмыс №3 "Жүктеме есебі және реактивті қуаттың компенсациясы"
Практикалық жұмыс №4 ""Орташа қуат және жүктеме графигінің пішін коэффициенті" әдісімен электр жүктемелерін анықтау (статистикалық әдіс)"
Практикалық жұмыс №5 "Қорғау аппараттарын (сақтандырғыштар мен автоматтарды), цех желісінің сымдары, кабельдері мен шиналары қималарды таңдау"
СӨЖ №1"Жоғары және төмен кернеулі күш кабельдері мен коммутациялық аппаратураны таңдау"
СӨЖ №2 "Цехтың қоректендіруші тарату желісінің сұлбасын таңдау"
СӨЖ №3 "Цехтың қоректендіруші тарату желісінің сұлбасын таңдау, трансформаторлардың саны мен қуатын және цех қосалқы станциясының орналасу орнын анықтау"
Рубеждік бақылау №1
2  рейтинг Практикалық жұмыс №6 "Таңдалған автоматтар мен сақтандырғыштарды ажырату қабілеті мен сезімталдығына тексеру" 0-100
Практикалық жұмыс № 7 "Өнеркәсіп кәсіпорындарын электрмен жабдықтау жүйенің моделінің жұмыс режимдері"
Практикалық жұмыс №8 "Кәсіпорын жүктемелерінің орталығын анықтау және цехтарды трансформаторлар таңдау"
Практикалық жұмыс №9 "Кернеуі 1 кВ жоғары кәсіпорындарды электрмен жабдықтау схемалары"
Практикалық жұмыс №10 "Қуат пен электр энергиясының шығынын анықтау. Техникалық-экономикалық есептеу. Реактивті қуатты компенсациялау"
СӨЖ №4 "Кәбілдердің қимасын әртүрлі салу тәсілдері үшін және әртүрлі орталарда есептеу"
СӨЖ №5 "Электр энергиясының сапасы бойынша мәселелердің өзектілігі"
СӨЖ №6 "Электр энергиясын есепке алуға қойылатын қазіргі талаптар"
Рубеждік бақылау №2
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Практикалық сабақтардағы жұмыс Талап етілетін есептеу әдістері тізбегін сақтай отырып, практикалық жұмысты толық орындады; Жауабын жаңа мысалдармен сүйемелдейді, білімді жаңа жағдайда қолдана біледі. бір қате немесе екіден аз кемшілік жіберілді, оны студент өз бетінше немесе мұғалімнің азғантай көмегі арқылы түзете алады; жауап білімді жаңа жағдайға қолданбай берілді Жұмысты толық орындамаған, бірақ дұрыс нәтижелер мен қорытындыларды алуға мүмкіндік беретін практикалық жұмыс көлемінің 50% кем емес; Жұмыс барысында қателіктер жіберілді. Жұмысты толық аяқтамады немесе жұмыстың аяқталған бөлігінің көлемі дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Сұрақтарға жауап беру кезінде бағдарлама талаптарына сәйкес негізгі білім мен дағдыларды меңгермегендігін көрсетті.
Бақылау сұрақтары бойынша сұхбат Осы курстың теориялық білімі, терминологиясы және негізгі заңдылықтары игерілген; құбылыстар мен процестердің мәнін логикалық және жүйелі түрде түсіндіреді; мысалдар келтіреді, монологтық сөйлеуде еркін сөйлейді және нақтылау сұрақтарына тез жауап бере алады. Осы курстың теориялық білімі, терминологиясы және негізгі заңдылықтары игерілген; құбылыстар мен процестердің мәнін логикалық және жүйелі түрде түсіндіреді; мысалдар келтіреді, монологтық сөйлеуде еркін сөйлейді, бірақ сонымен бірге ол өз бетінше немесе мұғалімнің шамалы түзетуімен түзететін болмашы қателіктер жібереді. Теориялық білімі таяз, дәлелді қорытынды жасау және мысалдар келтіру қабілеті жеткіліксіз, монологтық сөйлеуде, терминологияда, баяндау логикасы мен жүйелілігінің жеткіліксіздігін көрсетеді, мұғалімнің түзетуімен ғана түзетілетін қателіктер жібереді. Пәннің теориялық негіздерінен хабарсыздығын, құбылыстар мен процестерді талдау дағдыларының қалыптаспағанын көрсетеді, дәлелді қорытындылар жасауды және мысалдар келтіруді білмейді, мұғалімнің түзетуімен де түзете алмайтын қателіктер жібереді.
Аралық бақылауға арналған тест түріндегі тапсырмалар 100-90% дұрыс жауаптар 89-70% дұрыс жауаптар 69-50% дұрыс жауаптар 49-0% дұрыс жауаптар
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе
  • Өнеркәсіптік электр тұтынушыларының сипаттамасы
  • Өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр жүктемелері
  • Электр жүктемелерін анықтауға арналған негізгі көрсеткіштер (коэффициенттер)
  • Электрлік жүктемелерді әртүрлі әдістермен анықтау
  • Реактивті қуатты компенсациялау
  • Реактивті қуаттың компенсациясын жобалау
  • 1 кВ дейінгі кернеу кезінде электр энергиясын жеткізу
  • 1000 В дейінгі желілерге арналған қорғаныс аппаратурасы
  • Кернеуі 6-10 кВ кәсіпорынның электр энергиясын зауыт ішінде бөлу
  • Кернеуі 1-ден жоғары өнеркәсіптік кәсіпорындардың қосалқы станциялары кВ (БТҚС, ЖГВ)
  • Кернеуі 1 кВ жоғары әуелік және кабельдік желілер, ток өткізгіштер
  • Кернеуі 1 кВ жоғары қосалқы станциялардың тарату құрылғыларының жабдығы
  • Электр энергиясының сапасы
  • Электр энергиясын есепке алу
Негізгі әдебиет
  • Фролов Ю. М. Электроснабжение промышленных предприятий: учебное пособие для вузов. – Москва: Юрайт, 2022. – 352 с. – ISBN 978‑5‑534‑14937‑1.
  • Сметюх Н. П. Электроснабжение предприятий отрасли: практикум. – 2023. – (Практикум).
  • Киреева Э. А. Электроснабжение и электрооборудование цехов промышленных предприятий: учебное пособие. – Москва: КноРус, 2020. – 368 с. – ISBN 978‑5‑406‑07474‑9.
  • Мукосеев Ю.Л. Электроснабжение промышленных предприятий М:, "Энергия", 2019. - 584 с.
  • Электроснабжение промышленнах предприятий : практикум по одноим. курсу для студентов специальности 1-43 01 05 «Промышленная теплоэнергетика» дневн. и заоч. форм обучения / авт.-сост.: Т. В. Алферова, В. В. Бахмутская. – Гомель : ГГТУ им. П. О. Сухого, 2016. – 41 с.
Қосымша әдебиеттер
  • Кудрин Б.И. Электроснабжение промышленных предприятий. - М.: Интермет Инжиниринг, 2015. - 672 с: ил.
  • Рожкова, Л.Д., Электрооборудование электростанций и подстанций: Учеб. для сред. проф. образования / Л.Д. Рожкова, Л.К. Карнеева, Т.В. Чиркова М.: изд. Центр “Академия”, 2014. - 448с.
  • Правила устройства электроустановок РК (ПУЭ РК). Астана, 2018. – 462 с.