Материалдар кедергісі және құрылыс механикасы
Сипаттама: Пән құрылыс конструкциялары элементтерінің беріктігін, қаттылығын және тұрақтылығын есептеу әдістерін зерттеуге, сондай-ақ жүктемелердің әртүрлі түрлеріндегі олардың қасиеттерін талдауға бағытталған. Оқу барысында студенттер шорт сынғыш және иілгіш материалдар үшін созылу және қысу диаграммаларын құрудың негізгі принциптерімен танысады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Физика
- Математика 1
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- «Инженерлік механика және материалдар кедергісі» пәнің игерудің мақсаты – жаратылыстану және инженерлік механика саласындағы іргелі білімі бар мамандарды инженерлік және құрылыс саласындағы жұмыс үшін дайындау.
Міндет
- Пәнді оқутыдың міндеттері: - табиғатта және технологияда математикалық модельдер құру дағдыларын игеру және табылған шешімдерге аналитикалық талдау жасау; - ғимараттар мен құрылыстардың элементтерін беріктікке, қатаңдылыққа және орнықтылыққа есептеу; - құрылымдық материалдардың механикалық қасиеттерін зерттеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- - Құрылыс элементтерінің беріктігі мен қаттылығын есептеудің негізгі әдістері мен принциптерін, сондай-ақ инженерлік конструкцияларды тиімді жобалау бойынша ұсыныстарды білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- - Берілген дененің (немесе нүктенің) қозғалыс заңдылықтарын біле отырып, дененің жалпы қозғалысын, сондай-ақ оның әр нүктесінің жеке қозғалысын сипаттайтын барлық кинематикалық өлшемдерді анықтау (траектория, жылдамдық, үдеу және т.б.). - Қолданбалы есептерді шешу үшін негізгі заңдар мен теоремаларды қолдану. -Деформацияның қарапайым түрлерінде (статикалық берілген жүйелерде созылу-сығылу, бұралу), күрделі деформацияларда (көлденең иілу, орталықтан тыс қысу), оның ішінде заманауи бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып, конструкция элементтерінің беріктігін, қаттылығын және тұрақтылығын есептей білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Әр студент өз мамандығы бойынша қалыптасқан пікірге ие болуы керек.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Кез - келген тілде сөйлесу-диалог жүргізу, сөйлеу этикетінің ережелерін қолдану.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Нақты өндірістік жағдайда технологиялар мен бұйымдар мен конструкциялар материалдарының қасиеттерін оңтайландыру бағыттарын таңдау қағидаттарын қалыптастыру.
Оқыту әдістері
интерактивті дәріс (оқутыдың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу, модерация, слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық; - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | №1 Есептеу-графикалық жұмыс-күрделі қарсылық. Қиғаш иілу. | 0-100 |
№2 Есептеу-графикалық жұмыс-күрделі қарсылық. Орталықтан тыс қысу және созылу | ||
Аралық тест 1 | ||
2 рейтинг | №3 Есептеу-графикалық жұмыс - тегіс статикалық анықталатын рамаларды есептеу. | 0-100 |
№4 Есептеу-графикалық жұмыс-көп аралықты арқалықты есептеу | ||
Аралық тест 2 | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз | |
Практикалық сабақтарда жұмыс істеу | Қажетті әрекеттер тізбегін сақтай отырып, практикалық жұмысты толық көлемде орындады; жауапта барлық тапсырмаларды, графикалық сызбаларды дұрыс және ұқыпты орындайды; қателерді талдауды дұрыс орындайды. Сұрақтарға жауап беру кезінде ол сұрақтың мәнін дұрыс түсінеді, негізгі ұғымдарды дәл анықтайды және түсіндіреді; жауапты жаңа мысалдармен сүйемелдейді, білімді жұмыста қолдана алады; зерттелген және бұрын зерттелген материал, сондай-ақ басқа пәндерді оқу кезінде алынған материал арасында байланыс орната алады. | "5" бағасына қойылатын талаптарды орындады, бірақ 2-3 кемшіліктер жіберілді. Білім алушының сұрақтарға жауабы 5-ке жауапқа қойылатын негізгі талаптарды қанағаттандырады, бірақ жаңа жағдайда білімді қолданбай, бұрын зерттелген материалмен және басқа пәндерді оқу кезінде игерілген материалмен байланысты пайдаланбай беріледі; бір қателік немесе екіден көп емес кемшілік жіберілді, білім алушы оларды дербес немесе оқытушының аздаған көмегі арқылы түзете алады. | Ол жұмысты толық орындамады, бірақ практикалық жұмыс көлемінің кем дегенде 50%, бұл дұрыс нәтижелер мен қорытындылар алуға мүмкіндік береді; жұмыс барысында қателіктер жіберілді. Сұрақтарға жауап беру кезінде білім алушы сұрақтың мәнін дұрыс түсінеді, бірақ жауапта бағдарламалық материалды одан әрі игеруге кедергі келтірмейтін курс сұрақтарын игеруде жекелеген проблемалар бар; бір өрескел қателік пен екі кемшіліктен артық емес жіберілді. | Жұмысты толық орындамады немесе жұмыстың орындалған бөлігінің көлемі дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Жұмысты орындау кезінде ол стандарттың талаптарына сәйкес негізгі білім мен дағдыларды меңгермегендігін көрсетеді; 3 бағалау үшін қажет болғаннан көп қателіктер мен кемшіліктер жіберілді немесе қойылған сұрақтардың ешқайсысына жауап бере алмайды. |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Статиканың негізгі ұғымдары
- Бұралу
- Күрделі кедергі
- Күрделі кедергі
- Статикалық анықталған рамаларды есептеу
- Пәннің негізгі түсініктері және анықтамалары
- Ғимараттарды кинематикалық талдау
- Геометриялық өзгермейтін жүйелерді құрастыру белгілері
- Көп аралықты статикалық анықталған арқалықтар
- Негізгі, ілінбелі және көмекші арқалықтарды анықтау
- Сыртқы күштердің жұмысы
- Серпімді деформациялардың потенциялдық энергиясы
- Орын ауыстыруды анықтаудың жалпы әдістері
- Мор интегралы
- Орын ауыстыруды анықтаудың жалпы әдістері
Негізгі әдебиет
- 1. Кузьмин Л.Ю., Сергиенко В.Н., Ломунов В.К.: Сопротивление материалов. Лань, 2023. - 228 с. 2. Сидорин С.Г. Сопротивление материалов. Практикум. Лань, 2023. - 212 с. 3. Эрдеди, А.А. Теоретическая механика (для бакалавров) / А.А. Эрдеди, Н.А. Эрдеди. - М.: КноРус, 2018. - 416 c. 4. Доронин, Ф.А. Теоретическая механика: Учебное пособие / Ф.А. Доронин. - СПб.: Лань, 2018. - 480 c. 5. Диевский, В.А. Теоретическая механика. Сборник заданий: Учебное пособие / В.А. Диевский, И.А. Малышева. - СПб.: Лань, 2018. - 192 c.
Қосымша әдебиеттер
- 6. Мещерский И.В. Сборник задач по теоретической механике. – М.: Наука, 2002 г.- 480 с. 7. Яблонский А.А., Никифорова В.М. Курс теоретической механики, ч. 1, 2. – Санкт-Петербург, 2002 г.- 650 с 8. Маркова Б.Н. Сопротивление материалов: Учебное пособие.- м.: КДУ, 2006. -256с. 9. Феодосьев В.И. Сопротивление материалов.учебник. - 10-е издание переработанное и дополненное. М.: МГТУ им. Баумана, 2001. - 591с.