Электр аппараттары
Сипаттама: Пән студенттерде энергия мен ақпарат ағындарын басқарудың электротехникалық құрылғылары болып табылатын электр аппараттардың құрылысы мен жұмыс істеуінің теориялық негіздері туралы базалық білімді қалыптастырады; электр энергиясын өндіруде, беруде және таратуда пайдаланылатын ең көп таралған электр аппараттарын таңдау және пайдалану шарттарын негізгі конструкцияларымен, жұмыс істеу принципімен, жұмыс режимдерімен зерделейді. Электр аппараттардың тиімді пайдаланылуын және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін әдістер мен техникалық құралдарды қолдану
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Инженерлік білім беруге кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәнді оқыту мақсаты – кәсіптік білім берумен қоса мамандардың комплекстік дайындығын қамтамасыз ету, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, мамандық қиындықтарын жоғары ғылыми дәрежеде шешу және қалыптастыра білу, өз білімдерін өз бетінше жоғарулату және шығармашылықта қолдану. Бұл мақсаттар шығармашылықтың белсенділіктің жоғрылауы және студенттердің өзіндік жұмысы, есептік техникалардың кең қолданысы негізінде орындалады.
Міндет
- Берілген пәнді оқыту міндеттері – электр аппараттардың, электрмеханикалық, электрлік және физикалық сипатын оқыту, электр аппараттардың құрылысын оқыту, аппараттардың жүктеме кезіндегі жұмыс тәртібін, апаттық жағдайда электрлік және электромеханикалық ұлғаюды реттеуді оқыту болып табылады
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Электр аппараттардың негізгі анықтамаларын, жұмыс істеу принциптерін және конструкциясын білу және казіргі ақпараттық тасқындарда бағдарлай білуі және икемделуі шарт
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Айналымның дағдыларының қазіргі техникамен пайдалана білу, кәсіби қызмет шеңберінде аэлектр аппараттардың есептерінің әдістерін пайдалану шарт
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Өндірісте қауіпсіздікті сақтау,электр аппараттардың пайдаланып энерго- және қор үнемдеу шараларында қатысу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- От қауіпсіздігі және еңбекті қорғайтын, техника қауіпсіздігі және өндірістік санитарияның шараларына сәйкес, технологиялық жабдықтың орналастыру мен өндірістің технологиясына сәйкес жұмыс орнындарын ұйымдастыруға қабілеттілігі болу шарт
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Жаңа білімді әдеттену күнбе-күнгі кәсіби қызметіне қажетті замануи электр аппараттардың дамуына сай және магистратурада оқуды жалғастыру үшін ие болу шарт
Оқыту әдістері
- проблемалық және жобалық-бағдарлы оқыту технологиялары; -оқу-зерттеу қызметінің технологиялары; -коммуникативтік технологиялар (дискуссия, пресс-конференция, ми шабуылы, оқу пікірсайыстары және басқа да белсенді формалар мен әдістер)); - кейс әдісі (жағдайды талдау); - білім алушылар іскерлік, рөлдік, имитациялық ойындарға қатысатын ойын технологиялары; - ақпараттық-коммуникациялық (соның ішінде қашықтықтан білім беру) технологиялар.
