Электрлік материалтану және жоғары кернеу техникасы

Кунапьянова Арай Асылхановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пәнді оқытудың мақсаты студенттерде электротехникалық материалдардың қасиеттері және жоғары вольтты жабдықтың жұмыс принциптері туралы терең білім қалыптастыру болып табылады. Курс өткізгіштердің, диэлектриктердің, жартылай өткізгіштердің және магниттік материалдардың сипаттамаларын, оларды сынау және диагностикалау әдістерін, сондай-ақ жоғары кернеулердегі электр жүйелеріндегі сенімділік, оқшаулау және бұзылу мәселелерін қарастырады. Оқыту нәтижелері бойынша студенттер электрлік параметрлерді өлшеу құралдарына метрологиялық тексеру және техникалық қызмет көрсетуді жүргізе алады, электротехникалық жүйелердің жұмыс істеу сапасын бақылауды жүзеге асыра алады, сондай-ақ техникалық-экономикалық көрсеткіштерді арттыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Жоғары кернеулі электротехникалық материалдар мен техниканы талдай және жаңғырта алады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Электромагнетизм

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • «Электртехникалық материалтану және жоғары кернеулер техникасы» пәнінің мақсаты студенттердің материалтану және жоғары кернеу қондырғыларындағы асқын кернеу саласында теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Электр қондырғыларында қолданылатын материалдардың сипаттамалары мен қасиеттері бойынша білім алу. Аталмыш пәнді оқып үйрену барысында студенттерге оқшауламаның беріктігі мен асқын кернеу деңгейлерін бағалай білуді үйрету.
Міндет
  • Курстың міндеттері қазіргі заманғы электротехникалық материалдардың қасиеттерін, құрылымы мен жіктелуін және олардың негізгі сипаттамаларының электромагниттік өріс, жылу, ылғалдылық, химиялық орта және басқа да пайдалану факторларының әсерінен болатын процестермен байланысын зерттеу;
  • Жоғары кернеудегі электрлік қондырғыларды пайдалану кезінде туындайтын сыртқы және ішкі асқын кернеулер, жоғары кернеулі оқшаулама құрылымын сынау құралы және әдістері мәселелері аумағында білім алу;
  • Жоғары кернеу техникасының оқшауламаларына диагностика жүргізу әдістерін меңгеру; Қосалқы станцияны найзағайдан қорғауды қамтамасыз етуді, ішкі асқын кернеуді есептеу әдістерін және олардан қорғану амалдарын игеру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Пәнді оқып үйренгеннен кейін студент элетр техникасында ары қарай қолданыс табатын материалдардың құрылымдары мен қасиеттерін анықтауды; негізгі терминологиялар, түсініктер мен анықтамаларды білу тиіс; заманауи электр техникалық материалдардың қасиеттері мен қолданыс аймағын білуді игеруі тиіс. Энергожүйенің сенімділігі дұрыс таңдау жасалған электр техникалық материалға тікелей қатысы бар екендігін түсінуі тиіс; ішкі және сыртқы асқын кернеулердің пайда болуын теориялық тұрғыдан білу; электр қондырғыларын асқын кернеулерден қорғау шараларын игеру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Пәнді оқып үйренгеннен кейін студент дененің элетр техникасында ары қарай қолданыс табатын материалдардың құрылымдары мен қасиеттерін заманауи электр техникалық қондырғыларда қолдана білу; пәнді оқу нәтижесінде студенттер оқшауламаға әсер ететін найзағай мен ішкі асқын кернеулердің мәнін білуі, қарапайым оқшаулама конструкцияларының электрлік беріктігін бағалай білуі, электр жабдықтарын оқшаулама сынақтарын жүргізудің нормалары мен әдістерін білуі, оны пайдалану кезінде оқшаулама сипаттамаларының нашарлауына әкелетін процестер туралы қажетті мәліметтерді, сондай-ақ асқын кернеуден қорғау шараларын меңгеруі тиіс.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Студент "Электротехникалық материалтану және жоғары кернеу техникасы" пәнін оқығаннан кейін материалдардың түрін таңдау кезінде туындаған сұрақтарға дербес жауап бере алады және осы материалды пайдалану кезінде туындаған мәселелерді шеше алады
  • Асқын кернеудің шектеу әдістері мен құралдарын білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Алғырлық, ұйымшылдық, қоғаммен жұмыс істей білу қабілеттілігі
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Пәнді оқып-үйренгеннен кейін студент өз бетінше жоспар бойынша берілген тапсырмаларды, жеке тапсырмаларды орындай алады. Мақал жазуға дағдыланады.
