Тау-кен ісінің негіздері
Сипаттама: Бұл пән студенттерде саланың қазіргі заманғы талаптары мен даму үрдістерін ескере отырып, тау-кен өнеркәсібінде тиімді жұмыс істеу үшін қажетті кешенді білімді қалыптастырады. Бұл курстың негізі тау-кен жұмыстарының қоршаған ортаға әсерін талдау, осы әсерді азайту әдістері, тау-кен саласындағы экономикалық принциптер мен басқаруды зерттеу болып табылады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Жалпы және тарихи геология
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Межелік бақылау (тест) |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Курстың негізгі мақсаты – пайдалы қазбалар кен орындары туралы,ашу және оларды қазу тәсілдері, байыту принциптері жайлы жалпы мәліметтер туралы білім беру.
Міндет
- Тау-кен инженері кен жұмыстарын жүргізудің кен-геологиялық жағдайларын бағалау, кен орындаран қазу, ашу тәсілдері туралы бастапқы ұғымдар, қазу жүйелері, кен қазбалары мен олардың міндеті туралы,өндірістік процестер мен кен жұмыстарын ұйымдастыру бойынша білім алу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Тау өндірісінің негізгі қағидаларын,пайдалы қазбаларды игеру әдістерін, қарапайым сұлбамен кенорнын ашу, басты және көмекші оқпандарды өзара орналастыруын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- - Тау-кен сызбаларындағы шартты белгілерді оқи алу; - Әртүрлі бекітпелерді есептеу алу;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- - технологиялық тапсырмаларды шешуге әдістемелік принциптерді және көзқарасын айта алу, ақпараттарды жинау, талдау;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Кенорнын ашудың қарапайым әдістерін, тік оқпандарды жүргізу технологиясын, ашудың негізгі және қосымша сұлбаларын білу, тау қазбаларын жүргізу. планограммасын құру,
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Ұйымдастыру-басқару жұмыстарын атқара алу, өндірістік-технологиялық шешімдерді қабылдау білу, есептеу-жобалау жұмыстарын орындау
Оқыту әдістері
Пән бойынша дәріс сабақтарын өткізу белсенді оқыту әдісіне негізделеді, онда оқушылар пассивті тыңдаушылар емес, оқытушының сұрақтарына жауап беретін сабаққа белсенді қатысушылар. Оқытушының сұрақтары материалды меңгеру үдерістерін белсендіруге, сондай-ақ логикалық ойлауды дамытуға бағытталған. Оқытушы қауымдасқан ойлауды ынталандыратын және бұрын игерілген материалмен байланыс орнататын сұрақтар тізімін алдын ала белгілейді.
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Студенттің өздік жұмысы | 0-100 |
Практикалық тапсырмалар | ||
Ауызша сұраұтарға жауап беру | ||
1-ші межелік тест | ||
2 рейтинг | Практикалық тапсырмалар | 0-100 |
Студенттің өздік жұмысы | ||
Ауызша сұрақтарға жауап беру | ||
2-ші межелік тест | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз | |
Бақылау мәселе- лері бойынша сұхбаттасу | ||||
Практикалық (семинарлық) сабақтарда жұмыс істеу | ||||
Білім алушының өзіндік жұмысында берілген тақырыптар бойынша тапсырмаларды дайындау және қорғау | ||||
Дәріс материалымен жұмыс жасау және сұрақтарға жауаптар беру (ауызша және жазбаша) | ||||
Аралық бақылау тапсырмаларына жауап | ||||
Қорытынды бақылау |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Жер асты тау-кен жұмыстарының негізгі анықтамалары
- Тау-кен жыныстары мен пайдалы қазбалар туралы негізгі мәліметтер
- Тау қазбалары
- Тау жыныстарының негізгі қасиеттері мен жіктелуі
- Тау жыныстарының бұзылуы
- Тау жыныстарының механикасы
- Ашық тау-кен жұмыстары бойынша негізгі ұғымдар
- Күшті біртекті жыныстарда көлденең және көлбеу қазбаларды жүргізу
- Кен орындарын игеру кезеңдері
- Шахта алаңында қаттарды дайындау
- Шахталардағы тазалау жұмыстары
- Кенді кенорындарын жерасты игеру негіздері
- Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық игеру негіздері
- Пайдалы қазбаларды өңдеу және байыту негіздері
- Сұйық және газ тәрізді пайдалы қазбаларды өндіру негіздері
Негізгі әдебиет
- Смағұлов З.М., Арыстан И.Д. «Тау- кен саласындағы орысша қазақша терминологиялық сөздіктер» ҚарМТУ, Қарағанды, 1996
- Егоров П.В. Основы горного дела. Москва, 2000
- Бобер Е.А. Основы горного дела: Учеб.пособие.Ч.1-2002
- Васючков В.Ф. Горное дело.-М.:Недра , 2000
- Килячков А.П. Технология горного производства.-М:Недра, 2002
Қосымша әдебиеттер
- Пучков Л.А. Подземная разработка месторождений полезных ископаемых. В 2 т. [Текст]: учебник для вузов /Л. А. Пучков, Ю. А. Жежелевский. - М.: МГГУ: Горная книга: Мир горной книги, 2008, Т.1-562 с.
- Сейсебаев К. К. Безопасность рудных шахт : учебное пособие / К. К. Сейсебаев. - Усть-Каменогорск : [б. и.], 2006. - 160 с.
- Смағұлов З.М.,Арыстан И.Д., Исабек Т:К: «Тау – кен технологиясының негіздері» ҚарМТУ, Қарағанды 2003 ж.
- Сағынов А.С., Смағұлов З.М., Исабек Т:К. «Пайдалы кен орындарын ашу» ҚарМТУ, Қарағанды 2007 ж.
- Ә. Бегалинов. Тік оқпандар құрылысының технологиясы/Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі оқу құралы ретінде ұсынған/.-Алматы, 2009 ж.
- Ә. Бегалинов. Көлденең және еңіс тау қазбаларын жүргізу технологиясы/Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі оқу құралы ретінде ұсынған/.-Алматы, 2009 ж.
- Безопасность ведения горных работ и горноспасательное дело: Учебник / К.З.Ушаков, Н.О.Каледина, Б.Ф.Кирин и др; Ред. К.З.Ушаков. - 2-е изд., стереотип. - М.: МГГУ, 2002. - 487 c.