Геотектоника және металлогения

Амренова Арайлым Жанболатовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: "Геотектоника және металлогения" курсын оқып үйрену студенттерді негізгі терминдермен, ұғымдармен, жер қыртысының, литосфераның құрылысымен, тектоносферамен және де металлогениялық құрылымдармен таныстыруды қарастырады. Кен орындарының белгілі геотектоникалық циклдармен және кезеңдермен байланысы зерттеледі.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Қазақстанның геологиясы және минералдық ресурстары

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Жер қыртысының жоғарғы қабықтарының және Жердің жалпы алғанда құрылысы, олардың даму тарихы, пайдалы қазба кенорындарды неғұрлым нәтижелі және тиімді болжауға мүмкіндік беретін классикалық геотектоникалық гипотезалар және жаңа теориялық түсініктер мен ғылыми идеялар туралы білім беру курстың мақсаты болып табылады
Міндет
  • Құрылымдардың қалыптасу жағдайларының реттілігі мен уақытын белгілеу геотектониканың міндеті болып табылады; ол сондай-ақ, басқа да геология салалардың зерттеулеріне негіз береді - стратиграфия, петрология, гидрогеология, геофизика және т. б.; болжау, іздеу, барлау, пайдалы қазбаларды пайдалану және инженерлік-геологиялық ізденістер кезінде оны білу қажет
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Білуі тиіс: жер қыртысы және Жердің неғұрлым терең қабықтары туралы қазіргі заманғы түсініктерді; тектоносфераның негізгі құрылымдық элементтерін және оның бас қозғалтқыш механизмін; құрлықтар мен мұхиттардың геодинамикалық жаралу процестерді, олардың негізгі тектоникалық элементтерді. Түсіну: тау-кен аудандардың болжамдық-минерагениялық бағалау үшін тектоникалық негізді құру мақсатпен тектоникалық қозғалыстардың талдау әдістемені, карталарда және қималарда геологиялық құрылымдардың бейнелерді
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Геотектоникалық талдау бойынша білімді қолдану және түсінуі әртүрлі пайдалы қазбаларға перспективті нақты аумақтар мен кенді құрылымдарды геотектоникалық және металлогениялық аудандастыру кезінде пайдаланылануға болады
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Студенттерде әр гипотезаның оң қасиеттері, оның ұтымдылық, сондай-ақ оларды ғылыми тұрғыдан және нақты материалдармен негіздеудегі кемшіліктер туралы жеке пайымдаулар қалыптасады. Қазіргі уақытта әлемдік деңгейде жаңа глобалды тектоника прогрессивті болып табылады
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Студенттердің коммуникативті дағдылар қазіргі заманғы Қазақстан Үлкен Алтай, Орта Азия және басқа да тектоникалық карталар ұжымдық талдау бойынша пайда болады және диплом жұмыстары мен жобаларын дайындауға пайдаланылады.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Алынған дағдылар тектоникалық және палеотектоникалық карталармен, геологиялық-геофизикалық және басқа да деректердің кешеннің негізінде геодинамикалық жағдайларды анықтау бойынша әдістерді меңгеруге, палео - және қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстардың талдау әдістерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді
Оқыту әдістері

- Интерактивті дәрістер (талқылаулар және слайд-шоу, фильмдер, YouTube және басқа да әлеуметтік желілерден дәрістер);

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг тест 0-100
2  рейтинг тест 0-100
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Тақырып 1
  • Тақырып 2
  • Тақырып 3
  • Тақырып 4
  • Тақырып 5
  • Тақырып 6
  • Тақырып 7
  • Тақырып 8
  • Тақырып 9
  • Тақырып 10
  • Тақырып 11
  • Тақырып 12
  • Тақырып 13
  • Тақырып 14
  • Тақырып 15
Негізгі әдебиет
  • Короновский Н.В, Демина Л.И Магматизм как индикатор геодинамических обстановок. — Книжный дом "Университет" Москва, 2011. — С. 232.
  • Лобковский Л.И., Никишин А.М., Хаин В.Е. Современные проблемы геотектоники и геодинамики. М.: Научный мир, 2014. 611 с.
  • Хаин В.Е. Общая геотектоника. – М: Недра, 2013.-512 с.
  • Байбатша Ә.Б. Геология негіздері. (Геологиялық пәндер): оқулық.-Алматы: ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы,2015. – 560 б.
  • Байбатша Ә.Б.Жалпы геология (Жер динамикасы): Оқулық.Алматы: ҚазҰТУ. -364 б
Қосымша әдебиеттер
  • Пущаровский Ю.М. Избранные труды. Тектоника Земли, т.1 Тектоника и геодинамика. – М.: Наука, 2015.
  • Хаин В.Е., Ломизе М.Г. Геотектоника с основами геодинамики: Учебник.- М.: Изд-во МГУ,