Оқыту әдістері

Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында сабақтар негізінен белсенді және шығармашылық формада жүргізілуі керек. Студенттердің білімді іздеуге және басқаруға, проблемаларды өз бетінше шешуде тәжірибе жинауға қатысуға ықпал ететін тиімді педагогикалық әдістер мен технологиялардың ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: - проблемалық және жобалық-бағдарланған оқыту технологиясы; - білім беру ғылыми-зерттеу қызметінің технологиясы; - коммуникациялық технологиялар (пікірталас, пресс-конференция, «шабуыл», «пікірсайыс» және басқа белсенді нысандар мен әдістер); - жағдай әдісі (жағдайды талдау); - студенттер іскерлік, рөлдік, симуляциялық ойындарға қатысатын ойын технологиясы; ақпараттық және коммуникациялық (оның ішінде қашықтықтан оқыту) технологиялар.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Дәріс конспекті, 1-7 тақырыптар 0-100
СОӨЖ (диэлектрлік материалдар, өткізгіш материалдар))
СОӨЖ (жартылай өткізгіш материалдар, магнитті материалдар)
Бақылау жұмысы 1
Бақылау жұмысы 2
Аралық тестілеу (РК1)
СӨЖ (ЕГЖ)
2  рейтинг Дәріс конспекті, 8-15 тақырыптар 0-100
Аралық тестілеу (РК2)
СОӨЖ 1 (тақырып 5)
СОӨЖ 1 (тақырып 6)
СОӨЖ 1 (тақырып 7)
СОӨЖ 1 (тақырып 8)
Үй тапсырмасы
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Практикалық сабақтардағы жұмыс талап етілетін практикалық жұмысты толық орындады; жауабын жаңа мысалдармен сүйемелдейді, білімді жаңа жағдайда қолдана біледі. Сұрақтарға жауап беру кезінде сұрақтың мәнін дұрыс түсінеді, негізгі ұғымдарға нақты анықтама беріп, түсіндіреді. «5» бағасына қойылатын талаптарды орындады, бірақ 2-3 кемшіліктер жіберілді, оны білім алушы өз бетінше немесе мұғалімнің аздаған көмегі арқылы түзете алады; жауап білімді жаңа жағдайға қолданбай берілді жұмысты толық орындамаған, бірақ дұрыс нәтижелер мен қорытындыларды алуға мүмкіндік беретін практикалық жұмыс көлемінің 50% кем емес; Жұмыс барысында қателіктер жіберілді. Сұрақтарға жауап беру кезінде студент сұрақтың мәнін дұрыс түсінеді, бірақ жауапта курс сұрақтарын меңгеруде бағдарламалық материалды одан әрі меңгеруге кедергі келтірмейтін кейбір мәселелер бар. жұмысты толық аяқтамады немесе жұмыстың аяқталған бөлігінің көлемі дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Сұрақтарға жауап беру кезінде бағдарлама талаптарына сәйкес негізгі білім мен дағдыларды меңгермегендігін көрсетті.
