Жер қойнауын пайдалану негіздері
Сипаттама: Міндеттері: Жер қойнауын ұтымды және тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету. Пәннің сипаттамасы: Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланудың заңнамалық негіздерінің негізгі ережелері. Нәтижелер: Ресурстарды басқарудың тиімді стратегияларын әзірлеу және жағымсыз әсерлерді азайту
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Қазақстанның геологиясы және минералдық ресурстары
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 45 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 90 |
курстық жұмыс | |
Қорытынды бақылау нысаны | |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- «Жер қойнауын пайдаланудың негіздері» пәнін меңгерудің мақсаты геологиялық мамандықтарды меңгеретін болашақ мамандарға жер қойнауын үнемді пайдаланудың мәселелерін Қазақстан Республикасының заңдары шегінде жеткізу болмақ.
Міндет
- студенттерді қажетті деңгейде «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы», «Лицензиялау туралы», «Мұнай жайлы» ж.т.б. Қазақстан Республикасының Заңдарымен және де жер қойнауын пайдалану операцияларын реттейтін Үкімет қаулыларымен таныстыру; - жер қойнауын пайдаланудың негізгі принциптерін меңгеру, ведомствалық инструкция-лармен және жер қойнауын пайдаланудың есептемелерімен таныстыру; - алған білімді мамандық бойынша жұмыс істеген кезде практикалық іс-әрекеттерді қолдануға машақаттандыру. - пайдалы қазба байлықтардың барлық түрлерін геологиялық зерттеуде жобалау, жүргізуде туындайтын мәселелерді шешуді үйреніп, білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Жер қойнауын пайдалану қатынастарын құқықтық реттеу жүйесін; жер қойнауын пайдаланудың құқықтық қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілерді, негізгі құқықтық ұғымдарды; жер қойнауын пайдаланушыларға заңнамамен қойылатын талаптарды білу. Түсіну: жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама негіздерін, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану қатынастарын құқықтық реттеу жүйелерін; жер қойнауы учаскелерін пайдалану құқығын беру, тоқтата тұру, шектеу және мерзімінен бұрын тоқтату қағидасы мен тәртібін.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Бұл білімдер жалпы мемлекеттік бағдарламаларды орындау шеңберінде ірі өңірлердің, сондай-ақ тиісті фирмалардың тапсырмасы бойынша жекелеген тау-кен өндіруші кәсіпорындардың минералдық-шикізат базасын кеңейту жөніндегі шаруашылық міндеттерді шешу үшін қажет.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Қазақстанда және жақын және алыс шет елдерде салыстырмалы түрде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу сатылары туралы пайымдаулар қалыптастырылуда.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Қатынастарды құқықтық реттеу негізінде жер қойнауын пайдалану саласында келіссөздер жүргізуге, байланыстар орнатуға, жанжалдарды реттеуге дайындық.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- статистикалық есептілікті құру, шарттар мен рұқсаттарды, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияларды алу, жобалық құжаттамаға мемлекеттік сараптамадан өту тәжірибесі болу; негізгі экономикалық және басқарушылық көрсеткіштерді есептеу дағдыларын меңгеру.
Оқыту әдістері
Интерактивті дәрістер (Талқылаулар және слайд-шоу, фильмдер, YouTube және басқа да әлеуметтік желілерден дәрістер); командалық жобаларды әзірлеу және нәтижелер бойынша нәтижелерді қорғау.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Кіріспе
- Қазақстан Республикасындағы азаматтық құқықтық қатынастар: азаматтық құқықтың принциптері, көздері, субъектілері мен объектілері
- Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру
- Кен орындарын бағалау және барлау кезінде геологиялық зерттеудің әдістері мен техникалық құралдары
- Кен орындарын экономикалық бағалауға әсер ететін факторлар: қорлары, минералдық шикізаттың сапасы, оның технологиялық қасиеттері, пайдаланудың тау-кен техникалық жағдайлары, кен орындары орналасқан аудандардың географиялық-экономикалық және экологиялық жағдайлары
- Қазақстандағы жер қойнауын пайдаланудың заңнамалық базасы
- Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асыру ерекшеліктері
- Барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттар
- Келісімшарттың жұмыс бағдарламасы және оның мазмұнына қойылатын негізгі талаптар
- Жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау
- Жер қойнауының мемлекеттік қоры
- Мұнай-газ кен орындарын барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі құқықтық қатынастардың ерекшеліктері
- Жер асты суларын, бағалы металдар мен асыл тастарды және басқа да пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі құқықтық қатынастардың ерекшеліктері
- Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
- Төлеушілер, төлеу тәртібі, пайдалы қазбалардың құнын айқындау
Негізгі әдебиет
- Баймаханова Г.А., Сафронова И.П. Основы недропользования. Алматы: КазНТУ. 2007 г. – 93 с.
- Шумилин М.В., Алискеров В.А., Денисов М.Н. Заверткин В.А. Бизнес в ресурсодобывающих отраслях: Справочник. – М., ООО «Недра-Бизнесцентр», 2011. – 268 с.
- Кодекс о недрах и недропользовании Республики Казахстан, 2017.
Қосымша әдебиеттер
- Стратегия Казахстан – 2050. Астана, 2014.
- Сборник нормативно-правовых актов Республики Казахстан в области недропользования / ред. совет: Е. М. Есимханов, Е. Т. Еркебуланов, Л. М. Махметова и др.; авт. идеи Т. Г. Байгабулов. – Алматы : Раритет, 2011. – 568 с.
- Конституция Республики Казахстан. Алматы. 1995.
- Сборник нормативно-правовых актов Республики Казахстан в области недропользования / ред. совет: Е. М. Есимханов, Е. Т. Еркебуланов, Л. М. Махметова и др.; авт. идеи Т. Г. Байгабулов. – Алматы : Раритет, 2011. – 568 с.
- Концепция развития геологической отрасли Республики Казахстан до 20130 года. – Астана, 2014.