Суды пайдалану негіздері
Сипаттама: Су ресурстарын пайдаланудың негіздерінің мақсаты — суды шаруашылыққа, экологияға және қоғамға тиімді әрі тұрақты пайдалану. Суды пайдаланудың негіздері — су көздеріне қол жеткізу, оларды қорғау және пайдаланушылар арасында әділ бөлуге бағытталған құқықтық, техникалық және экологиялық қағидаттарды қамтиды. Нәтижесінде су ресурстарын теңгерімді пайдалану қамтамасыз етіліп, экожүйелерге зиян келтіру азайтылады және барлық тараптардың мүдделері ескеріледі.
Кредиттер саны: 8
Пререквизиты:
- Жалпы және тарихи геология
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 45 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 45 |
СӨЖ | 120 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Студенттерді Қазақстан Республикасы Су кодексінің талаптарына сәйкес су ресурстарын басқарудың кешенді жоспарларын әзірлеуге және орындауға қатысуға дайындау.
Міндет
- 1. Білім алушыларда су секторының қазіргі заманғы проблемалары туралы түсінік қалыптастыру
- 2. ҚР саясатымен және заңдарымен таныстыру
- 3. Суды пайдалану мақсаттары мен стандарттарына сәйкес су сапасының көрсеткіштерімен таныстыру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Су секторының мәселелері мен проблемаларының қазіргі шеңберін білуге тиіс
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Су ресурстарын жоспарлау мен басқарудың әртүрлі кезеңдерінде ақпараттық қолдау және компьютерлік модельдеу құралдарын пайдалану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Өңірдегі (аудандағы) су объектілерін ластаудың негізгі көздерін дербес белгілеуге, олардың сапалық және сандық сипаттамасын беруге, су объектілеріне әсерін айқындауға
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Су пайдалануды зерттеуде міндеттерді шешу үшін ғылыми ақпаратты алу және пайдаланудың негізгі әдістерін меңгеру
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Су пайдалану мақсаттары мен стандарттарына сәйкес су сапасының көрсеткіштерін зерделеу дағдысы болуы тиіс
Оқыту әдістері
Пәнді оқу барысында интерактивті оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологиялары қолданылады.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Кіріспе
- Су ресурстарын басқару принциптері
- Заң және институционалдық негіздер ҚР Су ресурстары саласындағы саясаты
- Су ресурстарын басқарудың халықаралық қағидаттары
- Өзен бассейнінің су ресурстарын жоспарлау және басқару
- Суды пайдалану
- Су объектілерінің мониторингі
- Су сапасының стандарттары мен нысаналы көрсеткіштері
- Су объектілерінің жай-күйін бағалау
- Су объектілерін ластаудың негізгі көздерін белгілеу
Негізгі әдебиет
- 1. Водный кодекс РК (с изменениями и дополнениями по состоянию на 07.03.2022 г.) https://adilet.zan.kz/rus/docs/K030000481 2.
- 2. Арсеньев Г.С. Основы управления гидрологическими процессами: водные ресур-сы. Учебник. - СПб.: изд. РГГМУ, 2005 - 231 с.
- 3. Кипшакбаев Н.К. Региональные проблемы водного хозяйства - Алматы,2004
- 4. Шабанова В.В., Галямина И.Г, Беглярова Э.С., Юрченко Н.Ф. Комплексное использование водных ресурсов и охрана природы.- М.:Колос, 1994.
- 5. Природно-экономические основы рационального планирования охраны рек от загрязнения - Л.: Гидрометиздат, 1987.
- 6. Укрупненные нормы водопотребления и водоотведекия для различных отраслей промышленности - М.:Стройиздат, 1978.
Қосымша әдебиеттер
- Закумбаев А.К., Арынов Е.М. Проблемы охраны окружающей среды в Казахстане (Институт развития Казахстана). Алматы, 1995.
- http://www.swan-water.eu/sites/swan-water.eu/files/Water%20Resources%20Management.pdfУправление водными ресурсами. Проф. Салохиддинов А.Т., Икрамов Р.К., – Ташкент, ТИМИ, 2013