Коллоквиумның әртүрлі түрлері (ауызша, жазбаша, аралас, экспресс, т.б.) осы курстың теориялық білімі, терминологиясы және негізгі заңдылықтары игерілген; құбылыстар мен процестердің мәнін логикалық және жүйелі түрде түсіндіреді; мысалдар келтіреді, монологтық сөйлеуде еркін сөйлейді және нақтылау сұрақтарына тез жауап бере алады. осы курстың теориялық білімі, терминологиясы және негізгі заңдылықтары игерілген; құбылыстар мен процестердің мәнін логикалық және жүйелі түрде түсіндіреді; мысалдар келтіреді, монологтық сөйлеуде еркін сөйлейді, бірақ сонымен бірге ол өз бетінше немесе мұғалімнің шамалы түзетуімен түзететін болмашы қателіктер жібереді. Теориялық білімі таяз, дәлелді қорытынды жасау және мысалдар келтіру қабілеті жеткіліксіз, монологтық сөйлеуде, терминологияда, баяндау логикасы мен жүйелілігінің жеткіліксіздігін көрсетеді, мұғалімнің түзетуімен ғана түзетілетін қателіктер жібереді. пәннің теориялық негіздерінен хабарсыздығын, құбылыстар мен процестерді талдау дағдыларының қалыптаспағанын көрсетеді, дәлелді қорытындылар жасауды және мысалдар келтіруді білмейді, мұғалімнің түзетуімен де түзете алмайтын қателіктер жібереді.
Бақылау сұрақтары бойынша сұхбат осы курстың теориялық білімі, терминологиясы және негізгі заңдылықтары игерілген; құбылыстар мен процестердің мәнін логикалық және жүйелі түрде түсіндіреді; мысалдар келтіреді, монологтық сөйлеуде еркін сөйлейді және нақтылау сұрақтарына тез жауап бере алады. осы курстың теориялық білімі, терминологиясы және негізгі заңдылықтары игерілген; құбылыстар мен процестердің мәнін логикалық және жүйелі түрде түсіндіреді; мысалдар келтіреді, монологтық сөйлеуде еркін сөйлейді, бірақ сонымен бірге ол өз бетінше немесе мұғалімнің шамалы түзетуімен түзететін болмашы қателіктер жібереді. Теориялық білімі таяз, дәлелді қорытынды жасау және мысалдар келтіру қабілеті жеткіліксіз, монологтық сөйлеуде, терминологияда, баяндау логикасы мен жүйелілігінің жеткіліксіздігін көрсетеді, мұғалімнің түзетуімен ғана түзетілетін қателіктер жібереді. пәннің теориялық негіздерінен хабарсыздығын, құбылыстар мен процестерді талдау дағдыларының қалыптаспағанын көрсетеді, дәлелді қорытындылар жасауды және мысалдар келтіруді білмейді, мұғалімнің түзетуімен де түзете алмайтын қателіктер жібереді.
Аралық бақылауға арналған тест түріндегі тапсырмалар 100-90% дұрыс жауаптар 89-70% дұрыс жауаптар 69-50% дұрыс жауаптар 49-0% дұрыс жауаптар
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Электротехникалық материалдардың қасиеттері мен қолдану салалары бойынша жіктелуі
  • Диэлектриктердің полярлануы және электр оқшаулағыш материалдардың физика-механикалық қасиеттері
  • Диэлектриктердің агрегаттық күйлері
  • Өткізгіш материалдардың негізгі сипаттамалары және олардың жіктелуі
  • Балқу температурасы орташа металдар мен қорытпалар
  • Жартылай өткізгіш материалдар
  • Магниттік материалдар
  • Жоғары кернеудегі техниканың оқшауламасы және асқын кернеу
  • Газды разрядты аралықтарындағы электр беріктігі
  • Электр қондырғыларындағы ішкі оқшауламалардың түрлері және электрлік қасиеттері
  • Электр беріктігінің түрлері
  • Ішкі оқшауламаны бақылау және сараптау жүйесі
  • Асқын кернеу түрлері
  • Электр беру желілерін найзағайдан қорғау
  • Вентильді ажыратқыштармен немесе асқын кернеулерді шектегіштермен қорғалған оқшаулағыштағы кернеуле
Негізгі әдебиет
  • Угольников, А. В. Электротехническое материаловедение : учебное пособие / А. В. Угольников. — Саратов : Ай Пи Ар Медиа, 2019. — 85 c. — ISBN 978-5-4497-0021-6.
