Жылу энергетикалық жүйелерді жобалау
Сипаттама: Пән студенттерде нормативтік талаптар мен қазіргі тенденцияларды ескере отырып, жылу энергетикалық жүйелерді негізделген және тиімді жобалау үшін қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырады. Курс аясында жылу энергетикалық жүйелерді жобалау және оңтайландыру принциптері, негізгі нормативтік-техникалық құжаттар, жүйелердің түрлері мен мақсаты, энергетикалық қондырғылардың параметрлері мен схемалары, жылу шығындары мен есептеу әдістері зерттеледі. Нәтижесінде студенттер жобалау үшін бастапқы деректерді жинап, пайдалана алады, технологиялық схемаларды әзірлей алады және жылумен жабдықтау жүйелерінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін анықтай алады.
Кредиттер саны: 8
Пререквизиты:
- Жылыту, желдету, кондиционерлеу
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 45 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 45 |
СӨЖ | 120 |
курстық жоба | |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Студенттердің өнеркәсіптік кәсіпорындардың жылу энергетикалық жүйелерінің жалпы принциптері, құрылымы және жұмыс істеуі, жылу электр станциялары мен қазандықтарды жобалау және пайдалану негіздерімен есептер шығару және шешу туралы білім алуы
Міндет
- Осы оқудың нәтижесінде студент: білу: - жылу электр станцияларының (ЖЭС) және қазандықтардың негізгі түрлері, олардың мақсаты, орналасу шарттары мен параметрлері. - жылумен жабдықтау жүйелерінің жылу жүктемелерін есептеу. - ЖЭС және қазандықтардың принципті жылу схемаларын есептеу әдістемесі. білу: - Өнеркәсіптік жылу электр станциялары мен қазандықтардың әртүрлі типтерінің принципті жылу схемаларын жасау және есептеу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Жылу станциялары мен қазандықтарды жобалаудың негізгі кезеңдерін білу. Жылумен қамтамасыз ету сұлбаларын таңдау, жабдықтарды орналастыру және жүктемені есептеу қағидаларын түсіну. Нормативтік құжаттар талаптары мен жобалық шешімдердің техникалық-экономикалық негіздерін түсіндіру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Жылу техникалық және гидравликалық есептеулерді орындау. Қазандықтар мен ЖЭС жобалау кезінде стандарттар мен әдістемелерді қолдану. Жабдықтар мен инженерлік коммуникациялар орналастыру сұлбаларын әзірлеу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Энергоүнемділік пен үнемділік тұрғысынан жобалық шешімдердің тиімділігін бағалау. Жылумен қамтамасыз етудің баламалы сұлбаларын салыстыру және оңтайлысын таңдау. Пайдалану шарттарын ескере отырып, жабдық пен технологияны дәлелді негіздеу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Жобалық шешімдерді техникалық аудитория алдында ұсыну және қорғау. Жобалық-техникалық құжаттаманы талаптарға сәйкес жасақтау. Инженерлік этиканы сақтай отырып, жобалау топтарында және өзге салалар мамандарымен ынтымақтастықта жұмыс істеу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- AutoCAD сияқты жобалауға арналған жаңа бағдарламаларды меңгеру. Энергетикалық объектілерді жобалаудағы заманауи үрдістерді бақылау. Жылу энергетикасындағы инновациялық технологияларды талдау және жобалық шешімдерге енгізу.
Негізгі әдебиет
- Рыжкин В.Я. Тепловые электрические станции, -М.:Энергоатомиздат, 2017. - 328 с.
- Тепловые и атомные электрические станции: учебник для вузов / Л.С. Стерман, В.М. Лавыгин, С.Г. Тишин.- 5-е изд., стереотип.- М.: МЭИ, 2020.- 464с
- Строительство тепловых электростанций. Т.1. Проектные решения тепловых электростанций: учебник / И.К. Вишницкий [и др.] - М.: АСВ, 2020.- 376 с.
- СНиП РК-1.02-01-2007*. Инструкция о составе, порядке разработки, согласования и утверждения проектно-сметной документации на строительство предприятий, зданий и сооружений.
- Гаврилов Д.А. Проектно-сметное дело. М.: Альфа-М. Инфра-М, 2016.
Қосымша әдебиеттер
- СП ТЭС-2007 Свод правил по проектированию тепловых электрических станций. М.: РАО «ЕЭС России», 2017. -175с
- Назмеев Ю.Г., Системы топливоподачи и пылеприготовления ТЭС: Справочное пособие / Ю.Г. Назмеев, Г.Р. Мингалеева.- М.: МЭИ, 2015.- 480с.
- Буров В.Д., Цанев С.В., Ремезов А.Н. Газотурбинные и парогазовые установки тепловых электростанций. – М.:МЭИ, 2022, - 458 с.
- Делягин Г.Н., Лебедев В.И., Пермяков Б.А. Теплогенерирующие установки. М., - Стройиздат.2016