Электрмен қамтамасыз ету жүйелерін жобалау
Сипаттама: Пән студенттердің электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау принциптерін түсіну, электр жүктемелерін есептеу әдістерін талдау, тиісті жабдықты таңдау және жобалау шешімдерінің Қазақстан Республикасының нормативтік-техникалық актілеріне сәйкестігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастырады. Пән электрмен жабдықтау жүйелерін жобалаудың теориялық негіздері мен практикалық дағдыларын, соның ішінде шартты графикалық белгілерді, электр жабдықтарын анықтау және таңдау әдістерін зерттеуді қамтиды. Нәтижесінде студент трансформаторларды, электр беру желілерін және қорғаныс жабдықтарын таңдау мен есептеуді қоса алғанда, электрмен жабдықтау жүйелерін жобалауға, сондай-ақ электр қондырғыларының сенімді және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін нормативтік-техникалық актілерді қолдануға қабілетті болады.
Кредиттер саны: 8
Пререквизиты:
- Электр желілері және жүйелері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 45 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 45 |
СӨЖ | 120 |
курстық жоба | |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- электрмен жабдықтау жүйесін жобалау жөнінде теория мен практика негізін меңгерген, алдыңғы қатарлы көзқарасы, техникалық ойлау қабілеті бар, электрмен жабдықтау жүйесін жобалаудағы бар міндеттерді шешуге қабілетті жан – жақты бакалавр маманын даярлау
Міндет
- электрмен жабдықтау жүйесін жобалауға қажетті жаңа заманғы есептеу әдістерін оқып үйрену, электрмен жабдықтау жүйесін жобалауды жүзеге асыру үшін қажет энергияны үнемдеуші технологиялар мен электр жабдықтарын дұрыс таңдай білуге дағдыландыру, технико-экономикалық көзқарас тұрғысынан оптималды шешім қабылдауға үйрену
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- электр шамаларын анықтау үшін есептеу әдістерін, қысқа тұйықталудың физикалық негіздері білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Қысқа тұйықталу токтарының есептеу әдістерін біл
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Қосалқы станцияларды жобалауды, қондырғылардың электрмен жабдықтау схемасын білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Электр энергетикалық жүйелерге талдау жасау әдістерін білу, командамен бірге жұмыс жасай алу, өз пікірін дұрыс жеткізе білу, жаңашыл шешімдерді ұсыну қабілетіне ие болу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Электр энергиясының сапасын жақсарту әдістерін, эксплуатациядағы электр энергетикалық жүйелерді оптимизациялау әдістерін білу. Жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, күнделікті кәсіптік іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін білімдерін тереңдету және білімдерін магистратурада жалғастыру
Негізгі әдебиет
- 1 Ермилов А.А. Основы электроснабжения промышленных предприятий .- М.: Энергоатомиздат, 1983 - 208с. 2 Князевский Б.А., Липкин Б.Е. Электроснабжение промышленных предприятий. – М.: Высшая школа, 1986 - 400с. 3 Справочник по электроснабжению и электрооборудованию. Электроснабжение./ Под общ. ред. Федорова А.А. - М.: Энергоатомиздат, 1987 – 456с. 4 Справочник по электроснабжению и электрооборудованию. Электрооборудование./ Под общ. ред. Федорова А.А. - М.: Энергоатомиздат, 1987 – 592с. 5 Справочник по проектированию электроснабжения линий электропередач и сетей./ Под общ. ред. Большама Я.М., Круповича В.И., Самовера М.Л. - М.: Энергия, 1977 – 696с. 6 Справочник по проектированию электроснабжения./ Под общ. ред. Круповича В.И - М.: Энергия, 1977 – 456с. 7 Справочник по проектированию электрических сетей и электрооборудования./ Под общ. ред. Круповича В.И., Барыбина Б.Г., Самовера М.Л. - М.: Энергоатомиздат, 1981 – 401с, т. 1,2.