  • Целебровский, Ю. В. Электротехническое материаловедение. Сборник практических заданий : учебное пособие / Ю. В. Целебровский, Н. А. Черненко. — Новосибирск : Новосибирский государственный технический университет, 2016. — 147 c. — ISBN 978-5-7782-2895-5.
  • Электротехническое и конструкционное материаловедение : учебное пособие по курсу «Электротехническое и конструкционное материаловедение» для студентов дневной формы обучения направления подготовки 140400.62 - Электроэнергетика и электротехника / составители Е. В. Шопина, А. А. Стативко. — Белгород : Белгородский государственный технологический университет им. В.Г. Шухова, ЭБС АСВ, 2011. — 123 c.
  • Музылева, И. В. Электротехническое и конструкционное материаловедение. Полупроводниковые материалы и их применение : учебное пособие / И. В. Музылева. — Липецк : Липецкий государственный технический университет, ЭБС АСВ, 2014.
  • Музылева, И. В. Электротехническое и конструкционное материаловедение. Диэлектрические материалы и их применение : учебное пособие / И. В. Музылева, Т. В. Синюкова. — Липецк : Липецкий государственный технический университет, ЭБС АСВ, 2014. — 64 c. — ISBN 978-5-88247-720-1.
  • Угольников, А. В. Электротехническое и конструкционное материаловедение : учебник / А. В. Угольников. — Саратов : Ай Пи Ар Медиа, 2019. — 188 c. — ISBN 978-5-4497-0022-3.
  • Бочаров, Ю. Н. Техника высоких напряжений : учебное пособие / Ю. Н. Бочаров, С. М. Дудкин, В. В. Титков. — Санкт-Петербург : Санкт-Петербургский политехнический университет Петра Великого, 2013. — 265 c. — ISBN 978-5-7422-3998-7.
  • Щеглов, Н. В. Электрооборудование высокого напряжения и его эксплуатация : учебное пособие / Н. В. Щеглов. — Новосибирск : Новосибирский государственный технический университет, 2017. — 139 c. — ISBN 978-5-7782-3461-1.
  • Савина, Н. В. Техника высоких напряжений. Перенапряжения и защита от них : учебное пособие / Н. В. Савина. — Благовещенск : Амурский государственный университет, 2015. — 191 c.
Қосымша әдебиеттер
  • 1.Техника высоких напряжений. Учебное пособие. Борисов В.Н. – Алма- ты: АИЭС, 2011г. 2. Техника высоких напряжений. Перенапряжения и изоляция. Конспект лекций. Борисов В.Н., Оржанова Ж.К. – Алматы:АИЭС, 2010г. 3. Техника высоких напряжений. Методические указания и задания к РГР. Борисов В.Н., Оржанова Ж.К., Бекмагамбетова К.Х. – Алматы: АУЭС, 2011г. 4. Техника высоких напряжений. Методические указания к выполнению лабораторных работ. Борисов В.Н., Оржанова Ж.К. – Алматы: АИЭС, 2014г. 5. К.Х. Бекмагамбетова. Электротехническое материаловедение//Алматы: «Ғылым»,2000.-256 с 6. В.В.Пасынков, В.С. Сорокин. Материалы электронной техники//М.: Высшая школа, 1990.-306 с. 7. Б.Л. Антипов, В.С.Сорокин, В.А.Терехов. Материалы электронной техники.Задачи и вопросы//М.: Высшая школа, 1990.-208 с. 8. А.С. Серебряков. Электротехническое материаловедение. Электроизоляционные материалы//–М.: Маршрут, 2005. –280 с