Энергетикалық қазандықтар және аз қуатты қазандық жүйелері
Сипаттама: Пән студенттердің қазіргі заманғы ЖЭС-тің энергетикалық қазандықтарын және өнімділігі төмен қазандық қондырғыларын тану, түсіндіру және жіктеу қабілетін, сондай-ақ олардың кәсіпорындардағы технологиялық процестермен өзара әрекеттесуін қалыптастырады. Білім алушылар қазандықтардың түрлерін, қазандық жүйелерінің элементтеріндегі физикалық процестерді (оттықтар, буландырғыштар, қыздырғыштар) зерттейді, талдайды және салыстырады, сондай-ақ отын беру, күл алу, күл шығару және экологиялық қорғау жүйелерінің тиімділігін бағалайды. Нәтижесінде студенттер энергия тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, қазандық қондырғыларын пайдалану және жаңарту бойынша техникалық шешімдерді жобалау, оңтайландыру және негіздеу үшін білімді қолдана алады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Жылу техникасының теориялық негіздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Студенттердің автономды және өнеркәсіптік жылумен жабдықтау жүйелерінде қолданылатын аз қуатты энергетикалық қазандықтар мен қазандық қондырғыларын жобалау, пайдалану, есептеу және техникалық қызмет көрсету бойынша теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Міндет
- Аз қуатты қазандықтардың түрлерін, құрылымдық ерекшеліктерін және жұмыс істеу принциптерін зерттеу. Жылулық, аэродинамикалық және гидравликалық есептеу әдістерін меңгеру. Автоматтандыру, қауіпсіздік және экологиялық тиімділікке қатысты заманауи технологиялармен танысу. Құрылғыларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және реттеу бойынша практикалық дағдыларды меңгеру. Қазандық қондырғыларының әртүрлі режимдерде жұмыс істеу тиімділігі мен сенімділігін бағалау дағдыларын дамыту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- – Аз қуатты қазандықтардың түрлері мен құрылымын білу. – Қондырғылардағы жылу алмасу және жану үдерістерін түсіну. – Қауіпсіздік, басқару және түйіндесу сызбаларын түсіндіру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- – Аз қуатты қазандықтардың түрлері мен құрылымын білу. – Қондырғылардағы жылу алмасу және жану үдерістерін түсіну. – Қауіпсіздік, басқару және түйіндесу сызбаларын түсіндіру.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- – Аз қуатты қазандықтардың түрлері мен құрылымын білу. – Қондырғылардағы жылу алмасу және жану үдерістерін түсіну. – Қауіпсіздік, басқару және түйіндесу сызбаларын түсіндіру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- – Есептеу және техникалық есептерді дайындау. – Инженерлік шешімдерді топ ішінде негіздеу. – Пайдалану персоналымен кәсіби қарым-қатынас жасау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- – Жылумен жабдықтау және энергия үнемдеу саласындағы жаңа технологияларды меңгеру. – Кәсіби әдебиеттер мен анықтамалықтарды пайдалану. – Нормативтік-құқықтық өзгерістер мен техникалық реттеуге бейімделу.
Негізгі әдебиет
- 1. Бадмаев Ю.Ц., Хусаев Н.С., Балданов М.Б. Котельные установки и парогенераторы: учеб.-метод. пособие. – СПб.: Лань, 2023. – 208 с. – ISBN 978-5-507-47032-7.
- 2. Лебедев В.М., Приходько С.В. Тепловой расчёт котельных агрегатов средней паропроизводительности: учебное пособие. – СПб.: Лань, 2022. – 184 с.
- 3. Горюнова И.Ю., Похорилер В.Л. Котельные установки ПТУ и ПГУ: учеб. пособие. – Екатеринбург: УрФУ, 2020. – 142 с. – ISBN 978-5-7996-3130-7.
- 4. Мунц В.А., Павлюк Е.Ю., Прошин А.С. Котельные установки и парогенераторы: учеб. пособие. – Екатеринбург: УрФУ, 2020. – 160 с. – ISBN 978-5-7996-3145-1.
- 5. Карякин. Котельные установки и парогенераторы. Основы и методика теплового расчёта: учебное пособие. – 2022.
Қосымша әдебиеттер
- Липов Ю.М., Третьяков Ю.М. Котельные установки и парогенераторы - Москва-Ижевск: НИЦ «Регулярная и хаотическая динамика», 2003.
- Нурекен Е. Жылу электр станцияладың қазандық қойдырғылары. Оқу қуралы. – Алматы: АЭжБИ, 2007 – 270 б. 2007