Жер асты суларын іздеу және пайдалану
Сипаттама: Пән елді мекендерді, өндірісті және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етудегі жер асты суларының рөлі туралы түсінік береді. Жер асты суларының пайда болуы, жіктелуі, физикалық және химиялық қасиеттері, жер асты горизонттарына су ағынының өзгеруін режимдік бақылау туралы білімді қалыптастырады. Сулы қабатты таңдау принциптерімен, су ұңғымаларын бұрғылау әдісімен таныстырады. Жер асты су көздерінен су алу ғимараттарын жобалау бойынша конструктивтік шешімдер мен есептеу әдістемесін зертте
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Гидравлика және арна гидравликасы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Су алу ғимараттарының конструкцияларымен және оларды есептеу әдістемесімен танысу. Жер асты суларынан су алуға байланысты инженерлік мәселелерді шешу.
Міндет
- Студенттердің жер асты су көздерінен су алу мәселелерін шешуге байланысты практикалық дағдыларды игеруі.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Жер асты су көздерінен су алу ғимаратарын жобалау қағидаларын, су алу ұңғымаларын бұрғылаудың негізгі түрлерін, санитарлық қорғау аймақтарын ұйымдастыруды білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Жер асты су көздерінің кен орындарынан су алу ғимараттарын жобалау, бұрғылау жабдықтарын таңдау бойынша дағдыларға ие болу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Білім алушы кейіннен су жинау ғимараттарын бұрғылау түрін таңдай отырып, геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларды талдай білуі тиіс.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Сумен қамту саласындағы өндірістік-технологиялық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, жобалық қызметке дайын болу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Жер асты су көздерінен су алу ғимараттарын жобалау кезінде жаңа жетістіктерді (жабдықтарды) қолдану. Су алу ғимараттарының негізгі элементтерін есептей және жұмыс сызбаларын жасай білу.
Оқыту әдістері
Оқу сабақтарын өткізу кезінде төмендегі білім беру технологияларын пайдалану қарастырылады: - қызметті жандандыру әдістері; - пікірталас; - командада жұмыс істеу; - озық БӨЖ; - жеке оқыту; - тәжірибе негізінде оқыту; - проблемалық оқыту; - іздеу әдісі; - зерттеу әдісі.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Табиғаттағы судың климаттық және геологиялық айналымы, айналымның маңызы
- Жер асты суларының химиялық құрамын қалыптастырудың негізгі процестері мен факторлары
- Гидрогеологиялық жіктемелер-иондық-тұзды құрамы, минералдануы және т
- Жер асты суларының кен орны, МПВ жіктелуі туралы түсінік
- ҚР жер асты суларының қорлары мен ресурстары
- Жер асты суларының табиғи қорын бағалау
- Табиғи ресурстарды бағалаудың гидродинамикалық әдісі
- Іздеу-барлау жұмыстары
- МПВ барлау және игеру
- Жер асты суларының сапасын болжау және оларды қорғау
- Ұңғымалардың шығыны
- Су алу ұңғымалары
- Ұңғымалардың су алу қабілетін анықтау
- Ұңғыма сүзгілері
- Санитарлық қорғау аймақтары
Негізгі әдебиет
- 1. Курганов А.М. Водозаборные сооружения систем коммунального водоснабжения. Учебное пособие. — М; СПб.: АСВ; СПбГАСУ, 1998. — 246 с. — ISBN 5-87829-052-9. 2. Белан А.Е., Хоружий П.Д. Проектирование и расчет устройств водоснабжения. – К.:Будiвельник, 1981. 3. Журба М.Г. и др. Водозаборно-очистные сооружения и устройства. М.: ООО «Издательство Астрель», 2003. - 569 с.
Қосымша әдебиеттер
- 1. Боревский Б.В., Дробноход Н.И., Язвин Л.С. Оценка запасов подземных вод. Изд.2-е. Киев, Выща школа, 1989 2.Штенгелов Р.С. Формирование и оценка эксплуатационных запасов пресных подземных вод. М., Недра, 1988 3.Шестаков В.М., Рошаль А.А., Пашковский И.С. Методика определения миграционных параметров в гетерогенных системах. «Вопросы гидрогеологии». М.: Изд-во МГУ, 1973. 83-97. 4.Рекомендации по гидрогеологическим расчетам для определения границ 2 и 3 поясов Зон санитарной охраны подземных источников хозяйственно-питьевого водоснабжения. М. ВНИИ ВОДГЕО, 1983. 5.СанПин. 2.1.4.1110-02 Зоны санитарной охраны источников водоснабжения и водопроводов питьевого водоснабжения. 6.Арцев А.И. и др. Проектирование водозаборов подземных вод. М., Стройиздат, 1976 7.Белицкий А.С., Дубровский В.В. Проектирование разведочно-эксплуатационных скважин для водоснабжения. М., Недра, 1974 8.Биндеман Н.Н., Язвин Л.С. Оценка эксплуатационных запасов подземных вод. Изд. 2-е. М., Недра, 1970