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | 1 Тәжірибелік жұмыс | 0-100 |
2 Тәжірибелік жұмыс | ||
3 Тәжірибелік жұмыс | ||
4 Тәжірибелік жұмыс | ||
5 Тәжірибелік жұмыс | ||
СӨЖ. 1 Тақырып | ||
СӨЖ. 2 Тақырып | ||
СӨЖ. 2 Тақырып | ||
Тестілеу | ||
2 рейтинг | СӨЖ. 1 Тақырып | 0-100 |
СӨЖ. 1 Тақырып | ||
СӨЖ. 1 Тақырып | ||
СӨЖ. 1 Тақырып | ||
СӨЖ. 1 Тақырып | ||
СӨЖ. 1 Тақырып | ||
6 Тәжірибелік жұмыс | ||
7 Тәжірибелік жұмыс | ||
Тестілеу | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз | |
Практикалық сабақтардағы жұмыс | талап етілетін есептеу әдістері тізбегін сақтай отырып, практикалық жұмысты толық орындады; Жауабын жаңа мысалдармен сүйемелдейді, білімді жаңа жағдайда қолдана біледі. | бір қате немесе екіден аз кемшілік жіберілді, оны студент өз бетінше немесе мұғалімнің азғантай көмегі арқылы түзете алады; жауап білімді жаңа жағдайға қолданбай берілді | жұмысты толық орындамаған, бірақ дұрыс нәтижелер мен қорытындыларды алуға мүмкіндік беретін практикалық жұмыс көлемінің 50% кем емес; Жұмыс барысында қателіктер жіберілді. | жұмысты толық аяқтамады немесе жұмыстың аяқталған бөлігінің көлемі дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Сұрақтарға жауап беру кезінде бағдарлама талаптарына сәйкес негізгі білім мен дағдыларды меңгермегендігін көрсетті. |
Бақылау сұрақтары бойынша сұхбат | осы курстың теориялық білімі, терминологиясы және негізгі заңдылықтары игерілген; құбылыстар мен процестердің мәнін логикалық және жүйелі түрде түсіндіреді; мысалдар келтіреді, монологтық сөйлеуде еркін сөйлейді және нақтылау сұрақтарына тез жауап бере алады. | осы курстың теориялық білімі, терминологиясы және негізгі заңдылықтары игерілген; құбылыстар мен процестердің мәнін логикалық және жүйелі түрде түсіндіреді; мысалдар келтіреді, монологтық сөйлеуде еркін сөйлейді, бірақ сонымен бірге ол өз бетінше немесе мұғалімнің шамалы түзетуімен түзететін болмашы қателіктер жібереді. | Теориялық білімі таяз, дәлелді қорытынды жасау және мысалдар келтіру қабілеті жеткіліксіз, монологтық сөйлеуде, терминологияда, баяндау логикасы мен жүйелілігінің жеткіліксіздігін көрсетеді, мұғалімнің түзетуімен ғана түзетілетін қателіктер жібереді. | пәннің теориялық негіздерінен хабарсыздығын, құбылыстар мен процестерді талдау дағдыларының қалыптаспағанын көрсетеді, дәлелді қорытындылар жасауды және мысалдар келтіруді білмейді, мұғалімнің түзетуімен де түзете алмайтын қателіктер жібереді. |
Аралық бақылауға арналған тест түріндегі тапсырмалар | 100-90% дұрыс жауаптар | 89-70% дұрыс жауаптар | 69-50% дұрыс жауаптар | 49-0% дұрыс жауаптар |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Электрмен жабдықтау жүйелеріндегі электр аппараттарының рөлі
- Электр аппараттарындағы электродинамикалық күш
- Электр аппараттарының жылулық есептері
- Электрлік контактілер
- Электр доғасы, оның пайда болуы және жануы
- Басқару аппараттары
- Түйістіргіштер
- Магниттік іске қосқыштар
- Рубильниктер мен ауыстырып қосқыштар
- 1000В дейін және одан жоғары желілердегі сақтандырғыштар
- Автоматты ауа ажыратқыштар
- Ажыратқыштар, бөлігіштер мен қысқа тұйықтағыштар
Негізгі әдебиет
- 1. Тельманова Е.Д. Электрические и электронные аппараты –2-е изд., перераб. и доп. - Екатеринбург: Изд-во ГОУ ВПО "Рос. гос. проф.-пед. ун-т", 2010. 2. Девочкин О.В., Лохнин В.В., Смолин Е.Н. Электрические аппараты. – М.: Издательский центр «Академия», 2010. 3. Таев И.С. Основы теории электрических аппаратов. М.: Издательский центр «Академия», 2010. 4.Чунихин А.А., Жаворонков М.А. Аппараты высокого напряжения, - М.: Энергоатомиздат,2012.
Қосымша әдебиеттер
- 1. Правила устройства электроустановок, А.: Кітап, 2012 2. Электрическая часть станций и подстанций Справочные материалы для курсового и дипломного проектирования под ред.: Неклепаева Б.Н., Крючкова И.П. М.: Энергоиздат, 2005. 3. Рожкова Л.Д., Козулин В.С. Электрооборудование станций и подстанций. М.: Энергоиздат, 2008. 4. Коновалов Л.Л., Рожкова Л.Д. Электроснабжение промышленных предриятий. - М.: Энергия, 2007. 5. Справочник по проектированию электроснабжения. Под общей редакцией: Тищенко Н.Ю., Мовсесова Н.С., Барыбина. – М.: Энергоатомиздат, 2011.